Материалдар / Қашықтықтан өзін-өзі тану пәнің оқытудың ерекшелігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қашықтықтан өзін-өзі тану пәнің оқытудың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық идея
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
505
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады










Қашықтықтан өзін-өзі тану пәнің оқытудың ерекшелігі

Picture 1



Дайындаған:









2020-2021 оқу жылы

Аннотация

Білім алушылар мен педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін елімізде қашықтықтан оқыту жүйесі қолданылды. Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты сабақ беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырды. Мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың да жауапкершілігін арттырады.

Аннотация

В целях обеспечения сохранности жизни и здоровья обучающихся и педагогов, других работников организаций образования, а также для предупреждения распространения коронавирусной инфекции COVID-19 в период пандемии, объявленной Всемирной организацией здравоохранения, в стране применена система дистанционного обучения. Общее дистанционное обучение относится к форме обучения, осуществляемой обучающимся и педагогом с применением информационно-коммуникационных технологий и телекоммуникационных средств. В целом, имеющиеся на сегодняшний день системы дистанционного онлайн-обучения позволяют наладить тесный контакт между учителями и учащимися, обеспечивают четкий процесс преподавания. Цифровое образование в дистанционном обучении не только повысило преподавательское мастерство, опытность, но и привило навыки грамотного ведения занятий с образовательными ресурсами в сети Интернет. Такой формат поднимает на высокий уровень и качество урока, так как процесс каждого урока повышает ответственность как ученика, так и учителя.









Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша қашықтықтан оқытуда өзін-өзі тану пәнінен оқушылардың ақпараттық коммуникативтік технологияларды тиімді қолдануға, өз бетімен кез-келген үй тапсырмасын қашықтықтан орындауға, және онлайн оқытуда оқушыларды зияткерліккке, интеллектуалдыққа, жұмысты дәл, нақты орындауға үйрету.


Міндеті:

  • өзін-өзі тану пәні бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылған тақырыптармен жұмыс жасау кезінде практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

  • Қашықтықтан оқушылардың өзін-өзі тану пәнінде, өзіндік үй жұмыстарын ZOOM конференциясы арқылы ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже: Қашықтықтан оқу барысында өзін-өзі тану пәнің оқуға деген қызығушылығы арттырады. Қашықтықтан білім беру барысында үй жұмысын орындауда оқулықтың тапсырмасы мен мәтіні бір-бірін толықтырады. Білім беру платформалары арқылы оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудара отырып, мұғалім әрбір оқушының қызығушылығын, олардың мазмұнын толық түсінуге және пәнді оқып үйренуді оқулықтың тиісті бөлімін меңгерумен байланыстыра отырып, оны есте сақтауға деген ынтасын оятады.



І. Кіріспе

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты мектептер түгел қашықтан оқытуға көшті. Қашықтан оқудың қиындықтарымен бірге, бірқатар артықшылықтары да барлығын жаңа тәсілге көшкен кезден бері өткен уақыт көрсетіп отыр. Мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тырысамын. Ал қашықтан оқуға көшкеннен кейін сабақтарымды PowerPoint  бағдарламасы арқылы слайдсабақтар түрінде ұйымдастырып жүрмін. Оның артықшылығы сол –  тақырыпты ашатын түрлі суреттер мен кескіндемелерді, жазбаларды пайдалануға болады.

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім беру сапалы білім беру қызметін алуда білім алушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуді, олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз етуді мақсат етеді. [1]


Өзін-өзі тану пәнінен пәнің қашықтықтан оқытудың

артықшылықтары мен кемшіліктері


Өзін-өзі тану пәнін қашықтықтан оқыту оқушылардың ғаламторды ұшқыр пайдалануға үйретумен қатар ата-анасымен балаларының байланысын күшейтті. Дегенмен, бұл жүйеніңде кемшіліктері жоқ емес. Еліміздің кей аймақтарында интернет желісінің болмауына байланысты білім алушы оқушылар мен ұстаздардың байланысқа шыға алмағандықтан қауіпке қарамай ауылдан қала асып келді. Оқушылардың басым көпшілігінде ноутбук пен сапалы смартфон кездеспейді. Сонымен қатар, бұл оқушылар білім жүйесіне арналған интернет платформасымен жұмыс жасай алмайды.

Болашаққа бет алған білім алушылардың бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтары мен түрлі қабілеттерінің қалыптасуы қоршаған ортасымен тікелей қарым-қатынас нәтижесінде жүзеге асады. Қашықтықтан білім беру оқушылардың топпен жұмыс жасауына, қоғаммен араласуына кедергі келтіруде. Қарым-қатынастың негізгі құралы-сөйлеу. Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алуға тырысады. Тек өзі жұмыс істеген білім алушы өз ойын өзгеге білдіруге қиналып, тұйықталып қалады.

Айтылатын ойды ауызша жеткізу әсері болғанымен, қысқа мағынада қалып қояды. Сондықтан оқушылардың білімін дамытуда бағыт бағдар бере отырып, олардың ойлау тіліне қарай дамытуға тікелей ықпал ететін әдіс-тәсілдерді жан- жақты ойластыру қажет. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыру ұстаздың үлкен жауапкершілік пен шығармашылық ізденісті талап етеді.

Өзін-өзі тану пәнін қашықтықтан білім беру аясында:

  • Ұстаздар қашықтықтан білім беру арқылы оқушылардың бірегей қабілетін дамытуға бағытталған айрықша тиімді әдістерді пайдаланады;

  • Оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге баулиды;

  • Ойшыл ретінде оқушылардың өздерінің жасаған іс-әрекеттеріне жауап іздеп, жаңа алған білімдері мен бұрынғы білімдерін байланыстырады;

  • Кездескен қиындықтарды шешу жолында балаламалы шешімдер қабылдап, қиын мәселелерді жаңалық ашу жолындағы мүмкіндіктер деп қабылдайды.


Өзін-өзі тану пәнін қашықтықтан білім берудің кемшіліктері:

  • Кейбір оқушылардың қалаулары бойынша тапсырманы орындауы. Бұл оқушылардың жауапсыздығына алып келеді.

  • Әр оқушы өз бетінше орындайтын болғандықтан тапсырманы бірінен-бірі көшіріп жазу орын алады.

Ал жалпылама қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері мынадай:

Артықшылығы:

1.Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі. Қашықтан оқытылатын оқушы, материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады.

2. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео сабақтарды көре аласыз, ұстазбен ватсап желісі арқылы хат алмасып және оны қайта оқи аласыз

3. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқушылар үйден шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек.

4. Негізгі жұмысыңызға кедергісіз оқу

5. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.

6. Мобильділік

Мұғалімдермен, репетиторлармен байланыс әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады: on-line және off-line. Электрондық пошта арқылы ұстазбен кеңесу кейде жеке немесе сырттай кездесуден гөрі тиімді және жылдамырақ болады.

7. Қашықтан оқыту арзан. Оқушы жол жүру, түскі ас ақысын төлеудің қажеті жоқ.

8. Жайлы жағдайда оқу

Қашықтықтан білім алушылардың жиынтық бағалау тапсырмалары on-line тест түрінде өтеді. Сондықтан оқушылар ұстаздармен тест және емтихандарда кездесуде алаңдауға негіз жоқ. Субъективті бағалау мүмкіндігі жоққа шығарылады: тест сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеретін жүйе оқушының басқа пәндердегі үлгеріміне, оның әлеуметтік мәртебесіне және басқа факторларға әсер етпейді. [2]


Кемшіліктері:

1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.

2. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алушы оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

3. Қашықтықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың бір-бірімен және ұстаздармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.

4. Практикалық білімнің болмауы

Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын пәндер бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі.

5. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, ұстаздар құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.

6. Шалғай өңірлердің қашықтығы

Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.


Өзін-өзі тану пәнінде қашықтықтан оқыту өз тәжірибемнен


Ұлттық тәрбие біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы .Ал тәрбие тамыры тереңде-халық қазынасында ,оның қадір қасиеті мен бітім- болмысында. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні даусыз.  Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық құндылықтар белгілі бір ұлтқа ұлт азаматына тән зат , адами қадір-қасиет, яғни ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материялдық құндылықтар.Ол-тәрбие мен оқытуға бағытталған мұрағаттар.Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.

 Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады.Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: -        белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; -        индивиттік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамыту, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; - өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену; шыдамдылық: әр түрлі пікірлкрді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

  • оқушылдардың сана-сезімін қалыптастыру;

  • жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

  • ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәден етін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездері қалыптыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана біз мақсатқа жете аламыз.

 Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:

  • сыныптағы тәрбие сағаттары;

  • баспасөз және қабырға газеттері;

  • бұқаралық ақпарат құралдары;

  • тәрбие шаралары(пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)

  • кітап оқу;

  • мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;        

  • шығармашылық жобалар қорғау;

  • қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;

  • саяхат жасау;

  • үйірмелерге қатысу.

Қорыта келгенде, ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, рухани дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттаумыз қажет. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін әр педагог өз пікірін жүйелі түрде жеткізе білетін, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интернет жүйесін пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқытушы болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – оқытушылар. Осы үрдіспен мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты оқытушылар қауымына зор міндеттер жүктейді. [4]

Білім сапасы – оқытушылар қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ облыстардың әдістемелік кабинеттері тарапынан өткізіліп жатқан көптеген қысқа және ұзақ мерзімді курстар, деңгейлік курстар, орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстарының педагогтердің кәсіби даярлығын арттырып, өз ісін жоспарлай алуына, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауындағы маңызы өте зор.

Қазіргі таңда біліктілік арттыру курстары түгелімен онлайн режимде өткізіліп жатыр. Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелері ұстаздар мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты сабақ беру үрдісін қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқытудағы сандық білім беру тікелей ұстаздың сабақ беру шеберлігін, тәжірибелілігін арттырып қана қоймай, ғаламтор жүйесіндегі білім беру ресурстарымен сауатты сабақ өткізуге дағдыландырды. Сөз соңында айтарым, мұндай формат сабақ сапасына да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі оқушының да, ұстаздың да жауапкершілігін арттырады.

Сөз сонында айтарым қашықтықтан оқыту арқылы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың денсаулығын сақтап қана қоймай, осы карантиннің созылып кетпеуіне,оқушыларымыздың сапалы білім алуына зор үлесін қосып жатқан еліміздің барлық ұстаздарына алғысымды білдіремін!






















Пайдаланылған әдебиеттер


1. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 1997

2.Об особенностях преподавания основ наук в общеобразовательных организациях Республики Казахстан в 2015 -2016 учебном году. Инструктивно-методическое письмо. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 232 с.

3. Ахметова Г.К., Семченко А.А., Мухамбетжанова С.Т. и др. Методика внедрения системы электронного обучения в организациях образования.Методическое пособие, Алматы: РИПК СО, 2012. -76 с.

4.О педагогической архитектуре системы управления обучением (LMS).– Алматы: АО «Национальный центр информатизации», . 2011. - 22 с.

5. Қашықтықтан білім беру ресурстары, ғаламтор материалдары

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!