400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қасында үлкендер болмаған жағдайда өзіңді қалай басқарасың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға және балаларға кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қасыңда үлкендер болмаған жағдайда өзіңді қалай басқарасың»
(түсіндірме жұмыс)

Құрметті ата-ана!

Бала - өмірдегі ең басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз! Сол себепті, баланың өмір қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау - ата-ананың басты парызы. Бүгінгі таңда ата-ананың жұмысбастылығына байланысты кейбір балалар үйде жалғыз болады. Қандай жағдай болмасын, баламен еркін, кез келген тақырыпта әңгімелесіп, сөйлесу қажеттілігі - бүгінгі заманның басты талабы. Сол себепті, ата-аналар назарына төмендегі қарапайым ережелерді ұсына отырып, оларды назарға алу қажеттігін ескертеміз:

1. Үй жағдайында газ, электр, су крандары, есік, терезе қаупін балаға үнемі ескертіп, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы әрекеттерді айту.

2. Баланы қорқытпаңыз, оның еркін өсуіне мүмкіндік беріңіз.

3. Балаға өмірдің әр қилы екендігін, онда кездесуі мүмкін төтенше жағдайлар жайында айтыңыз.

4. Қауіпсіздік ережелерін қызықты түрде түсіндіріңіз, баланың есінде сақталғанына мән беріңіз.

5. Нақты жағдайларды талдаңыз: егер өрт болса, бейтаныс адам шақырса, көшеде ит кездессе, т.с.с.

6. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз.

7. Балаға көрнекті жерге жедел көмек орталықтарының байланыс телефондарын іліп қойыңыз және онымен хабарласуды үйретіңіз.

8. Балаңыздың ұялы телефон қолдану дағдысына мән беріңіз және телефонның қуатталуын қадағалаңыз.

9. Балаңыздың төтенше жағдайға дайындығын тексеріңіз.

10. Баланың физикалық мүмкіндігін жетілдіріңіз.

11. Үйдегі терезе, есік, үстел, стол, теледидар сияқты қауіп төндіретін заттардың орнықтылығына мән беріңіз.

12. Барлық әрекетті орынды орындау қажеттігін өзіңізден бастаңыз, өйткені бала ересектердің әрекетін қайталайтындығын

есте сақтаңыз.

13. Ата-ананың міндеті - баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету екендігін ұмытпаңыздар!





WhatsApp Image 2021-03-18 at 18.43.06 (1).jpeg WhatsApp Image 2021-03-18 at 18.43.05 (2).jpeg










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.02.2023
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі