400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту жайлы айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қашықтықтан оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық

қабілеттерін дамыту»



«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша

ПҚ БАИ аға оқытушы,тренері Сарсенгалиева Гульнар Жулановна

Андатпа: Мақалада, Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту жайлы айтылады

Түйінді сөздер: білім мазмұнын жаңарту , критериалды бағалау , кәсіби шеберлік , психологиялық ойындар,тренингтер


Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет - тұтас білім беру жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі.

Білім берудегі практиканың мектеп жасындағы балалардың ғылыми білімге деген қажеттілігімен, ғылымның осы қажеттіліктерді қанағаттандыру және тереңдетуге дайындығының бірлігі әр баланың психикалық және жеке басын дамыту міндетін шынайы шешудің негізгі шарты деп қарастырады.

Психологиялық қызмет төрт құрамдас бөліктен тұрады: ғылыми; қолданбалы; практикалық; ұйымдастырушылық. Бұл аспектілердің әрқайсысы орындаушыдан арнайы кәсіби даярлықты талап ететін мінденттерді шешуден тұрады.

Ғылыми аспект - әдіснама және практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді жүргізуді көздейді. Бұл зерттеу жұмыстарының академиялықтан айырмашылығы, онда тек қандай да бір психологиялық механизмдер мен заңдылықтарды анықтап қана қоймай, нақты бір баланың жеке адам болып қалыптасу жүйесіндегі механизмдермен заңдылықтардың дамуының психологиялық шарттарын көрсетеді.

Қолданбалы аспект – білім беру қызметкерінің психологиялық білімді қолдануын көздейді, білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді қолдануын білдіреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: тәрбиешілер, педагогтар, әдіскерлер. Олар өздері дербес немесе психологпен біріге отырып, жаңа психологиялық мәліметтерді оқу бағдарламасын, жоспарын, оқулықтарын, дидактикалық және әдістемелік материалдарды жасауды, оқу және тәрбие бағдарламасын құруда қолданылады.

Практикалық аспект - мұны балабақша, мектеп, білім беру мекемелерінің психологтары қамтамасыз етеді .Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін балалар тобымен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыстар жүргізу. Ұйымдастыру аспектісі - бұл білім берудегі психологиялық қызметтің құрылымын жасау. Білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында психолог іс-әрекет етеді. Бұл салада психологтың қызметін И.В. Дубровинаға сүйіне отырып тікелей және жанама әсер ету деп қарастыруға болады [1, б. 15 Н.Р. Талызинаның оқытуында ұстанған психологиялық мазмұны үшінші типті оқуға жатады. П.Я. Гальпериннің пікірінше бірінші және басты үшінші типті оқыту-бұл танымдық іс-әрекеттерді тітір-кендіріп, өзінің танымдық қызығу-шылығын нығайтады.

Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс. Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуы мүмкін: дәріс, практикалық сабақтар,тренинг, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі [9, б. 7].]

Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы тиіс.

Оқушыларды болашақ өмірдегі қиындықтарды еңсере білуге дайындау үшін жаңартылған білім беру мазмұнында қарастырылған маңызды мәселелер мыналар:

- нәтижелерге негізделетін білім беру бағдарламасы;

- педагогикалық тәсілдер;

- бағалау моделі;

- білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану;

- сыни ойлау;

- зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- топта және жеке жұмыс істеу ептілігі

Білім, білік дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру, оқушы тұлғасын үйлесімді дамыту үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру керек. Күнделікті білім беру үдерісі – оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі.Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік,дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педагогтің жеке тұлғалық потенциялы, кәсіби құндылықтары да жатады. Мұғалім сабақ барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды, шебер қолданса, күтілетін нәтиже де сапалы болмақ. Мысалы, мынандай тәжірибелік сабақ жинақтарының бір аспектісін алдым «Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» топтағы бірлескен жұмыс «Психологиялық ойындар», «Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» ойын – саяхат сабағы қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар,тренингтер арқылы білімдерін жетілдіру оқушының сөздік қорын молайту, оқушы ойын ашық, анық айтуға төселдіру, қарым-қатынас жасай білу дағдыларын арттырады. Ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту барысында оқушылар күтілетін нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайды,ынталанады,ойларын бөлісіп,пікірлеседі,білімді бірлесіп алып,өз білімін толықтырады. Топтық жұмыс ішіндегі тығыз қарым-қатынас оқушыларды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, тығыз байланыста жұмыс жасауға жеткізеді. Сабақ барысында оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа қөзқарастары қалыптасып, жаңа, тың идеялармен танысып, білімдерін жетілдіріп, жан-жақты дамуда оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман).

Аталмыш модульде кіріспе – қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшінқажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді инновациялық педагогикалық идеяларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.


«Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту»

Мақсаты:

Ойын іс-әрекеті арқылы оқушыларға психологиялық әсер ету; балалардың зейінін, қиялын, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, икемділігін арттыру, достарының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

Міндеттері:

• Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәнін жан-жақты ашу;

• Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету;

• Ойын іс-әрекетінің баланы жан-жақты дамытуда алатын рөлін айқындау.

Күтілетін нәтиже:

Ақыл-ойы, есте сақтау қабілеті, зейіні дамиды;

- Оқуға қызығушылығы артады;

- Сөздік қоры толығады;

- Белсенділігі жоғарылайды;

- Шығармашылығы артады;

- Мінезі қалыптасады

Кез келген ойында ережелер бар, сондықтан ойын әрекеті балаларға кейбір ережелерді ұстануға үйретеді. Әрине, оқу процесінде, әсіресе мектепте, белгілі бір ережелерді орындау керек. Бұл дұрыс, бірақ айырмашылығы, мектеп ережелерін біреу белгілейді – және бала оларды тек қана өз мойнына алғандықтан ғана орындайды, ал ойындағы ереже өзімен, өз еркімен белгіленеді – осында ол – жасаушы және ерікті орындаушы. Сондықтан ойын баланың қызығушылығын, тәуелсіздігін, қиялын, логикалық ойлауын, ойлай білу қабілетін дамытады.

Психологиялық даму ойындары пайдалы болу үшін, олар баланың жасына және белгілі бір тәртіпте таңдалуы керек, яғни оңай тапсырмалардан күрделі тапсырмаларға дейін.

Сондай ойындар мен жаттығулардың бірнешеуін мектеп педагогтеріне әдістемелік нұсқау ретінде ұсынамын.


Психологиялық ойындар

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

«Сиқырлы қапшық»

Балаларды щеңбер жасай отырғызып, жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады.Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шығарып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

«Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, сол ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

«Зейінді бол»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиіссіңдер. Бірақ мен ескерткен қозғалысты қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.

Ойлауды дамытуға арналған ойындар

«Матадағы менің орыным»

Жердегі жатқан мата үстінде, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

Қиялды дамытуға арналған ойындар

«қырлы дөнгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөнгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылыды. Мысалы: құлақтарын үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөнгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтары айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

«Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлміз. Күн шықты, гүлдер жайнап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Біз мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарымен тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).


Тренинг

Тренинг тақырыбы: Білім беру үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық аспектілер

Тренинг мақсаты: Білім беру үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық аспектілер сипатын дәріптеу, адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, интерактивті әдіс.

Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.

Тренинг мазмұны:

1. «Аялы алақан».

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

2 «Психогеометриялық фигура».

Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.

Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».

Талдау:

1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?

2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?

3. Қандай әсерлер болды?


«Қазақ тілі сабақтарында психологиялық ойын элементтері арқылы танымдық қабілеттерін дамыту»

ойын – саяхат сабағы

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту, ойын ойната отырып оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету, қисынсыз ойлауға дағдыландыру. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойын түрлерінің мазмұнына талдау жасау; бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында жүргізілетін дидактикалық ойын түрлерінің жүйесін жасау, әдістемелік жинақ дайындау; дидактикалық ойындарды жүргізудің тиімділігін анықтау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру

Міндеті:

а) Дидактикалық ойындардағы іс-әрекет ә) Ойынды өткізу түрлері б)Ойын арқылы іске асатын дағдылар в)Ойынға қойылатын талаптар г) Сабақтардағы ойындарды пайдаланудың тиімділігі.


Ойын технологиялары - оқу-тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған әр түрлi ойындарды қолдануды көздейтiн дидактикалық жүйелер. Бала сөздiгiне жаңа сөздер енгiзуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтерi де ерекше дамитындығын байқадым. Ойынды өткізу түрлері: Топтық. Жеке. Ұжымдық. Жұптық.


Сөздiң құрылымдық жағын аударуға үйрететiн жаттығулар қолдану да тиiмдi екенiн көрсеттi. Мысалы: “Сөздi қысқартып айт”( балақай-бала, құлыншақ-құлын…) “Екi сөзден бiр сөз құра” (су құй - суқұйғыш, шаң сор- шаңсорғыш…) “Сөзге не қосылған” (ән-әншi, дәрi-дәрiгер….),психологиялық ойын-тапсырмалар «Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам – тiгiншi…..). Ойын–жұмбақтар Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.


Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?.....», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.

Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар

Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар. Мысалы: Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. (ерін) (Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса)

Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар

Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) Шағала, Тамара, Тамаша, ... (ы) Ыдыс, Ыдырыс, Ыстық, ... (і) Ілгіш. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: қазақ, нан, керек «Кім жылдам?» ойыны

«Адасқан әріптер» ойыны «Жалғасын тап» ойыны «Кім білгір?» ойыны

Қорытынды: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында психологиялық ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр.Ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылар тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Г.Нұрмаханова «Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі» «Бастауыш мектеп» журналы №10, 2004 жыл

2.Г.Алпысбаева, А. Әбуова «Тіл сабақтарында ойынды пайдалану әдістері» (1-4 сыныптар), Алматы – 2008 ж.

3.«Психологиялық түзету – дамыту жұмысы» Ф.Бизақова 2013 ж.


4.Мектептегі психология, қаңтар, ақпан 1.2008 ж.


5.Л.К.Көмекбаева «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру» А.2003 ж.









Қосымша №2

Тіркелу үлгісі



1.Автордыңаты-жөні: Cарсенгалиева Гульнар Жулановна

2. Ғылыми дәрежесі, атағы -

3. Жұмыс орны қызметі: аға оқытушы,тренер

4. Мекен-жайы (жұмыс орнының) «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы

5. Байланыс телефондары : 87021316411

6. Е- mail (міндетті түрде): sarsengalieva.g@orleu-edu.kz


7. Мақала тақырыбы: «Білім мазмұнын жаңартуда бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде психологиялық ойындар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту»: әдістемесіндегі инновацияларды қолдану

8. Бағыты: Орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар

9. Қажетті техникалық құралдар






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі