Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтан оқыту-заман талабы (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қашықтықтан білім-заман талабы


Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

207 «Жаңатұрмыс» орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Баян Нұрланова


Аннотация


Мақалада қазіргі оқытудағы өзгерістер айтылады. Қашықтан оқытудың ауылдық жерлердегі негізгі мәселелері сөз болады.Ондағы қашықтан оқытуда кездесетін қиындықтар мен артықшылықтар сөз болады.


«Елу жылда –ел жаңа»- деп қазақ халқы заман ағымындағы өзгерістерге қатысты жақсы ой түйген. Еліміздегі орын алған төтенше жағдай- білім саласына да өзгеріс енгізіп, бұрынғы дәстүрлі оқыту қалпымыздан жаңа формат қашықтан оқу қажеттілігін туындатты. Әрине бұл қоғам жүгін көтерген ұстаздар қауымына да сәйкесінше жаңа мақсат пен міндеттерді орындау жауапкершілігін жүктеді.

Қашықтан оқытудың тарихына үңілсек Европа мемлекеттерінде XYIII ғасырда қолданысқа енген яғни оқытушының почта арқылы жіберілген тапсырмасын студенттер кітапхалардан ізденіп, орындап қайта почта арқылы салып отырған.Бертін келе компьютер мен интернеттің жылдамдығы жаңа форматтың тез жетілуіне және жылдам таралуына ықпал етті.

Қашықтан оқыту-білім алушы мен педагог қызметкердің ақпараттық-коммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтан оқыту технологиясын қолданып білім берудегі мұғалімнің мақсаты: сапалы білім беру,білім қажеттіліктерін еш қандай себептерге қарамастан қамтамасыз ету. Міне қашықтан оқытуды жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министірлігі жаңа форматта білім берудің моделін жасап, мамандармен жасақталған жұмыс топтары құрылып,халықаралық тәжірибелер мен көрші елдер тәжірибесі сараланды.

Қашықтан оқыту оқушы мен мұғалімнің арасында белгілі бір арақашықтықтың бар екенін көрсетеді.Ауыл мектептерінің оқушыларының әлеуметтік жағдайлары мен әлеуметтік желілерді пайдалану дәрежесі қалалық жермен салыстырғанда әлуеті төмен екендігіне қарамастан ауыл оқушылары да сабақтарға қатысып,ұстазы берген тапсырманы орындап,кері байланысқа шығып отырды. Жаңа форматқа төселмеген оқушыға алғашында бұл өзгеріс қиындық тудырғанымен, қиыннан қиыстырар ұстаздар берілген сабақтардың видеожазбаларын слайдтарға ауыстырып, слайдтардың мазмұнын аудиожазбалармен ауыстыру арқылы мақсатқа жету жолдарын қарастырды.




Тәжірибе көрсеткендей қашықтан оқыту оқушыны ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана білуге үйретті, үй тапсырмасына ғана емес ата-ана күнделікті сабақта меңгерілген біліммен танысуға мүмкіндік алды, уақытты тиімді пайдалануға төселді, оқушы өзіне берілген тапсырманы қашан, қай уақытта қайталап көрем десе мүмкіндігі болды. Оқушының қатарластарынан қалып қойдым деген сезімнен арылып, жеке «менінің» қалыптасуына ықпал етті. Тағы бір айта кететін ерекшелігі оқушының тапсырманы орындауға кез-келген жерде мүмкіншілігінің болуы. ONLINE оқытуда мұғаліммен тілдесу жылдамырақ, ал OFFLINE дәстүрлі білім алу нәтижелерінде мұғаліммен керек кезде жылдам кездесу кейде мүмкін болмай жатады.

Десекте күрмеуі шешілмейтін қиын мәселе оқушының кері байланысқа шығу мәдениетінің жетіспеуі және уақыттың шектеулігіне байланысты тапсырманың толық түсіндіруге кедергі келтіретіндігі. Оқушы барлық материалды дербес оқығандықтан бұл- ерік жігер мен жауапкершілікті, ұстамдылықты талап етеді. Оқушылардың қашықтан оқыту кезінде бір-бірімен және мұғалімдермен жеке байланысының аздығынан сыпайылық, сенімділік, топпен жұмыс жасау дағдыларының артта қалуына себепші болуы бек мүмкін..Химия, физика сабақтарындағы лабораториялық жұмыстардың жасалмауы да оқушылардың біліміне кері әсер ететіндігі байқалады. Шалғай аудандарда қашықтан оқытуға ерекшк қажеттіліктер туындайды. Алайда оқуға құштар оқушыда интернет желісіне қосылу мүмкіндігі шектеулі.

Дегенмен ауыл мектептерінің басты мақсаты-барлық сабақтар орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша жүргізіліп, білім беру тетігі сапаға әсер етпеуді ұран етіп алды.

Сондықтан заман талабына ілесіп, жаңа технологиялар арқылы оқытуды өз тәжірибемізден өткізуде әріптестерімді жүрексінбей жүргізіп , оқушы санасына жаңа педагогтың үлгілі бейнесін қалыптастыруға шақырамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12