«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі атты ашық оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі атты ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегінің мазмұнын естеріне түсіре отырып тілдерін дамыту .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бағалауға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сакеева Бакытжан Тлегеновна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №46 «Балбұлақ» балабақшасы МКҚК


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі саусақ театры бойынша

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын естеріне түсіре отырып тілдерін дамыту .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бағалауға дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Ана тілімізді құрметтеуге,сөздік қорларын молайтып,тіл мәдениетін жетілдіре отырып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс:Қасқыр-волк,ешкі-коза,лақтар-козлята.Ертегі-сказка.

Көрнекілігі: Қасқыр мен ешкі, лақтар бейнеленген маскалар мен суреттер


Іс-әрекет

кезеңдері



Мұғалімнің іс – әрекеті

Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық




1.Балалармен амандасу:

-Балалар бізге қонақ келіпті, алдымен амандасып алайық.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.





Барлығы бірге қайталайды


Ұйымдастыру-

іздестіру













-Кәне балалар енді қолымыздан ұстап жүректен шыққан лебізімізді айтайық.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнайыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық сыйлаймыз.

-Жүректен шыққан жылы лебіздер арқылы біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.


-Балалар қараңдаршы тобымызда ертегілер бұрышы бар екен.Бұл бұрышта не көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Балалар біз бұл кітаптарға көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту сабақтарында жеке-жеке тоқталамыз.

-Айтыңдаршы балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.


Мынау қай ертегі бүгінгі тоқталатын ертегі осы «Қасқыр мен жеті лақ»

Балалар қалаған ролдерін өздері бөлісіп алады.


Ерте,ерте ертегі,

Ертегі сыр шертеді.

Ерте,ерте ертеде,

Ешкі жүні бөрте екен.

Ертегіні бастайық,

Қиялдап бір тастайық.


Тәрбиешінің көмегімен сөйлемдерді толық айта отырып , бір-бірлеріне көмектесу бойынша ертегіні мазмұндап шығады.




Қолдарынан ұстап барлығы бірге айтады












Ертегі кітаптар.Ертегі кейіпкерлерінің маскалары мен суреттер.







Мақта қыз бен мысық,Жеті лақ,Қасқыр мен түлкі,әтеш . Шалқан. т.б.










Мазмұндап айтып шығады.


Рефлексивті-

түзетушілік





Жарайсыңдар балалар ,мадақтау барлығын





Қорытынды жасау.

Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегі желісі бойынша қай кейіпкер ұнады?

Жағымсыз кейіпкер кім?

Сөйлемдерді толық айтқан, мазмұны бойынша жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтап айты өту.


Балалардың жауаптары.


Лақ еңбекқор,адал,мейірімді.


Қасқыр: қатыгез,зұлым


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

Балалар ертегіні мазмұндап айта біледі.

Қандай түсінік игерді:

Балалар кейіпкерлер туралы түсінікті игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалар ертегінің мазмұны бойынша рөлдерге бөліп айта білуге дағдыланады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.04.2021
668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі