Материалдар / Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жүгіру техникасын үйретемін
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

1-бөлім Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

Педагогтың аты-жөні

Ахметов Ж.Қ

Күні

12.09.2023

Сынып 10В

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты


Құндылқтарды дарыту

Талап: Салауатты өмір салтын ұстану

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;

  • Арнайы жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;

  • Жылдамдыққа жүгіру;

  • Тынысты қалыпқа келтіру.

Одан кейін шеңбер бойына тұрып бастан төмен қарай жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

Арнайы жұпта жасалатын тізбектелген жаттығулар


Қол шапалақ



Ұялы телефон


Ортасы 25 мин

Жеңіл атлетикамен айналысу кезінде. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Оқушылар жұптарға бөлініп, төменгі сөре қалпынан жүгіру техникасын орындайды.

Сөрелік сызықтан шығатын 4 қадамдық жүгіру қашықтығында сызық сызыңыз. Келесі жүгіруде 10-20 м қашықтықты белгілеңіз.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Оқушылар өздеріне берілген рольдерді орындайды. (бағалаушы, төреші). 60 м, төменгі сөре қалпынан оқытушы командасы бойынша, қашықтыққа жүгіреді. Оқушылар жұптарда бүкіл жүгіру кезеңдерін бағалайды (сөре, сөре екпіні, қашықтық бойынша жүгіру және мәреге жету)

Оқушылар жұпта мәреге жетудің дұрыс техникасын жетілдіреді. Олар 30 метрлік қашықтықта жол ортасына конустарды орналастырады. (Конустар қашықтығы 5- 10 м) Жұптарда, бір-біріне қарама-қарсы шеттерде тұрған оқушылар іргелес жолдардың бойымен ортадағы нүктеге жүгіреді. Барлық оқушылар жүгіруді орындағаннан соң жұпта мәреге жетудің техникасын талқылайды.

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп тапсырмаларды үш реттен орындайды. Әр бір өткізілген тапсырмалардан соң кері байланыс беріңіз. Оқушылар түзу орналасқан жүгіру алаңын 100 метрді бірқалыпты жылдамдықта орындайды. Айнала жүгіруде жылдамдыққа 100 метр жүгіріп қайта түзу жолда бірқалыпты жылдамдыққа ауысады. Топпен жүгірудің техникасын жүгіру қалыптарын талқылаңыз. Жүгіруге дейін және одан кейін оқушылар тамыр ырғағын өлшейді.

Оқушылар жақсы денсаулық қалпы олардың орта және ұзақ қашықтыққа жүгірумен байланысын қарастырып, алдында оқыған жақсы денсаулық компоненттерін бекітеді Демалыс кезіндегі тамыр ырғағы, жұмыс ырғағы, қалыпқа келу ырғағы.


Оқушыларды бірнеше топқа бөліп 800-1500 метр қашықтықты уақыт есебімен орындаңыз.

800-1500 м жүгіруде оқушылар алғашқы 100 м өз жодарымен жүгіргенде, жүгірушінің мақсаты – жиек бойындағы орынды бірінші болып алу үшін осы бөлікті тез арада жүгіріп шығу.

Бұл жерде белгілеуге болады:

1) Бастапқы екпіннің өзін, әдетте 15-20 м алады;

2) Белсенді жүгіру, әдетте ол спортшының бірқалыпты жылдамдыққа жақындайтын ортақ жолға шыққанына дейін жалғасады. Әдетте 800 м қашықтықта алғашқы 100 м жылдамдығы басқа жол бөліктерінің жылдамдығына қарағанда жоғары болады, тіпті мәреге жету кезінде де.

3) Мәреге жету. Мәреге ұмтыла жүгіру кезінде техника сәл өзгереді: дененің алдыға еңкеюі артады, қолдардың белсендірек қозғалысы байқалады. Қашықтықтың соңғы метрлерінде қозғалыс техникасы бұзылуы мүмкін, өйткені шаршағандық басталады.


Дескриптор Білім алушы

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады;

  • орындалатын іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жете алады.

Оқушылар қажеттіліктеріне қарай, жүгіру қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Оқушылар спринт кезінде қолдардың әрекетін жақсарту үшін жұптарда жұмыс істейді. Бастапқыда оларға шағын, бірақ жылдам қадамдар жасап, қолдарын жылдам қимылдатып, 20 метр жүгіріп өту қажет.


Белсенді жүгіру, әдетте ол спортшының бірқалыпты жылдамдыққа жақындайтын ортақ жолға шыққанына дейін жалғасады. Әдетте 800 м қашықтықта алғашқы 100 м жылдамдығы басқа жол бөліктерінің жылдамдығына қарағанда жоғары болады, тіпті мәреге жету кезінде де.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау









Бағалау парақшасын толтырады.



ҚБ

Ысқырық, секунд өлшегіш, конустар

Сілтеме:

https://youtu.be/TVTmXXs1gRQ


Сабақтың соңы 5 мин


Кері байланыс

Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).

Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:

1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!