Қашықтықтан білім алу-заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан білім алу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан білім алу қажеттілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1



ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы
бойынша ПҚБА институтында «Қазақстан Республикасында орта білім
мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі
бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру» тақырыбында өз білімімді жетілдіру мақсатында курста оқыдым.
Курс тренері интституттың «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш
оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Н.К.Садирмекова.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында үйренгенімді
қашықтықтан оқытуға тиімді етіп енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Жаңартылған білім беру курсында, оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы
білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, тәжірибе жасау, АКТны қолдану, коммуникативті қарым-қатынас
дағдыларын қалыптастыру, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты
қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін оқыту әдіс- тәсілдерді курс
барысында үйрендім. Яғни оқушы жеңіл тапсырмадан бастап орындағанда
күрделі тапсырмалардың өзін еш қиындықсыз орындай алады. Оқушы өз
мүмкіндігін сезінген сайын оның оқуға деген қызығушылығы арта түседі.
Оқулықтағы әр - түрлі тапсырмалар оқушылардың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады және ғаламтордан өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады.
Курстан үйренгенімізді жұмыс барысында тиімді пайдаланып
жатырмын. Қашықтықтан білім беруде сол курстан алған білімімізді
қолданудамыз. Қашықтықтан білім беру мен үшін еш қиындық туындатқан
жоқ. Курста біз АКТның түрлі мүмкіндіктерін тиімді қолданудыда үйрендік.
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан
Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды


Page 2

ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Бүгінгі күнде әлемнің қай
түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға
мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу
жүйесі», мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу» әр адамның өзіндік
қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне
мүмкіндік беретіні белгілі. VI тоқсан алғаш рет қашықтықтан оқыту
форматына ауыстырылды. Оқушылардың қашықтан білім алуы үшін ата-
аналардың атқарар рөлі өте жоғары. Дәстүрлі мұғалім, оқушы, ата-ана үштігі
тығыз байланыста болып, әр ата-ананың материалдық жағдайын ескере
отырып қолдан келгенше сапалы білім алуды көздей отырып, тиімді интернет
желілері таңдап алынды. Атап айтсақ, оқушылар daryn.online, ok.edus.kz
сайттарынан да тапсырмалар орындап, кері байланыс жасау үшін ең тиімді деп
алынған. Whatssap желілері күнделікті сабақ барысында қолданылады.
Бастапқыда қалыпқа түсіп кеткенше сәтсіздіктер орын алғанымен, бүгінгі күні
түгел дерлік оқушы уақытты тиімді пайдаланып, күнделікті сабағын қалыс
қалдырмайды. Қуантарлығы мектеп ата-аналары заман талабына сай
техниканы үйде отырып балалары арқылы меңгеру үстінде. Бұл да
мектебіміздің төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту барысындағы
өзіндік жетістігі деп білеміз.
Қашықтықтан оқыту барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан
облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИның аға оқытушыларының
онлайн желісі бойынша ұйымдастырған түрлі іс-шараларына қатыса отырып
өзімізге қажетті акпараттарды ала отырдық, атап айтар болсам тренерімнің
ұйымдастыруымен «Google форматында бастауыш сынып оқушыларына
арналған пәндік тесттерді құрастыру» тақырыбында ZOOM платформасы
бойынша әдістемелік кеңес ұйымдастырды. Мақсаты Google форматында
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тесттерді құрастырудың тиімді
жолдарын қарастыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру
болатын. Мен бұл кеңестен өзіме көптеген құнды мәліметтерді ала алдым.
Қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында әр бір оқушының бөлім,
тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін
анықтау үшін Google форматында бастауыш сынып оқушыларына пәндік
тесттерді құрастырудың тиімді екендігіне көз жеткізіп кері байланыс берді.
Алдағы уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында филиалдың ПО,
тренерлеріне осындай іс-шараларды ұйымдастырудың мұғалімдер үшін өте
маңызды екенін айттып, ұсыныс жасады. Қашықтықтан оқыту барысында
мұғалімдерге көптеген іс-шараларды онлайн түрінде ұйымдастырып қолдау
көрсеткендері үшін «Өрлеу» ұжымына алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға
шығармашылық табыс тілеймін!



Түркістан облысы
Ордабасы ауданы
Шұбарсу елді мекені


Page 3

«Достық» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Турсунова Амангуль Айтмурадовна


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.05.2020
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі