400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан оқу бойынша ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқыту кезінде қосымша білім беру ұйымдарында пайдаланатын пәндер.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАШЫҚТАН ОҚЫҒАН ОҚУШЫДА СЕНІМДІЛІК ПАЙДА БОЛАДЫ


Білім беру жүйесіндегі өзгерістер оқушыларға жан –жақты әсер етуде. Оқыту процесіне енгізілген жаңа әдістердің бірі - қашықтан оқыту әдісі. Қашықтан оқу – қолайлы уақытта, кез келген жерде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен білім алу. Заман талабы сондай.

Оқушылар қашықтан білім беру жүйесіне біршама үйренді. Бұл әдістің пайдасы: мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қамтамасыз етеді, ата-аналардың жаңа технологияға көзқарасын өзгертеді. Жаңа білім беру әдісі ауылдық жерлердің жылдам интернет желісіне қосылуына қозғау салды. Қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр.

Мектептермен қатар қосымша білім беру мекемелерінде үйірме сабақтарды қашықтан оқытудың қиындығы жоқ. Шет тілі үйірмесін қашықтан оқу кезінде оқушы өз бетімен ізденіп-ақ (сөздіктерді пайдаланып, газет- журналдардан мақалалар аударып), жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Ол үшін көп уақытын сөздікпен мәтін аударуға жұмсаған тиімді. Оқу қызықты өткізу үшін арнайы бағдарламалар арқылы кері байланыс орнатып, ойындар құрастыруға болады. Мысалы, бинго, жылдам тест ойындарын арнайы программаға салсаңыз, оқушы өз бетімен орындап, нәтижесін жылдам көре алады. Шет тілі үйірмесін қашықтан оқыту кезінде сабаққа қатысты қысқаметражды киноларды да ескерген жөн. Ол оқушының еркін сөйлеуіне оң әсер етеді.

Өз бетінше тіл үйренген оқушыда сенімділік пайда болып, одан әрі ақпарат алсам деп ынталанады. Ақпарат қызықты болса, ол оны әрі қарай білуге, меңгеруге асығады. Аталмыш үйірмеде тек шет тіліне қатысты материалдар қамтылмайды. Шет тілі үйірмесі арнайы бағытта оқытылып, қосымша ақпараттар айтылады. Қашықтан білім беру жүйесі арқылы шет тілі үйірмесіне қатысқан оқушылар компьютерлік техниканың қыр-сырын еркін, жылдам меңгереді.

Қай оқу жүйесін алсақ та, оқытушы көп күш-жігер, энергия, уақыт жұмсайды. Оқу жоспарын қашықтан оқуға бейімдеп, жаңа білім алу жолдарын іздестіретіні анық. Сонда ғана озық, өзіне сенімді, білімді оқушы қалыптасады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Педагогика. Қоянбаев Ж.Б. Алматы., 1999 жыл

  2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. Алматы. Мектеп, 1987 жыл.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі