400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Мектепке келе жатқанда және мектептен қайтқанда

өмір қауіпсіздік ережелерін сақтау.

1.Оқушы үйден шыққан соң ешқайда бұрылмай, мектепке келуі керек.

2. Мектептен қайтқанда бірден үйге бару керек. Мұғалімнің және ата-ананың рұқсатынсыз еш жерге себепсіз бұрылып кетпеу керек.

3.Көше ережесін есте сақтау керек. Арнайы жолда жүру, қозғалысы көп көшеден өткеде қауіпсіздікті ұмытпау.

4.Көше бойындағы көл маңына жақындауға, көлдегі суға түсуге болмайтындығын қатаң түрде ескерту.



  1. Мектептегі оқушылардың мектеп ішінде жүрген кездегі,

сабақ үстіндегі, үзіліс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелері.

1.Мектеп ішіндегі баспалдақпен көтерілгенде, төмен түскенде жүгірмей, секірмей, сырғанамай түсу керек.

2.Мектеп ішінде жай жүру,жүгірмей біреумен қақтығыспай жүру.

3.Электр нүктелеріне жоламау, бұрамау, темір заттарды электр нүктелеріне тықпау.

4.Сабақ үстінде қалам сапты ( ручканы) т.б үшкір заттарды абайлап ұстау, бір-біріне лақтырмау керек.



3. Күз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелері.

1.Мектепке жылы киініп келу.

2.Аяқ киімді кептіріп жүру.

3.Өрттен сақтан, өрт тілсіз жау,суға шомылмау.

4.Күзгі демалыс кезінде өз бетімен тауға, өзен жағасына кетпе, ата-ананың рұқсатынсыз бөтен жерге қыдырма.

5.Күзгі суық жаңбырдан, құбылмалы ауа-райынан сақтан.

6.Ұлт азаттық мерекелерге қатыспа.



4.Қыс мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі.

1.Көк мұз, сырғанақ кезінде жолда айбайлап жүр.

2.Жолда , машина жүретін жолда сырғанамау.

3.Шатырдың астында тұрмау.

4.Өзен бетінде жатқан жұқа мұзда сырғанама.

5.Тұмаудан сақтану, алдын ала сақтану шараларын білу.

6.Қар көшкінінен сақ бол.

7.Жаңа жыл шыршасының айналасында қауіпсіздік ережесін сақтау, оттық және тез жарылатын заттарды шыршаның жанына әкелмеу.

8.Өрт болған жағдайда мектептің шығар есігінен сабыр сақтап шығу.

5.Көктем мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі.

1.Жаңбыр, нөсерден сақтан.

2. Найзағайдан сақтан.

3.Ата-ананың рұқсатынсыз саяхатқа барма.

4.Улы жәндіктерден сақтан.

5.Улы саңырауқұлақтардан сақтан.

6.Жаз мезгіліндегі оқушылардың өмір қауіпсіздік ережесі .

1.Шөп шабу кезіндегі улы жәндіктермен өсімдіктерден, үшкір заттардан (орақ т.б) сақтан.

2.Суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау, суда тұншыққан кезде алғашқы көмек көрсете білу.

3.Ата-ананың рұқсатынсыз саяхатқа шықпау керек.

4.Шөп шабу кезінде трактордың тіркесіне отырмау, көліктерге жармаспау керек.

7.Еңбек, дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік ережелері.

1.Инемен тіккен кезде инені тіспен тістемеу.

2.Қайшымен жұмыс істеген кезде үшкір жағын ұстамау.

3.Пышақпен еңбек сабағында көкеніс турағанда абай болу.

4.Дене тәрбиесі сабағында секірген кезде, турникке тартылу кезінде абай болу

8.Сенбілік кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері.

1. Жолды кесіп өткенде жол ережесін қатаң сақтау.

2.Жұмыс құралын пайдалануда қауіпсіздікті сақтау.

3. Рұқсатсыз және дара кетпеу.


Мектепке келе жатқанда және мектептен қайтқанда өмір

қауіпсіздік ережелерін сақтау.


  1. Оқушы үйден шыққан соң ешқайда бұрылмай, мектепке келуі керек.

  2. Мектептен қайтқанда бірден үйге бару керек. Мұғалімнің және ата-ананың рұқсатынсыз еш жерге себепсіз бұрылып кетпеу керек.

  3. Көше ережесін есте сақтау керек. Арнайы жолда жүру, қозғалысы көп көшеден өткеде қауіпсіздікті ұмытпау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
173
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі