Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Есенгулова Акмарал Изядиновна
Ақтау қаласы
«№12 ЖББОМ» КММ
Ағылшын тілі мұғалімі
Еліміздің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономиялық жағдайы оқу жүйесінің алдына
көпшілікті сапалы біліммен қаруландыруды тиімді түрде ұйымдастыру мәселесін алдыңғы
орынға шығаруда.
Қашықтықтан оқыту – білім алушыларды оқылатын материалдың негізгі көлемімен
қамтамасыз ететін технология жиынтығы, оқу барысында білім алушы мен оқытушы
арасындағы өзара интерактивті қарым-қатынас орнату, оқылатын материалды өздігінен
меңгеру мүмкіндігін беретін технология.
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық
жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік
ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін
арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол
болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу
әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген
маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді.
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке
көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен
ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып
саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-
жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы
сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -
мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру.
Артықшылықтары
Оқуға қол жетерлік: Қашықтықтан оқыту қандай да бір объективтік себептерге
байланысты дәстүрлі оқыту формасын қолдана алмайтын адамдар тобына арналған.
Осындай топқа, мысалы, денсаулығы жағынан шектелген адамдар, жұмыспен оқытуды
біріктіретін адамдар тобы жатады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту формасын
Қазақстанның әйгілі жоғары оқу орындарында оқығысы келетін, бірақ қажетті қаражаты
мен уақыты жеткіліксіз адамдар қолдана алады, сондай-ақ біліктіліктерін арттырамын
деушілер үшін оқытудың осы формасын қолдану тиімді болып табылады.
Оқыту формасы. Коммуникалды технологияны оқыту базасының негізгі
артықшылығы: конкурссыз оқуға түсуі; оқудың екпіні мен уақытын өздігінен
ұйымдастыруы; оқытудың бекітілген уақытының жоқтығы; үйде және кез келген жерде
Интернетке қосылған компьютерді қолдану мүмкіндігі; әлемдік ресурстарға, виртуалды
кітапханаға және мәліметтер базасына қол жетімділігі. Жыл бойы қашықтықтан оқытуға
оқушыларды қабылдау өткізіледі. Сонымен қатар, дербес оқытушы -куратордың
арқасында оқу материалын сапалы түрде қабылдауға рұқсат етіп жатады, ал арнайы
форумдарда басқа студенттермен кейбір тақырыптар мен ойларды бірге талқылауға


Page 2

мүмкіндік береді. Қорыта келгенде, бастапқы көзқарас бойынша оқушының
бөлектенгендігі осы оқу формасында өзекті еместігі дәлел.
Оқу құны. Қашықтықтан білім берудің әйгілігі, технололгияның дамуымен қатар
күндізгі оқу құнының өсуімен байланысты. Интернет оқытудың білім құны әлде қайда
төмен, сонымен қатар, ол мамандыққа, оқыту бағдарламалар формасына және оқыту
мекемелер түрлеріне тәуелді түрлендіріліп жатыр. Осыдан басқа, әр түрлі білім алатын
гранттар мен стипендиялық бағдарламалар бар, олар тегін немесе жарым-жарты
қаржыландыру бойынша қашықтықтан оқытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл
жағдайда басқа да шет елдеріне ұшақпен жету, яғни сонда өмір сүруге, көректенуге,
дәрігерлік сақтандыруға шығындардың жоқтығы.
Психологиялық кедергілер. Қашықтықтан оқыту формасы психологиялық
кедергілерді айнылып кетуге көмектеседі, олар адамның коммуникативтік
ерекшеліктерімен байланысты сондай-ақ көпшілік арасында шығып сөйлеу қорқынышы
және т.б.
Кемшіліктері
Интернет желісіне қол жетімділігі және компьютерлік білім. Қазақстан халқының
көпшілігі қаржылы және басқа да себептерге байланысты қазіргі замандағы
коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері жоқ. Қазақстанның
техникалық жабдықтануы әлемнің әйгілі елдеріне жол беруде. Сонымен қатар,
қашықтықтан оқытуға қол жеткізу үшін компьютерлік технологиялар және
бағдараламалар жөнінде білімдері толық болуы қажет.
Мотивация. Қашықтықтан оқыту білімін табысты алуға адамның жеке мінезі соңғы
фактор бола бермейді. Құпия емес, дәстүрлі күндізгі оқуту формасында күнделекті
бақылаудың жоқтығына қарамастан айқын мотивациясы болуы қажет. Сөзсіз,
қашықтықтан оқыту формасында тірі пікір талас, тжірибемен алмасуы, топтың
психологиялық көмегі және сайыстыру кезеңдері жоғалған. Сондықтан, дәл осындай
оқыту формасы өздігінен ұйымдастыру қабілетімен тәрбиелігі жоқ адамдарға кем
деңгейде қатысты.
Техникалық мамандықтар. Қашықтықтан оқыту формасы фундаменталды ғылым,
гуманитарлық мамандықтармен технологиялар білімдері салаларына үлкен дәрежеде
қатысты. Техникалық мамандықтар, гуманитарлық мамандықтармен салыстырғанда
осындай оқыту формасында аз сұраныста, себебі, техникалық мамандықтарды
меңгергенде көп практикалық және лабораториялық жұмыстарын орындалуын талап
етеді.
Интернет арқылы қашықтықтан оқыту тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар
болашақта дәстүрлі және өзекті мәселе болмақ. Білім сферасындағы Американың зерттеу
ассоцияциясының пікірі бойынша 2010 жылда әлем студенттерінің үштен екі бөлігі
қашықтықтан оқуды меңгерген.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
06.05.2020
669
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12