Мустафаева Асылзат Берікқызы
№57 жалпы білім беретін мектебінің логопед- мұғалімі
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
Қашықтықтан оқыту кезінде логопедиялық сабақтарда әдістерді қолдану
Мақала заманауи білім берудің өзекті мәселелерінің бірі-қашықтықтан оқытуға арналған. Мақаланың негізгі міндеті-логопедиялық сабақтарды немесе кеңес беруді қашықтықтан қалай жүзеге асыру.Мақалада логопедиялық оқыту формаларын талдау және кеңес берудің негізгі бағыттары берілген.Қашықтықтан оқытудың дәстүрлі сабақ түрлерінен айырмашылықтары көрсетілген. Қашықтықтан оқытудағы коррекциялық сабаққа қатысушы оқушылармен олардың ата-аналарының мәселелері жолға қойылды. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі, педагогикалық жаңа технологиялар және логопедиялық сабақтардың жүргізілуі туралы баяндалады.
Біздің мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бері білім беру ісіне аса көңіл бөліп келе жатқан алдағы мемлекеттердің қатарында. Қандай жағдай болмасын білім беру тоқтатылмауы қажет. Ғаламның бүкіл шартарабын шарпыған әлемдік пандемияның қарқынды таралуына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуіне сәйкес, республикамыздағы барлық білім беру мекемелері 2020 жылдың 6-сәуірінен бастап, төтенше жағдайға орай қашықтан білім беруді жүргізді.
Аталған білім беру жүйесінің жаңа форматы бойынша жұмыс жүргізу ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де оңай шаруа болмағаны баршамызға аян. Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы —оқушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология.
Қашықтықтан білім беру барысында коррекциялық түзету жұмыстарын жаңа заманға сай, жаңартылған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, логопедиялық кеңес беру болашағы мол әдіс. Мұндай әдіс бала мен оның ата-анасына жаңа бағытта үздіксіз коррекциялық жұмыстарды жүргізуге өз үлесін қосады. Елімізде соңғы жылда қалыптасқан, қашықтықтан білім беру формасы барысында және біршама тәжірибе мен дамыған технологияның арқасында қашықтықтан түзету педагогикасын қалыптастыру процесі жүзеге асырылды. Яғни, қашықтықтан оқытудың технологиялардың арқасында тек карантин кезінде ғана емес, сонымен қатар денсаулығына байланысты білім алуға мүмкіндігі жоқ балалармен қашықтықтан білім беруге болады.
Логопедке қашықтықтан кеңес беруді қалай тиімді түрде жасауға болады?
Мүмкіндіктерді тексеру. Сіздің оқушыңыздың қашықтық сабақтарға көшуге техникалық мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтықтан оқытуға қажетті жабдықтар (компьютер, телефон немесе планшет), бағдарламалық жасақтама (Skype немесе Zoom бағдарламалары) және ең бастысы балада ғаламтор желісі бар ма соны анықтап алу қажет. Егер осындай техникалық мүмкіндік болмаса, WhatsAPP бағдарламасын пайдалана отырып кеңес беруге болады. Тәжірибе жинақтау. Қашықтықтан білім беру дәстүрлі білім беруден әлдеқайда ерекшеленеді. Қашықтықтан білім беру барысында біз қазіргі дамыған технологиялардың көмегімен сабағымызды қызықты әрі сапалы өткізуіміз керек. Мұғалім жиі ізденісте болуы шарт, жаңа технологияларды меңгеріп, тәжірибе жүзінде іске асырып отыруы қажет. Мақсаттарымызды анықтап алу.
Біз қашықтықтан сабақ беруде қандай мақсатқа жеткіміз келеді?
Оқушылардың дамуының ауытқуларына немесе сөйлеу тілі кемшіліктеріне байланысты әр оқушыға жеке түрде қашықтықтан оқытудың жоспарын құру. Сонымен қатар оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болуымыз қажет. Осындай жағдайда ата-аналар ұстаздарға оқушымен қашықтықтан қарым-қатыныс жасауға көмектесе алады. Логопед ата-анаға логопедиялық кеңес береді, оқушы мен ата-ана берілген кеңестер мен тапсырмалады ескере отырып өз беттерімен жұмыс жасап, видеоесеп жіберіп отырады. Қашықтықтан логопедиялық түзету жұмысын баланың жасына және диагнозына қарай бейімдеп алуымыз қажет. Егер сіз балаға жаңа тақырыпты түсіндіруді шешсеңіз, көрнекі материалды алдын ала дайындаңыз, сабақ кезінде оны көрсету үшін қолжетімді және ыңғайлы форматты таңдаңыз. Мысалы, қысқа бейне, презентация немесе ойын түрінде көрсетіңіз. Жұмыс кезінде баланың назарын сабақты түсіндіруге аударып ,тапсырманы мейілінше аздау беруге тырысу. Сабақты кейінірек қайта қарап, қателіктеріңізді талдау үшін экрандағы бейнеге жазуды ұмытпаңыз. Сабақты үй тапсырмаларымен бекітіңіз. Баланың материалды және оның қозғалыс динамикасын қалай сіңіретінін тексеріңіз. Ата-аналарға нәтижелерді бекіту үшін баламен үй тапсырмасын орындау ұсынылады.
Қашықтықтан білім беруде біздің жетістігіміздің бірден бір кепілі- көп көрнекілік, баланың оң эмоционалдық көңіл-күйі және қызмет түрлерін ауыстыру! Қашықтықтан түзету жұмысының тиімді шарттарының бірі сабақ түрлерін жиі ауыстыру және көптеген тәжірибелерге сүйене отырып балаға білім беру.. Балаларға үлкен көлемді ақпаратты қабылдау және меңгеру немесе компьютермен бірге ұзақ уақыт бойы бір тапсырманы орындау қиынға соғуы мүмкін, сондықтан сабақты алдын ала қандай бөліктерден тұратынын жоспарлау. Қашықтықтан білім беруде бір ұмытпайтын әдіс баланың шаршап қалмауын қадағалау. Сабақ арасында балаға демалдыратын жаттығулар мен сергіту сәттерін жасатуды ұмытпау. Қашықтықтан білім беруде бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда, екі есе күш жұмсауға тура келеді. Баламен кері байланыс жасауды ұмытпау керек. Кері байланыс түзету жұмысының процесін және баланың эмоциялық жағдайы мен қосылуын бақылауға мүмкіндік береді. Қашықтықтан білім беру жеке оқытуды талап ететіндіктен, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, олардың тек үлкендермен ғана емес, сонымен қатар өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау ниеті мен біліктіліктерін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тағы бір мәселе болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін мен қашықтықтан сабақтың видеоконференция сияқты түрін белсенді пайдаланамын: педагог (логопед) "Zoom" бағдарламасының бейне байланысы арқылы екі-үш оқушымен бір уақытта сөйлесе алады (барлық бейнеконференция қатысушылары бір-бірін экранда көреді). Қашықтықтан оқыту сабақтарында, мен, сабақты көп жағдайда ойын түрінде жүргіземін. Суретке қарап сөйлем құрау, суретті қарап орналасу ретін есте сақтау, буындар мен жаңылтпаштарды оқу т.б тапсырмаларды оқушылар топпен орындағанды жақсы көреді.
Қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізу-принципті шығармашылық процесс және әрбір маман АКТ негізінде өзінің жеке әдістемелік-дидактикалық және ақпараттық-коммуникациялық базасын құрады. Қашықтықтан жұмыс тәжірибесі сабақ жүйесін дұрыс ұйымдастырғанда, қазіргі бағдарламаларды сабақ өткізудің осы форматына бейімделгенде, оқушының жеке сұраныстары мен тілектерін есепке алғанда, сөйлеу қиындықтары бар оқушыларды оқытудың елеулі нәтижелеріне қол жеткізетінін дәлелдейді.
Білім беру бұл ел болашағы үшін аса жауапты үрдіс екені мәлім. Қашықтықтан оқыту бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір сынақ кезеңі.
Осы орайда, өз еңбек жолымда, заман талабына сай–білікті де білімді, оқытудың түрлі әдіс– тәсілдерін меңгерген ұстаз атану әрқашан да мен үшін басты мақсат болып қала бермек.
Қолданылған әдебиеттер
1. Агранович, З.Е. В помощь логопедам и родителям. Сборник домашних заданий для преодоления недоразвития фонематической стороны речи у старших дошкольников / З.Е. Агранович. - М.: Детство-Пресс, 2015. - 381 c.
2. Акименко, В. М. Ваш домашний логопед. Развитие речи детей дошкольного и школьного возраста / В.М. Акименко. - М.: Феникс, 2006. - 256 c.
3.Взаимодействие в работе воспитателя и учителя-логопеда. Картотека заданий для детей 5-7 лет с общим недоразвитием речи. - М.: Каро, 2009. - 256 c.
4. Васильев В. Дистанционное обучение : деятельностный подход // Дистанционное и виртуальное обучение. – 2004 - N 2 - С. 6-7.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз