400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру мұғалімдеріне қажет. 6 сыныптық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Ғалымқызы Г. Сабақ жоспар №59


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 бөлім: Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Мектеп: Ақтау қаласы, №23 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Саламатқызы Айгүл

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қашықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Оқу мақсаттары

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақ мақсаттары

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындауға және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынуға және көрсетуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • Физикалық сапасы: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай?

  • Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?

  • Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?

  • Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Пәндік-коммуникативтік жағдаяттар арқылы коммуникативтік дағдыны дамыту.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-5мин


Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

6-24мин

























































25-34мин


(С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату.

Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.

Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, йығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.


( С, Т, ҚБ) Сыныпты топқа бөліп. Әр топ жасанды кедергілерді құрастырып эстафета өткізеді.

Б ілім алушылар басқа команданың құрастырған жасанды кедергілерінен өтеді. Олардың жолдарында қандай кедергілердің болғанын және олардан қалай өткендерін талқылайды.



Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;

  • түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

  • түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсынады және көрсетеді.


Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?


(С, Т, ҚБ) «Жалау» ойыны. Сынып екіге бөлінеді. Команданың міндеті екінші қарсылас жаққа өтіп,

к елесі қарсылас топқа ұсталып қалмай, жалауды өз жағына алып өту. Егер ойыншы ұсталса, орнында қалып қояды, оны қатырып қояды. Оны өз тобының бір ойыншысы қолын тигізу арқылы жібіте алады, жалауды өз жағына қалай алады, ойын солай аяқталады.


Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай біледі;

  • түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

  • Оқу тапсырмасын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Сұраңыз: Түрлі дене жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Түрлі дене жаттығулардың энергетикалық жүйемен байланысы қандай?

Үлкен бос кеңістік.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh






















Үлкен бос кеңістік.

Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар.


Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері:

http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka








Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, жалаушалар.


Қызыл ту ойыны интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fvjVjYN1Oz4


https://www.youtube.com/watch?v=Dt7Uv-nrjtw




Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті барлық білім алушылар таңдай біледі деп жоспарлап отырмын.


Қабілеті жоғары оқушылар арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдауда сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
2379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі