Қашықтықтан оқыту және білім берудегі жаңа технологиялар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қашықтықтан оқыту және білім берудегі жаңа технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы» деген анықтамаға тоқталдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С.Токенова

Қашықтықтан оқыту және білім берудегі жаңа технологиялар

Семей қаласы КММ «№7 орта білім беретін мектеп-лицейі»



Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту. 

Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Технология – ғылымның практикалық қолданылуы. Қазіргі заманда дүниежүзінің негізі технология. Ол адамның сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жеткен үлкен жетістігі. Яғни ғылым, прогресс болып табылады. Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолдануда, сондықтан қашықтан оқыту маңызды рөл атқарады.

«Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы» деген анықтамаға тоқталдым.

Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтан оқыту мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға көзқарастарын өзгертеді.

Қашықтан оқыту формасының соңғы үш компоненті қолданыстағы технолгиялық негіздерге (мысалы, тек компьютерлік телекоммуникацияға, баспа құралымен, компакт-дискімен, кейс-технологиямен жабыдықталған компьютерлік телекоммуникацияға) қарай айрықшаланған.



Қашықтан оқытудың дидактикалық принциптері де (ғылымилық, жүйлеік және жүйелілік, белесенділік принциптері, дамыта оқыту, көрнекілік, оқытудың дифрененциалдығы мен жекелей оқыту принциптері т.с.с) күндізгі оқуыдағыдай. Бірақ, Интернеттің ақпараттық ортасының және оның қызметінің мүмкідіктеріне байланысты, қашықтан білім беруді жүзеге асыру ерекше болады. Осылайша, бір жағынан қашықтан оқытуды жалпы білім беру арасында (үздіксіз білім беру жүйесінде), оның кейбір жақтарының ерекшеліктерін ескере отырып қарастыру керек. Қашықтан оқыту – процесс. Қашықтан оқу – жүйе.

Музыка сабақтарында да қашықтан оқыту тиімді пайдалануға мүмкіндік бар.Оқушыларға әр түрлі әндердің мелодиясын тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған әндерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.Қашықтан оқыту арқылы түрлі презентациялар,композиторлардың суреттерін, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) .Оқушылар материалды өз бетінше зерделеуге мұқият болулары керек, бақылау олардың онлайн тапсырмаларын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Оқу платформалары: BilimLand, Daryn.Online, Opiq және т.б .Материалды игеру сапасы білім мазмұны бар платформаға байланысты. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т.б. үнемі бақылау қажет. Танымал болған мессенджерді (Whatsapp , telegram және т.б). Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

  • Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану;

  • Интерактивті әрекеттесу формалары;

  • Сапалы білім алу;

  • Уақытты үнемдеу;

  • Ыңғайлы уақытта оқу;

  • Территориялық шектеулер жоқ;

  • Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ.

         Бұл оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін бередіБұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды, тәрбиеге қатысты жұмыстарды  ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтықтан оқыту технологиясы – оқушы дайындау мен олардың біліктілігін әрі қарай тереңдете арттыру бағытындағы осы заманның ең әсерлі де тиімді жүйесі болып табылады және болашақта алатын орны орасан екені даусыз.



 Қашықтықтан  оқыту  кеңестері  пәнді  өз  бетімен  оқып  үйренуде 
білім  алушыларға  жетекшілік  жұмысын  жасау  және  оларға көмек көрсету 
түрлерінің  бірі  болып  табылады.  
Телефон  және  электронды  пошта, 
сонымен бірге телеконференциялар қолданылады. 




Қашықтықтан оқытуды күрделі процесс деп санамауымыз қажет, қазіргі білім беру ресурстарының болуы материалды зерттеуді ұйымдастыруда және оның дамуын бақылауда мұғалімнің міндеттерін жеңілдетуге арналған. Тек дұрыс материалды таңдап, оқушылармен байланысын жоғалтпау өте маңызды, үнемі сізбен бірге екендігіңізді және сабақ беру сіздің ортақ міндетіңіз екенін айқындап отырыңыз.Музыка сабағының ресурстары  өнер сабағы үшін қажетті белгілі бір эмоциялық кеңістікті жасауға мүмкіндік тудырады. Музыка сабағын сәтті өткізу сапасы мен заманауи дайындығына және ресурстарды тиімді қолдана білуге байланысты. Түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2021
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі