Материалдар / ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің қашықтықтан оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент

республикалық «Жас ұлан» мектебі


Оқу- әдістемелік бөлім орынбасары,

тарих пәні мұғалімі

қызметкер Аскарова Жамал Кожахметовна


Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияны


Бүгіндері Қазақстан білім жүйесінде жаңа ақпараттық цифрлық технология құралдарын кеңінен қолдану аясында компьютерлік және смарт ұялы телефон желілері арқылы түрлі ақпараттық технологияларды жаңа білім әдістерінде пайдалану қарқынды кеңейтілді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жүйесі мектеп бастығы, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және сынып жетекшілер мен аға-тәрбиеші офицерлер, ұландар мен ата-аналармен бірізгілік жүйеге асып жақсы нәтижелерге жетіп отырады.

Үстіміздегі жылдың 16-ншы наурызында елімізде пандемияға байланысты карантин жарияланған уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қарамағына қарайтын республикалық «Жас ұлан» мектептерінде оқитын ұландар еліміздің жалпы орта мектептерінде оқитын оқушылар секілді көктемгі демалысқа шықпай, оқуларын жалғастыратындықтан біздің алдымызда біріншілер қатарынан болып, қашықтықтан оқу жүйесін жедел құру мақсаты тұрды. Мектеп ұландары арасында шалғайда тұратын ауыл балалары бар болғандықтан, біз әуелі қашықтықтан оқу барысында қандай әлеуметтік желі қолжетімді және тиімді болатынын ескерттік. Сондай-ақ, еліміздің қиырында тұратын кейбір ауылдарда ғаламтор желісінің жоқтығын да ескеру - басты міндет еді. Қашықтықтан оқу барысында сабақ кестесі құрылып, сабақтың уақыты, сабақ арасындағы үзіліс уақыттары, сабақта берілетін үй тапсырмалар көлемі, ұландардың сабаққа даярланатын уақыттарын белгілеп мектеп бастығымен бекітілді.

Мектебіміздің мұғалімдері жаңа цифрлық технологияларды игеру барысында WhatsApp әлеуметтік желісінде сабақ тақырыбына қатысты презентацияларды, видеокөрсетілімдерді, суреттерді, қажет ғаламтор сілтемелерін, дауыс хабарламаларды жіберу және қабылдауда айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын, сондай-ақ ұландардың дәптерлерін тексеру, дәптер бетіне кері байланыс жазуды, формативтік бағалаудың түрлі смайликтермен, алдын ала жасаған түрлі түстермен кері байланыс жазылымдарын дұрыс қолдана алды. WhatsApp әлеуметтік желісінде берген қалыптастырушы бағалау ұландардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырды. Пән мұғалімі WhatsApp видеоконференциясы арқылы взвод ұландарымен әртүрлі іс-шараларды да өткізе алды.

2020-2021 оқу жылында мектеп мұғалімдері ұландармен өткізілетін сабақтарын Meet, Zoom қосымшаларымен өтіп цифрлық технологияны қолдану аясын кеңейтті.

Қиын қыстау кезде ата-аналармен тығыз бірлесе отырып қашықтықтан оқу барысында ұландарымыздың білімдерін шыңдап, жаңа цифрлық технологияның жаңа беттерін ашып білім өрісімізді, өзіндік ізденімпаздығымызды шыңдадық. Бүгіндері ұландарымыз қашықтықтан оқу кезінде республикалық «Абай оқулары», «Бауыржан оқулары», республикалық «Айбын» патриотты жастар жиынына және пәндік олимпиадаларға қатысып жеңімпаздар атанып отыр.

Жаһандық індеттің көзі жойылып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын тілейміз! Еліміздің ұландары, оқушылары өз білім ордасынан ілім алып, жақсы көрсеткіштермен биіктерден көрініп, жарқын болашаққа кемел мақсатпен қадам басуларына тілек білдіреміз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!