Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқыту технологиясының маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтан оқыту технологиясының маңызы

Соңғы 10 – 15 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

 


І. Қашықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

1.1. Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері

Қашықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

        1. Дидактикалық жүйе;

        2. Технологиялық жүйе;

        3. Қамтамасыз ету жүйелері.  

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

  1. Ақпараттық-рецептивті;

  2. Репродуктивті;

  3. Мәселелік мазмұндау;

  4. Әвристикалық;

  5. Зерттеу; 

1.2. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары


Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс – технология – оқытушы дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс – технология арналған материалдар түрлері мыналар:

  1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені  (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге

  2. Жұмыс дәптері.

  3. Анықтама.

  4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

  5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

  • курстың терминдер  мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

  • пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің  бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

  • кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.

  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.

  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).

  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.

  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

 Желілік – технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік

арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік – технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану;

  • Әлектрондық поштаны пайдалану;

  • Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

  • Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс.

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз  бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық  технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


1.3. ҚР кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қышықтық нысаны бойынша оқытуды

ұйымдастыру ережесі


Жалпы ережелер.


  1. Осы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары, қосымша кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтық нысаны бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесі Қазақстан Республикасы Президентінің  2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген.

  2. Қашықтықтықтан оқыту (қашықтықтыққа арналған оқыту) - оқытудың әлектрондық және телекоммуникациялық  құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі  басшылықтың  бір түрі. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

  • тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жумысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;

  • контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;

  • тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.

  1. Қашықтықтан оқыту:

  • ақпараттық-коммуникациялық және қашықтықтықтан оқыту технологияларын іске асыруға арналған материалдық-техникалық жағдайлар;

  • әлектрондық тасымалдағыштарға арналған  мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының контенті (мазмұны);

  • білім беру процесі субъектілерінің мүмкіндікті өзара іс-қимылына дайындалған кадрлық құрамы бар болған кезде білім беру қызметіне лицензиялары бар білім беру ұйымдары іске асырылуы мүмкін.

  1. Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:

  • желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, Интернетті пайдаланатын университеттер);

  • кейс-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту;

  • ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтықтан оқыту.

  1. Қашықтықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін (күндізгі және қашықтықтықтан оқыту, сырттай және қашықтықтықтан оқыту, кешкі және қашықтықтықтан оқыту, әкстернат және қашықтықтықтан).

  2. Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен қызметкерлері қашықтықтықтан оқыту жүйесінің субъектілері  болып табылады. 


Қашықтық нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру.


  1. Қашықтықтан  оқыту  технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

  1. оқытуды даралау;

  2. оқытудың тиімділігін  (сапасын) арттыру;

  3. дәстүрлі оқыту нысаны  қолайсыз болып табылатын тұлғалар үшін        білім беру қызметін ұсыну болып табылады.

  1. Білім  беру   ұйымдарында  қашықтықтан  оқыту  жүйесін  ұйымдастыру және дұрыс қызмет етуі үшін  мынадай функцияларды орындау қажет:

  1. оқу курстарын қолдау;

  2. білім алушыларға  оқу материалдарын  жеткізу;

  3. кеңестер беру;

  4. білім алушылармен  кері байланысты ұйымдастыру;

  5. білім алушылардың  білімдерін бақылау.

  1. Білім беру  ұйымдарында:

  1. білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және оқу-әкімшілік ақпараттарынан тұратын  беттері бар білім беру Интернет-порталының;

  2. телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың;

  3. әртүрлі терминалдардың: мультимедиялық сыныптардың, әлектрондық оқу залдарының;

  4. CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің ( жеке меншік және/ немесе сатылып алынған);

  5. желілік оқу мультимедиа контентінің  (жеке меншік және сатылып алынатын);

  6. тестілеу кешендерінің;

  7. тиісті дайындықтан өткен профессор-оқытушы, оқу-көмекші және техникалық персоналдардың;

  8. жеке меншік контентін (локалдық және желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының;

  9. желілік тестілеу кешендерінің;

  10. оқытуды  басқарудың желілік  жүйелері (Learning Management Systems - LMS);

  11. оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems- LCMS) бар болуы қашықтықтықтан оқыту нысаны кезінде оқу процесін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады. 

  1. Қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орындарында қашықтықтықтан оқытудың  жетекшісі басқаратын және өзінің құрамында  мынадай міндетті қызметтері арнайы құрылым (факультет, орталық, бөлім және басқа) құрылады:

  1. оқу процесін ұйымдастыру және басқару;

  2. қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдарын әзірлеу;

  3. ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару қызметі қашықтықтық нысаны бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады,  қашықтықтықтан оқытумен байланысты құжаттамаларды жүргізеді, қашықтықтықтан оқыту орталықтарының қызметін бақылайды, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыру мен сертификаттауды ұйымдастырады.

  2. Қашықтықтан оқытудың  дидактикалық тәсілдерін әзірлеу қызметі қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық оқулықтарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдар мен басқа да әдістемелік құралдарды әзірлеуді, сатып алуды және игеруді жүзеге асырады,  тестілеу жүйелері  мен білімді бақылаудың басқа да құралдарын,  қашықтықтықтан оқытуға арналған ақпараттық ресурстарды қолданудың әдістерін әзірлейді.

  3. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету қызметі қашықтықтықтан оқытудың  бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлейді, игереді және оларды пайдалануды қолдайды.

  4. Оқу процесі базалық жоғары оқу орнының басшысы бекіткен  қашықтықтықтан оқытудың оқу жұмыс жоспарының негізінде ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес  үлгілік оқу жоспарларының негізінде жасалады. Жоғары оқу орны білім беру процесінде кезінде қашықтықтықтан оқытудың таңдаған технологияларына сәйкес  келетін оқу сабақтарын өткізу түрлерін  пайдаланады.

  5. Жеке оқу жоспарына сәйкес жылдар мен семестрлер бойынша пәндерді бөлуді өзгертуге  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес келетін таңдаған мамандықтары бойынша пәндер тізбесінің шеңберінде мүмкіндік беріледі.

  6. Қашықтықтан оқытудың толық курсы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес  білім беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген мамандықтардан басқа барлық  бағыттар (мамандықтар) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

  7. Тиісті бейін бойынша кәсіптік орта білімі немесе түрлі  деңгейдегі кәсіптік жоғары білімі бар тұлғалар қашықтықтан оқыту бойынша жеделдетілген оқу мерзімінің қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік жоғары білім алуы мүмкін.

  8. Білім беру бағдарламаларын жеделдетілген мерзімде толық көлемде меңгеру қашықтықтан оқытудың базалық жоғары оқу орнының басшылары бекіткен тиісті оқу жұмыс жоспарлары бойынша  жүргізіледі.

  9. Жеке оқу жоспарын білім алушы жасайды,  жоғары оқу орны белгілеген тәртіппен қашықтықтан оқытудың жетекшісімен келісіледі және бекітіледі.

  10. Қашықтықтан оқыту нысанына түсуші тұлғалар үшін білім беру ұйымдары оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде кіріспе курстарын өткізеді.

  11. Білім беру ұйымдарында оқу жылы Білім және ғылым министрлігі белгілеген оқу  мерзімдеріне сәйкес басталады, саны мен ұзақтығын жоғары оқу орны өз бетінше  белгілейтін   академиялық кезеңдерден тұрады. Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша білім алушылар  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру-кәсіптік бағдарламаларының мазмұнын толық меңгеруі тиіс.

  12. Базалық жоғары оқу орны  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін  қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.

  13. Білім беру ұйымы қашықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда  қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар   болмаған жағдайда  білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.

  14. Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына  өткізу мүмкіндігі  кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін  коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.

  15. Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны  күніне 3 сағаттық жұмыс және  2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.

  16. Білім беру ұйымы білім алушылардың  мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың  өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік  көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).

  17. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі  бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:

  1. жеке күндізгі  (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);

  2. жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон,  e-mail, чат, форум бойынша);

  3. топпен қашықтықтықтан (чат арқылы,  Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).

  1. Қашықтықтан оқытудың нысандары:  бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер);  компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.

  2. Телеконференцялар   өкізу   үшін   білім беру ұйымының  жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.

  3. Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.

  4. Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген,  кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

Білім алушылар  практиканы виртуалды зертханаларда,  кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді.  Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ  жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар  кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде  ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен  практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан  жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде  бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.

  1. Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.

  2. Жоғары оқу орны білім берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің көмегімен білім алушылардың біртума немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық жеке істерін барлық білім алушылардың оқу процесінің қорытындысын есепке алу мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.

Қашықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары.

  1. Білім алушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын  білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша  әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.

  2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды  үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген,  бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша  курсты әзірлеуші  жүзеге асырады.

  3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені  міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек. Міндетті комплект мыналардан:

  1. үлгілік оқу бағдарламасынан;

  2. оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі,  қашықтық кеңестерін өткізу кестесі);

  3. лекциялардың  әлектрондық курсынан;

  4. практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;

  5. зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);

  6. студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

  7. рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан  (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);

  8. қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.

Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.

Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік  бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үш

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.02.2021
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12