400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіз балалық шақ тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіз балалық шақ тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Қауіпсіз балалық шақ

Күні


Сынып жетекші:


Сынып: 5 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

- оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

- ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;

- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик

Үлестірмелі материалдар

Кластерлер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


- Сәлеметсіңдер ме балалар!

Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.


«Ой қоржыны»

- Құқық дегеніміз не?

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Құқық немен қорғалады?

- Сендер өз құқықтарыңды білесіңдер ме?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



презентация












Сабақ басы (13 мин)






Видеороликке назар аударамыз!

Ондағы айтылған мәліметтерді назар салып тыңдаймыз!

https://youtu.be/4GcGgiW0Vvo

ІІ. Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.



Оқушылар өз ойларын ортаға салады

презентация

 



Ортасы (20 мин)


Топқа бөлу

  • 1 топ

  • 2 топ

Сайыс сабағымыздың кезеңдері

Сұрақ жауап кезеңі


1. Құқық деген не?

- Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.

2. Құқық немен қорғалады?

- Заңмен қорғалады.

3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған?

1789жылы. Францияда.

4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?

(БҰҰ. )

5. БҰҰ-ның мақсаты не?

- Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды? - 1992жылы. 2-наурыз.

7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?

- Бала құқығы туралы конвенция.

8. Бала болып кімдер саналады?

- 18 жасқа толмағандар бала болып саналады

9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?

- 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.

10. Декларация деген не?

- Үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның аса маңызды мәселесі.

11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?

- Парламент шығарады.

12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?

- Соғысып жатқан елдерде.

13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?

- «Әр адамның құқығы қайда жүрсе де заңмен қорғалады» деп Декларацияның 6-бабында айтылған.

Пікірталас кезеңі.


- Адамға не қымбат?

– Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы

Ойыншылар берілген сұрақтарға жауап беру керек?


  1. Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға


«Жағдаят шешу» кезеңі.

  1. Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.

Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?

  1. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар?

  1. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?

«Түсініктеме» кезеңі.

  1. Біздің үшінші бекетіміз «түсініктеме» деп аталады. Интерактивті тақтада сөздіктер жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.



«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)
1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)
5. Тура биде ... (туған жоқ)
6. Ұрлық түбі ... (қорлық)
7. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
8. Әдепті бала ... (арлы бала)
9. Тәрбие ... (отбасынан басталады)
10. Әділ істің ... (арты игі)




Оқушылар топқа бөлініп, сайыс кезеңдерімен танысады















Оқушылар берілген сұрақтарға нақты жауаптар береді



























Оқушылар өз ойларын ортаға салады












Оқушылар өз құқықтарын оқиды











Берілген жағдаяттардың шешімдерін табады












Берілген сөздердің мән мағынасын ашады












Оқушылар өз міндеттерін оқиды








Мақалдың жалғасын табады


Презентация












Бейнеролик
































Интерактивті тақта

Соңы






<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
24 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі