Материалдар / Қашықтықтан оқыту кезінде 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік-жағдайын жасау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқыту кезінде 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік-жағдайын жасау.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Қашықтық білім туралы түсінік: Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2021
246
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Түркістан облысы,Мақтаарал ауданы,Иіржар ауылдық округі, №10 «Асыл мұра» жом кмм әлеуметік-педагогы Мусаева Кунсулу Тойшимановна

Менің баяндамамның тақырыбы Қашықтықтан оқыту кезінде 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік-жағдайын жасау.

Мақсаты:Бітіруші түлектердің әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде техникалық жабдықтар,интернет құрылғылармен қамтамасыз етілуі және киім-кешегін қадағалап,онлайн сабақтарға белсене қатысуын,қатыспаса үйіне барып,хәл-жағдайын біліп,онлайн сабаққа деген түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Негізгі фактор арнайы демеушілір табу.

Міндеттері:Оқушылардың алдымен хәл-жағдайы,сонан соң онлайн сабаққа арнайы планшеттер мен ноутбуктер,sim-карталар және қолайлы интернет жүйесін орнатып беру.Статустағы оқушылардың құжаттарын реттеп,хабарлап отыру. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан балалардың керек-жарағын қамтамасыз ету.

2.Бала-әрбір үйдің шамшырығы,көз қуанышы.Болашақтың алтын қамалын орнатуда ересектердің,яғни,біздің орнымыз алабөтен.

Бала жас шыбық тәрізді күтім мен қолдауды талап етеді.Әсіресе,қысқа жіп күрмеуге келмей,көп балалы,аз қамтамасыз етілген отбасы балалары жарқын болашақтың іргетасын қалауда көптеген қиындықтармен бетпе-бет кездеседі. 9-11 сынып оқушылары бітіруші сынып болғандықтан,дәл қазіргі пандемия кезінде,онлайн,яғни қашықтықтан оқытуда компьютер мен планшетке мұқтаждықты сезінеді.

Осы жолда “жалғыздың үні шықпас”- дегендей мен өз жұмысымды жоспарыма сәйкес атқара келе,сынып жетекшілермен үнемі тығыз байланыста болып,әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды сынып жетекшілердің көмегімен анықтап,шеңбер тәрізді ара-жігіміз үзілмей,ұжымдасқан түрде жұмыс атқарудамыз.



3.Оқу жылының басында 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайларын сынып жетекшілерімен бірлесе анықтап,статустағы оқушылар есепке алынды. Мектебімізде I жарты жылдықта 1-11 сыныпта 486 оқушы болса, оның ішінде: 9-11 сыныптағы статусқа ие оқушылар.

1) 1- Тұл жетім

2) 4- Жартылай жетім

3) 2- Сәтсіз отбасы

4) 7- Аз қамтамасыз етілген отбасы оқушылары және көп балалы отбасы оқушылары

Оқу жылының басында статустағы оқушыларды анықтап,олардың толық қанды оқулықпен қамтамасыз етілгенін бақылауға алдым



«Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, азық-түлік корзинасы табысталды,одан бөлек қаржылай көмек көрсетілді.



4. Осы жолда әлеуметтік-педагог ретінде біз,қолдауға мұқтаж,әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға санитарлық талаптарды сақтай отырып,бетперде,антисептик,қорғаныш құралдарын пайдаланған жағдайда мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушыларға орындық,парта және оқулықтары сынып жетекшілерімен бірлесе жеткізіліп,табысталды

Жылдық жоспар бойынша статустағы оқушылардың үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеу,бақылау және онлайн оқыту кезіндегі қажетті техникамен қамтамасыз етілуін,интернет жүйе мен оқушының сабақ үлгерімін қадағалауда сынып жетекшілерімен бірлесе чаттарда жұмыс жасап жатырмыз.



5 Оқу жылының басында қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысында көмекке мұқтаж отбасы оқушыларын анықтап,мектебіміздің мүліктік есебінде тұрған планшеттер мен компьютерлерді уақытша пайдалануға үйлестіріп,балалардың жабырқаулы көздерінен бақытты сезімнің белгісін көріп,жүздеріне күлкі үйіріп,өз жұмысымнан көңілімнің сарайы ашылғаны да бар еді.



6.Ұялы телефон арқылы мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыста отырамын.

7.Мүмкіндігі шектеулі үйде оқытылатын оқушыларымызға демеуші тарапынан жаңа-жылдық сый-сыйапаттар табысталды.



8.Жаңа-жыл 2021 аудан әкімнің мерекелік шыршасына аз қамтылған,жартылай жетім т.б жағдайы төмен оқушыларымыз санитарлық талаптарды сақтай отырып қатыстырылып,сый-сыйапаттарын иеленіп,ерекше қуаныш көңіл-күйімен мәз мейрам болғаны жәйы да бар.

Қорытындылай келе «Не берсеңде балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.









Назарларыңызға рақмет!!!































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!