400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқыту технологиясының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
бәріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі- білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен болса, қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Осыған байланысты айтқым келгені, бүгінгі таңда өркендеу көшінен қалмай жаңа технологияларды сәтті пайдалана алатын заманауи ұстаз, жан-жақты маман болғанымыз қуантады. Олай дейтінім, елімізде коронавирус індетінің таралуына шектеу қою мақсатында  төтенше жағдай енгізіліп, 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсаны кейінге қалмай, білім жүйесінің қашықтықтан оқыту форматына еш қиындықсыз өтіп кетуі. Осы орайда, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі оқу процесінің  маңызды мәселелерінің басын ашып, оңтайлы платформаларды ұсына отырып: — «Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады», — деген сеніміне білім басқармасы, мектеп әкімшіліктері, ұстаздар, ата-аналар қолдау көрсетіп, жан-жақты тыңғылықты дайындалып, жоспарлы түрде жұмысымызды бастап кеттік.

Жалпы, бұған дейін де мұғалімдер цифрлық білімін арттыру мақсатында қашықтықтан білім беретін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» интернет ресурстарындағы курстарға қатысып, мол тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдау нәтижесінде қашықтықтан білім беруде қиындық танытып жатқан жоқ.

Алайда, мектеп бағдарламасының талаптарын орындауда тек ұстаздардың сауаттылығы әсер еткен жоқ. Оған балалардың да, ата-аналардың да технологиялық сауаттылықтары үйлесім тапты. Мұның өзі осы уақытқа дейінгі мемлекетіміздің білім, ғылымды қолдаудағы сындарлы саясатының нәтижесі деп білемін. Егер ұстаздар да, оқушылар да, ата-аналар да, жалпы қоғам болып интернет ресурстарын пайдалана алмасақ, қазіргі төтенше жағдайда білім алуымыз қиындық туғызар еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
259
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі