Қашықтықтан оқыту жағдайда
математика сабағында АКТны қолданудың тиімді
жолдары
Байназарова Гульсин
Ахмедовна
Математика пәні
мұғалімі
Алматы қаласы. №178
мамандандырылған лицей
Қазіргі заман оқу
процессіне қандай жағдай болмасын, түбегейлі өзгерту бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып отыр.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім
туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу» деп атап
көрсеткен.
Бұл кезеңде оқушылар қашықтан оқу арқылы өз
білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану
мүмкіндігі артады. Мысалы керекті видео түсіндірулер, әдебиеттер
мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тесттік тапсырмаларды
орындау, қашықтан олимпиадаға қатысу оқушының шығармашылық
потенциалының дамуына әсер
етеді.
Қашықтықтан
математика пәнін оқытуда АКТны әрбір сабақта тиімді қолдану өз
нәтижелерін беріп келеді.
Қашықтықтан оқыту жағдайда
математика сабағында
АКТны қолданудың тиімді
жолдары тақырыбының өзектілігі
:
Математика сабағында АКТны
тиімді қолдана отырып оқушылардың оқу мотивациясын
арттыру.
Қазіргі білім беру жүйесі әрбір мұғалімнен
ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық
тәжірибелерімен танысуды және оны күнделікті өмірде қолдануды қажет
етеді.
Сондықтан мен ылғи ізденіс үстіндемін.
Сабақтарымда қашықтықтан оқытуды қалай балаға жететіндей етіп және
тиімді қалай жүргізуге болады?-деген сұрақ үстінде жұмыс
жасаймын.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрі
А.Аймағамбетов айтқандай,
«Жаңа режимде жұмыс істеу мұғалімдер мен оқытушылар
үшін де, оқушылар мен студенттер үшін де оңай шаруа емес. Бұл –
отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын.
Мен,
бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді
абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенемін», – дейді
министр өз сөзінде.
Мен қашықтықтан оқыту
технологияларын қолдана отырып, сабақтың кезеңдерін іске асыру
барысында жұмыстың әртүрлі формаларын пайдаланып
келемін.
Бүгінгі күнде әртүрлі
электрондық білім беру платформалары, бағдарламалар басым көпшілігі
тегін қолжетімділікті қамтамасыз етті. Мұғалімдер мен оқушылар
Zoom, Skype, Google meet веб-сайтындағы виртуалды сынып арқылы
бейнеконференцбайланысты пайдалана отырып онлайн оқуды іске асырып
келеді, ақпаратпен тиімдірек алмасу үшін, мұнда әрбір оқушы өзін
қызықтыратын жерін сұрай алады, нақтылай
алады.
Ақпараттық технологияларды
пайдалану сабақтардың тиімділігін, оларды жүзеге асыру процесін,
сонымен қатар өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды және оқу
жетістіктерін бағалауды іске
асырады.
Оқу барысында балалар оқу
ресурсын өз бетінше оқиды, тапсырмаларды орындайды, ал мұғалім оны
тексереді және жеке оқушыға орындалған тапсырмаға міндетті түрде
шолу жасайды.
Математиканы қашықтықтан
оқытуда гипермәтіндік мультимедиялық материалдар жинағы, тест
жүйелері белсенді қолданылады. Қашықтықтан оқытуда әртүрлі
виртуалды конструкторларды қолдануға
болады.
Ал мұндай материалдар бүгінде
мұғалімнің қолында
жеткілікті.
Осы ресурстардың ішінде мен
жиі қолданатын АКТ құралдарына тоқталып
кетсем:
Қашықтықтан оқыту барысында
математика сабағында қолдануға өте қолайлы, жан жақты, сабақ
кезеңдерінің барлығында да қолдануға
болатын Padlet – онлайн
тақтасы.
Padlet — бұл әр оқушыға өз жұмысын
тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған көп уақыт жұмсамай және ауыр
дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге түсініктеме беруге және
бағалауға мүмкіндік беретін
қызмет.
Белгілі бір тақырып бойынша
материалдарды ортақ жинау үшін тақтаны пайдалануға
болады. Бұл ретте оқушылар барлық сыныпта да, топта да
жұмыс істей алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан
жоғалмайды
Сервис толығымен тегін, орыс тілінде және жасалатын беттер мен қатысушы пайдаланушылардың санына ешқандай шектеулер жоқ.
Қашықтықтан сабақты тиімді
өткізудің бір шарты – тапсырмаларды жиі ауыстыру және көп жаттығу
орындау. Оқушылардың үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдауы және
игеруі қиын. Бір тапсырманы ұзақ уақыт орындауы
жалықтырады.
Мұғалім үй тапсырмасын беру
кезінде әртүрлі ақпараттық файлдарды, соның ішінде суреттерді
(фотосуреттер, диаграммалар және т.б.) тіркеуге, мәтіндік немесе
аудио шолулар, ауызша онлайн кеңестер түрінде оқушылардың жұмысына
өзінің пікірін білдіруге мүмкіндігі
бар.
Сабақтың кезеңдері – сабақтың
ортасы және сабақтың соңында қолдануға
тиімді Qalan.kz оқыту
ресурсы.
Qalan.kz оқыту ресурсы
математикадан оқушыларды онлайн оқытуға және мұғалімдердің
оқушыларды бақылап отыруға арналған портал. Оқушылардың жауаптарын
жүйе автоматты түрде тексеріп, мұғалім парақшасында көрсетеді.
Порталда 5,6,7,8,9,10 сыныптарының есептері бар. Ресурс қызметін
пайдалану мұғалімге бақылау блогын пайдалануға мүмкіндік береді,
осылайша тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы бірден баға
алады. Бұл қызметті жаңа тақырыпты түсіндіру үшін де, сабақ
барысында баланың жұмысындағы қателерді түзету үшін де
пайдаланамын.
Қорытынды:
Қазіргі заманғы білім беру
түрлерінің бірі ретінде қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту түрлерімен
қатар білім беру жүйесінде өмір сүріп жатқанын атап өткен
жөн.
Қашықтықтан оқыту барысында
математика пәнін оқыту оқушылардың өзіндік жұмыстарының үлесін
арттыруға және ақпаратты іздеу, талдау және жалпылау қабілеттерін
белсендіруге және дамытуға мүмкіндік
ашты. Дегенмен, оны қолдану оң
нәтиже берді.
Ежелгі грек материалисі,
философ Демокрит айтқандай: «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің
арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол
ізденімпаз ұстаздардың ісі өрге домалап, еңбектері жана
берсін!