Материалдар / Қашықтықтан оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2020
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтан білім беру география сабақтарында

Қостанай облысы Федоров ауданы №2 орта мектебі

КММ география пәнінің мұғалімі Қоңқас Нұргүл Серікқызы


Елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқыту жүйесіне көшіп жатқаны баршамызға белгілі. Әрине бастапқыда, оған біздегі мектептер мен шәкірттер дайын ба? деген сауалдар мазалап, күмән басым болды. Дегенмен қазіргі таңда бұл оқыту жүйесінде де үйреніп қалыптасып кеттік.

Сабақтарымызда қашықтан оқыту жүйесі барысында түрлі платформалар пайдаланып келеміз. Мен география пәні мұғалімі ретінде оқушыларыммен Wһats App желісінде, Daryn online, Kundelik kz, Bilim Land желілерінде жұмыс жасап келеміз. Оқушыларымыз сабақтарға өте белсенді қатысып жоғары деңгейде атсалысып келеді. Аталған желілер оқушыларға да мұғалімдерге де тиімді етіп жасалынған. Мәселен Дарын онлайн платформасы туралы айта кетер болсам, оқушы қалаған тақырыбын табады, видео оқулықпен танысады, тест сұрақтарына жауап береді. Олар оқушы немесе ата-ана баланың тақырыпты қалай түсінетінін көретіндей етіп жасалған. Сіз қателермен жұмыс жасай аласыз, қайтып оралып, бейнені қайта көре алатын мүмкіндігіңіз бар.

Қашықтан білім беру жүйесі мен оқушы алдында тұрып сабақ беруді салыстыру жер мен көктей. Бұл оқыту жүйесінде оқушының өзіндік жұмыс жасау дағдысының қалыптасуына басты назар аударылады. Яғни оқушы өз бетімен ізденіп, берілген тапсырманың шешімін табуда еңбек етеді. Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Біз айтып отырған оқыту жүйесінің де басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады.

Осы ретте география оқушылардың өздігінен ізденуін, дамуын қамтамасыз ететін, өмірге, айналадағы ортаға құштарлығын арттыратын бірден-бір пән. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, жерсерік арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқуларды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әрбір география мұғалімінің міндеті.

Қашықтан оқытудың жақсы да, жаман да жақтары бар. Оның негізгі кемшіліктерінің бірі практикалық білімнің болмауы. Яғни тәжірибелік сабақтардың көп санын қажет ететін қашықтықтан оқыту мамандықтары үшін өте қиын. Тіпті ең қазіргі заманғы технологиялар нақты тәжірибені алмастыра алмайтынын барлығымыз білеміз. Ал артықшылығына келер болсам, ол оқушыда уақыттың көп болуы. Яғни оқушы тапсырмаларды ізденіп,нақтылап қалаған уақытында мұғаліміне жібере алады. Өзінің басқа істермен шұғылдануына уақыт табатын болады.

Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – біздің білімді ұрпағымыз. Ендеше жаңа заманның күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, саналы,рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға дайындау– бүгінгі ұстаздар қауымының ең басты борышы екені баршаға аян. Біздің еліміздің ертеңі болатын біздің алдымызда отырған жасұландар екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Сөз соңында осылай бірлесе жұмыс жасап келе жатқанымызға әрдайым қол ұшын беріп жүрген оқушыларымыздың ата-аналарымызға шексіз алғыс айтамын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!