Материалдар / Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдер материалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері

Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. 

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:  

  • ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);  

  • ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.  

Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту. 

Қызықты факт

Қашықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан анағұрлым ертерек пайда болған.  

1840 жылы Ұлыбританияда өзінің стенография жүйесін ойлап шығарған Исаак Питман (Isaac Pitman) болашақ стенографист мамандарды поштамен жіберілген материалдар арқылы оқытуды қолға алған. Бұл ең алғашқы қашықтан оқыту курсы болды. Питманның жедел жазу жүйесі ағылшын тілді жұртшылықтың арасында кеңінен таралды, бұған стенографияны үйренушілердің кең ауқымды желісі де ықпал еткен. 

Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылығы неде? 

Қашықтан оқыту түрлерінің сипаттамаларымен танысыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 

Синхронды оқыту мысалдары: Сабақты ZOOM, Teams, Google Meet арқылы жүргізу.  

Асинхронды оқыту мысалдары: Тапсырмаларды электронды пошта, мессенджер, Kundelik.kz арқылы жіберу. Тапсырмаларды оқыту платформаларына (Google Classroom) орналастыру. Онлайн оқулықтар. 

МҮМКІНДІКТЕРІ 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ 

+ мұғалімнің жедел кері байланыс  беру мүмкіндігі – оқушыларда қиындық туғызған мәселелер бойынша бірден түсініктеме беруге болады;  

+ топтық өзара әрекеттестікте оқуды ұйымдастыру;  

+ өзара қарым-қатынаста және бірлесе оқу дағдыларын дамыту;  

+ оқушыларды өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқуға ынталандыру.    

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

+ оқу кестесі мен тәртібінің икемділігі (оқуды басқа сабақтармен қатар жүзеге асыру мүмкіндігі); 

+ оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы қарқынмен меңгеру мүмкіндігі;  

+ оқу материалдарының кез келген уақытта қолжетімді болуы;  

+ өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.  

ШЕКТЕУЛЕР МЕН КЕДЕРГІЛЕР 

СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- оқу кестесі мен тәртібін, оқу қарқынын қадағалау қажеттігі; 

- бірқатар оқушыларға мұғалімнің жеке көңіл бөлуі қажет болған жағдайда басқа оқушылар күтуге мәжбүр болады; 

- оқытудың тиімді болуы мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты болады;  

- сабақ кезінде техникалық байланыстың сапасына жоғары талаптар қойылады. 

АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ  

- сабақ материалын түсінбеген жағдайда мұғалімнен жедел кері байланыс алудың мүмкін болмауы; 

- материалды меңгеру барысында мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста үйренуді қажет ететін дағдыларды (мысалы, музыкалық аспапта ойнау, шет тілін үйренуде дыбыстарды дұрыс айтуды үйрену және т.б.) дамытудағы кедергілер; 

- білім алушылардың өз бетінше оқу дағдыларына жоғары талаптар қойылады.

Қашықтан оқытуға қатысушылардың рөлдері

Ойлануға арналған сұрақ: Онлайн оқу кезінде мұғалімнің және оқушылардың қызметінде қандай өзгерістер болады?   

Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушылар бір-бірінен біршама қашықтықта орналасып, оқыту үдерісі пошта, теледидар, платформалардың  және АКТ құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру үдерісіне қатысушылардың атқаратын қызметі де бірқатар өзгерістерге ұшырайды.   



АКТ сервистері мен құралдарын таңдауда біз минимализм принципін ұстанамыз. Мүмкіндігінше анағұрлым аз ресурстарды пайдалануға, платформалар мен байланыс арналарын да аз қолдануға тырысамыз. Оқуға арналған платформалар мен аккаунттардың көптігінен балалар да, ата-аналар да шатасады. Оларды таңдау барысын барынша оңтайландырыңыз және азайтыңыз, өзіңізге «бұл сервис немесе құрал не үшін қолданылады?» деген сұрақ қойып отырыңыз. Әдетте құралдарды оқыту әдістемесіне сәйкес таңдау керек, бірақ керісінше емес екенін есте ұстаңыз. Құралдарды таңдауда сабақтың мақсаттары мен мазмұнын басшылыққа аламыз.   

Төменде ұсынылған cуретте оқушылардың синхронды оқыту аясында тапсырмаларды орындау барысында мұғаліммен және бір-бірімен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге көмектесетін АКТ құралдары мен сервистерінің мысалдары келтірілген. 











2 АКТ құралдары: қазақстандық платформалар


Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін қазақстандық платформаларды қолдануға болады. 

Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидтің 6-бөлімінде берілген Bilimland (Online Мектеп), Kundelik және Daryn.Online платформаларының сипаттамаларымен танысыңыз. 

КҮНДЕЛІК

Күнделік (www.kundelik.kz) — мұғалімдерге арналған бірыңғай электрондық білім беру ортасы. Ол білім беру ұйымдары үшін электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін және білім беру үдерісінің барлық қатысушылары (педагогтер, ата-аналар, оқушылар) арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың әлеуметтік желілік құралдарын біріктіреді.

BILIMLAND 

Bilimland (www.bilimland.kz)— бұл электрондық оқытудың әлемдік көшбасшыларының озық жетістіктеріне негізделген сандық білім беру платформасы. Бұл – мектеп бағдарламасы негізінде түсірілген 40 мыңнан астам электрондық сабақтар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық пәндерді қамтитын тренажерлер, интерактивті жаттығулар, бейне және анимациялық оқу фильмдер түрінде ұсынылған  заманауи білім беру контентінің ірі цифрлық кітапханасы.

Online Mektep – еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген сандық контентті қамтитын Bilimland білім беру порталының жаңа модулі. Бұл модуль арнайы әзірленген цифрлық білім беру ресурстарынан тұрады: бейнесабақтар, деңгейлік тапсырмалар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейтін интербелсенді жаттығулар.

   DARYN.ONLINE

Daryn.Online — бұл кез келген жерде, кез келген уақытта жоғары білікті оқытушылардан білім алуға мүмкіндік беретін қашықтан білім беруге арналған платформа.



"Оқуға қатыстыру" атты интеллект картасында ұсынылған.

Сапалы цифрлық білім беру ресурстарын қалай таңдауға болады және оларды оқу процесін ұйымдастыруда мақсатқа сай қалай тиімді қолдануға болады? 

Қашықтан оқытуға арналған АКТ құралдары бойынша гидті жүктеп алып, мұқият зерделеңіз. 

Гидпен жұмыс істей отырып, өзіңіздің қашықтан оқыту тәжірибеңізде қолдануға болатын құралдарды таңдаңыз. Оқушылардың және өзіңіздің жұмыс істеу жағдайларыңыз бен мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз. 

ZOOM, Kahoot, Padlet, LearningApps және GoogleClassroom-мен жұмыс істеуге қатысты нұсқаулар Telegram мессенджерінің ICT robot чат-ботында (бот атауы @Komektezbot) орналасқан. 

? Ботты іске қосу үшін Telegramда "үлкейткішті" (жоғарыда оң жақта) басып, іздеу жолына @Komektezbot ботының атауын жазып, ашылған боттар тізімнен ICT robot ботын тауып алып шертіңіз. Ботпен жұмысты бастау үшін экранның төменгі жағындағы "Старт" батырмасын басыңыз. ICT robot бот курс аяқталған соң да Сізге қажетті кезде қолжетімді болады.


 Оқыту мен оқуда АКТ құралдарын қолдану неліктен маңызды? 

Сабақта ақпараттық технологияны қолдану дәстүрлі оқыту әдістерін артта қалдырды. АКТ құралдарын қолдана отырып, оқушыларды оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыратын және оқылатын материалды терең түсінуіне көмектесетін қызықты интербелсенді оқу ресурстары мен тартымды сабақтарды әзірлеуге болады.  

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқытуда және мектептердің басым бөлігі үшін жаңалық болып табылатын қашықтықтан оқытуда АКТ құралдарын қолдану арқылы дербестендірілген оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі, бұл оқушыға оқу үшін маңызды болып табылатын ресурстарды таңдауға және өзіне қолайлы  қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

Қазір көптеген сайттар оқушыға мектептің оқу жоспарына тәуелсіз өзіне ұнайтын кез келген тақырыпты оқып-үйренуіне ​​мүмкіндік беретін ақысыз және ақылы онлайн білім беру қызметтерін ұсынады. 

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларында («Тиімді оқыту» және т.б.) құзыретті мұғалім білімнің үш саласын – пәндік, педагогикалық және технологиялық салаларын тең меңгеретіні туралы айтылған. Пәннің мазмұнын терең білу, оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды шебер қолдана білу оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Келесі модельде мұғалім кәсіби қызметінде шебер қолданатын үш білім саласы бейнеленген.   

 

Үш білім саласының тоғысқан орталығында білімнің технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім аспектілері орналасқан (TПМБ).Білім беру саласын зерттеушілер білімнің барлық үш саласы арасындағы тығыз байланысты жүзеге асыра алатын мұғалімді жоғары деңгейлі кәсіби маман деп санайды. Сонымен қатар олар мұндай мұғалімдер жаңа технологияларды қолдану тұрғысынан зертханалардағы тәжірибелі ғалымдармен немесе бағдарламашы сияқты технология мамандарымен және тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейдегі кәсіби білімді меңгерген деп тұжырымдайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!