Қашықтан оқытудың қыры мен сыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтан оқытудың қыры мен сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіс тәсілдерді үйрену
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қашықтан оқытудың қырлары мен сырлары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” барша отандастарымызға арнаған Жолдауында: – Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн, – деп атап көрсеткеніндей, жиырма бірінші ғасырда білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру үшін оқыту бағдарламасын сыни ойлау, өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға және қашықтықтан да білім алуға бағыттау қажет деген.

Қашықтан оқыту дегеніміз – оқушылар мен оқытушының бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Сонымен қатар оқушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары және тағы да басқа) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

Еліміздегі орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, қашықтан оқыту мәселесі туындады. Білім беру саласындағы күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оқытушыға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеліп отыр. Қашықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізуі тиіс.

Қашықтан оқу қағидалары: интерактивтілік қағидасы, бастапқы білім қағидасы, дараландыру қағидасы, сәйкестендіру қағидасы, оқуды регламенттеу қағидасы, жаңа ақпараттық технологияларды педагогикалық мақсатты қолдану қағидасы, оқудың икемділігін және ашықтығын қамтамасыз ету қағидасы. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып оқытушы қашықтан оқытуды сапалы ұйымдастыра алады. Қашықтан оқу ерекшеліктері: оқушының ынтасы, қашықтықтан оқу оқушылардың білім алуға деген жоғары ынтасын қажет етеді, өзін-өзі оқытуға қабылеттілік, қашықтан оқу оқушыға оқу материалының көп бөлігін өз бетімен меңгеруді қажет етеді, оқушының өзін-өзі оқыту дағдыларының жеткіліксіз болуы білім алу сапасына кері ықпал етеді.

Қашықтан оқу артықшылықтары: жеке тұлғаға бағытталған тәсіл және оқу үрдісін дараландыру, оқу сапасының артуы, оқу үдерісінің құрылымдық бөліктерінің аясын кеңейту және шығынын азайту, педагогикалық тәжірибенің сақталуы, оқытушылардың еңбек жүктемесінің төмендеуі. Қашықтан оқу кедергілері: оқытушы оқушы ынтасын үнемі көтеру қажеттілігі, оқушыларды үздіксіз оқуға тарту, эмоционалды шығармашылық атмосфераны құру қиындығы, ұсынылған тапсырмаларды оқушының нақ өзі орындағанына жүз пайыз сенімді бола алмау, сондықтан шынайы және жетілікті бағалау жүргізу үшін арнайы шаралар, әдістер және тағы басқа ойластыруды қажет етеді. Оқытушы тарапынан тұрақты бақылаудың болмауы оқушының оқуға деген уәжінің төмендеуіне әкеледі, оқытушы мен оқушының компьютерлік сауаттылығының жеткіліксіздігі интернет- ресурстардың бар мүмкіндігін пайдалануға шектеу қояды.

Қашықтан оқу сабақтарын құрылымдау және арнайы тапсырмаларды дайындау көп ізденуді қажет етеді, оқытушы онлайн сабаққа қатысып отырған оқушының эмоциясын көре алмауы. Қашықтан оқуға көшудің төрт қадамы бар. Біріншісі – нәтижені басқару, 2-ші қадам бағалауда икемді болу, 3-ші қадам технологияны стратегиялы түрде қолдану, 4-ші қадам инклюзивті оқу ортасын құру. Нәтижені басқару дегеніміз онлайн оқуда оқушы нақты нені мегеру керектігін, нені түсінетінін, оқушыдан оқытушы не күтетінін, оқушылар сабақтың жаңа формасына қаншалықты тез бейімделе алатынын анықтау. Бағалау икемділігі дегеніміз оқу мақсаты өзгерусіз қалады, бірақ бағалау қиынға түседі сондықтан оқушыларға өзінің оқу нәтижесін көрсете алатындай бағалау әдістерін анықтау, оқушылардың жұмыстарын бағалауды жүргізу үдерісін мұқият ойластыру.

Технологияны стратегиялық қолдану дегеніміз -оқушылардың барлығы білетін, жеңіл қолдана алатын арнайы интернет платформаларын пайдалану, жаңа платформаны үйренуге уақыт шығындамау. Инклюзивті оқу ортасын құру дегеніміз әрбір оқушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу ортасын құру, оқытушыға әрбір оқушының қажеттілігін анықтау, барлық оқушыға ыңғайлы интернет ресурстарын таңдай білу, арнайы хабарламалар, мадақтаулар, тапсырмалар, ынталандыру хаттарын жіберу. Бағалауды жүргізу – калыптастырушы бағалау оқушылардың оқу мақсатына қалай жеткенін анықтау, интернеттің ортақ құжаттарын пайдалану, кері байланыс жасау-кері байланыс дер кезінде беріледі, критерийлерге негізделіп беріледі.

Жұмыстың жақсы тұстарын көрсетеді және дәлелмен негізделеді, жұмысты дамыту тұстарына тоқталады, жұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы ұсыныс беріледі, ынталандырады. Онлайн сабақ басталғанда барлық оқушының атын атау маңызды оқушының сабаққа қатысудың маңыздылығын сезеді, кері байланыс келесі сабақты жүйелі, сапалы, тиімді әдіс тәсіл қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда барлық оқытушылар оқушылардың оқу сапасын дамыту мақсатында жоғарыда айтылған барлық қағидаларды ескере отырып бейне сабақтар жазып жатыр.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу, оқу, жазу мен тыңдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді платформалар мен әдістерді пайдаланудың маңыздылығы зор. Ағылшын тілі пәнінен қолдануға болатын тиімді платформалар: «« Plickers», « Padlet», «GoogleForms», «Learning Apps» Бұл платформалардың өзіндік ерекшелігі бар.

Әдіс-тәсілдер оқушы белсенділігін дамытудың негізі. Мен өз іс-тәжірибемде кеңінен қолданылып жүрген әдіс-тәсілдеріммен бөлісейін. Plickers – бұл сабақта оқушылардың білімін жылдам бағалауға арналған ыңғайлы бағдарлама. Барлық оқушылармен сыныпта аз уақыт ішінде сауалнама жүргізуге мүмкіндік бар. Ол үшін мұғалімге тек сыныптағы әр оқушыға және телефоныңызға немесе планшетіңізге басып шығарылған парақшалар ғана қажет болады. Әр оқушының өз карточка нөмірі бар, ол болашақта Plickers жасаған картада көрсетіледі. Әр оқушының жеке картасы болады. QR коды (QR – Quick Response – жылдам жауап) – бұл ұялы телефондағы камера арқылы оны тез тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код (бар-код).

- Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет. Google формы мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы оқушылардан үйде отырып, қашықтықтан сауалнама алуға және де сіздің өткен сабағыңызды қалай түсінгендігін білу үшін, google формыда тест дайындап, оқушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жібереміз. Оқушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы жұмыс жасауға өте тиімді болып табылады.Өздігінен білім алуға арналған ақысыз тиімді платформа.

Learning Apps- интерактивті модульді қолдана отырып оқу процесі мен өздігінен білім алуға арналған ақысыз тиімді платформа.

Padlet онлайн қызметі сіз немесе кез келген адам өз қолтаңбаңызды қалдыра алатын, суретті тіркей алатын, файлды немесе хабарландыруды орналастыра алатын қалалық қабырғаның тікелей сандық ұрпағы болып табылады.

Padlet — бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған көп уақыт жұмсамай және ауыр дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет.

Белгілі бір тақырып бойынша материалдарды ортақ жинау үшін тақтаны пайдалануға болады. Бұл ретте оқушылар барлық сыныпта да, топта да жұмыс істей алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды. Сервис толығымен тегін, орыс тілінде және жасалатын беттер мен қатысушы пайдаланушылардың санына ешқандай шектеулер жоқ. Жұмысты бастау үшін оқытушы Google немесе Facebook-те тіркелу немесе бар аккаунттарды пайдалану қажет.

Қорыта айтқанда қашықтан оқу оқушының өз бетімен іздену дағдыларын арттырып оқытушылардың қоғамдағы алатын орнын анықтап берді, ата-анамен тығыз байланыста болуға олардың әлеуметтік хал-ахуалынан толықтай хабардар болуға септігін тигізді. Әкімшілік тарапынан үздіксіз бақылауда болатындықтан жас мамандарға дер кезінде әдістемелік көмек көрсетіліп отыр. Оқытушылар өз білімін үздіксіз көтеріп, неғұрлым мазмұны сапалы, нәтижелі сабақтар өткізумен қатар ақпараттық технолгияларды тиімді пайдалану жолдарын меңгеруде.



Шанханай негізгі мектебінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Сатқалиева Назия Ильясқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2021
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі