Қашықтан оқыту-заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан оқыту-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқыту туралы ақпарат берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қашықтан оқыту – заман талабы


Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн(синхронды) режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн (асинхронды) режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қазақстандағы пандемия жағдайында еліміздің мектеп оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшті. Әрине мұндай жағдай ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге оңай болған жоқ. Мектепке баланы жіберіп, мұғалімге сенім артқан ата-аналар жауапкершілікті толыққанды сезінді. Оқу үрдісін қалыпты ұйымдастыру барысында, яғни оқушы күнде мектепке барып, мұғалімнің алдын көріп білім алу жағдайында көп ата-ана оқу үрдісінен шет қалып отыратын. Олар бұл жағдайда негізгі жауапкершілік ұстаздарда деп ойлайтын. Ал, қашықтан оқыту барысында ата-анаөз ұрпағының өз бетінше білім алуына тікелей жауапты екенін түсінді. Бұл жағдай ата-анаға да, оқушыға да үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Ендеше осы қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.


Артықшылықтары:

  1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

Қашықтан оқытылатын оқушы материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады.

  1. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Оқушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы жақсы нәтиже көрсету

  1. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқушылар үйден шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын мектепке бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы.

  1. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.

  1. Мобильділік

Мұғалімдермен байланыс синхронды және асинхронды жолдармен өткізіледі.

Қанша артықшылықтарын келтірсек те, қашықтан оқытудың кемшіліктері де жоқ емес




Кемшіліктері:

  1. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алушы оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

2. Қашықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 

Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың бір-бірімен және мұғалімдермен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды. 

3. Практикалық білімнің болмауы

Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.

4. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, мұғалімдер құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.

5. Шалғай өңірлердің қашықтығы

Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.

  Қазіргі кезде Қазақстан оқушылары қашықтан білім алуда, бұл оқыту түрі дарынды, ізденімпаз оқушы үшін тиімді болса, ал үлгерімі мен жауапкершілігі төмен оқушы үшін біршама қиынға соғары сөзсіз...




Алмат облысы Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі А. Курманбаева










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2020
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі