400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтан оқыту – заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды. Сондықтан, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеріп, дұрыс бағалау мақсатында мектеп директорларының нақты жұмысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтан оқыту – заман талабы

Білім беру орындарында қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов айтқандай, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты білім беру бөлімінің басшысы Нұржан Тоқтабай ұлының тікелей басшылығымен әрі ұйымдастыруымен бұл бағытта ұтқыр шаралар іске асырылуда. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, мұғалімдер мен оқушылардың қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және оқыту нәтижелерін сапалық деңгейге көтеріп, дұрыс бағалау мақсатында мектеп директорларымен нақты жұмыс жүргізілуде.

Төртінші тоқсанның басталмас бұрын мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларындағы оқушыларға мектеп тарапынан уақытша қолдануға дербес компьютерлер берілді, оған қосымша флеш-карта, роутерлер таратылды. Мектеп мұғалімдері де бей –жай қарап отыра алмады. Сондай-ақ өз телефондарын (ескі телефон,іске жарамды) қолдануға берді.

Онлайн сабақ мұғалімдердің де, оқушылардың да жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Шәкірттер қашықтық сабақ барысында бекітілген кесте бойынша оқуды жалғастырып жатыр, айырмашылығы – сабақтар қашықтық немесе онлайн режимде жүргізіледі.

Біздің білім ордамызда мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс ретінде негізінен Күнделік.кз., Bilimland платформалары және кері байланыс ретінде Whats App мессенджері де қолданылады. Сынып жетекшісімен оқушылар қашықтықтан Zoom платформалары арқылы онлайн режимде жүздеседі.

Оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, осы платформалардан мұғалімдер кідіріссіз онлайн оқыту режимінде сабақ беріп жатыр. 10-15 минуттық сабақ барысында олар жаңа тақырыпты тыңдап, талқылайды, практикалық тапсырмаларды орындайды, пікір алмасып, жауап береді, жазбаша жұмыстарын жібереді. Мұндай формат сабақ сапасын да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі шәкірттің де, мұғалімнің де жауапкершілігін арттырады.Сандық оқу контентін дайындау, білім алушылардың жетістіктерін қадағалау, оқушылармен тұрақты коллаборация жасау, сандық және кәсіби дағдыларды жетілдіру – сабақ берудегі негізгі бағдарлар болмақ. Бұл бағытта мұғалімнің рөлі мен қызметіне, кәсіби шеберлігіне талаптар күшейді. Олар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» сыныпты біліктілігімен, іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс. Бүгінгі күні сынып жетекшілер бекітілген сыныпты қашықтықтан және онлайн-режимде басқарып, оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста. Әр әдістемелік бірлестік мұғалімдері өз ұйымдастыру шеберлігін көрсетіп, сабаққа қызықты, мазмұнды тапсырмалар дайындап, оқушылардың білімін объективті бағалап, алған бағаларын қойып, кері байланысты уақытында беріп отыруға тырысып жатыр. Бұның бәрі мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер.

Мұғалімдер оқу тапсырмалары мен оларға сілтемелерді алдын ала дайындап қояды. Ал, бейне контенттер оқушылар үшін қолжетімді. Zoom және т. б. бағдарламалары арқылы тақырып зерделенеді, сол арқылы сыныппен «жанды» қарым-қатынас, байланыс орнатылады. Бұдан басқа нұсқаларда оқушы пән бойынша мәтіндерді оқулықтан оқып, оффлайн орындайтын практикалық тапсырмаларды жұмыс дәптеріне жазып, фотосын мұғалімге жібереді немесе онлайн-сабақ барысында тікелей жауап береді. Мектеп әкімшілігі мен педагог ұжымының жиналыстары да онлайн форматта апта сайын жүргізіліп тұрады.

Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан және онлайн-оқыту жүйелері мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты білім беру үрдісін қамтамасыз етеді.


Зулкакова Баян Тулегеновна

№ 1 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі,

оқу ісі жөніндегі директор орынбасары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі