Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық іс-шаралар арқылы күшті дамыту 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық іс-шаралар арқылы күшті дамыту 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларын әртүрлі физикалықкүшін арттыратын гимнастикалық құралдармен жаттығулар орындату арқлы сабаққа қызығушылығын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Дене шынқтыру

Күні :16.11.

Мұғалімнің аты – жөні :Сактаганова А

Сынып :2в

Қатысқандар:30 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық іс-шаралар арқылы күшті дамыту

Оқу мақсаты

2.3.2.1 Дене белсенділігінің алдында денені шынықтырудың маңыздылығы туралы білімін көрсету және түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Дене қыздыру мен қалпына келу жатттығуларының ағзаға тигізетін пайдасын үйрету.

Бөлім №3

Гимнастика арқылы денені дамыту

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады :

Орнында тұрып бұрылу жаттығуларды біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады :

Жүру,жүріп келіп бөліну және орнында тұрып бәліну әдістерін көрсете алады.

Кейбір оқушылар орындай алады :

Шапшаң қозғала алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер


Талқылауға арналған сұрақтар: ?

Бұрылу кезінде қателіктер кетеді

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Балалар оң,сол жақ бұрылуларды ажырата алмай,шатасып жатады

Ишара :


Алдыңғы оқу:

Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық іс-шаралар арқылы күшті дамыту

Жоспар

Қысқа мерзімді жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Оқушылырды сапқа тұрғызу.Амандасу.Сабақтың тақырыбын таныстыру.

  • Оңға бұрыл

  • Солға бұрыл

  • Кері айнал

Жүру жаттығулары:

  • Қол жоғарыда аяқтың

ұшымен;

-қол белде, өкшемен жүру

- аяқтың сыртқы, ішкі қырымен жүру

Жүгіру жаттығулары:

-жай жүгіру

-жылдамдықпен жүгіру

- кедергілер арасымен жүгіру

- демді қалпына келтіру.

Секіру жаттығулары:

-қол белде, оң,сол аяқпен секіру

-қол белде, қос аяқпен секіру.

-қол желкеде,толық отырып қоянша секіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

1.Б.Қ. қол белде, басты 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру

2.Б.Қ.қолды иыққа қойып 2 сан алға, 2 сан артқа айналдырамыз.

3.Б.Қ.қол белде,белді 4 сан оңға,4 сан солға айналдыру.

4.Б.Қ. қол тізеде, 4 сан ішке,4 сан сыртқа айналдырамыз.

5.қолды алға созып, отырып тұру.

6.Тізені көтеріп жүгіру.

7.Аяқты артқа лақтырып жүгіру.


Оқу бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Ортасы

Мақсаты: Дене қыздыру мен қалпына келу жаттығуларының ағзаға тигізетін пайдасын үйрету.

Балаларды үш топқа бөлеміз.

1топ тапсырма.

Оңға,солға бұрылу жаттығулары


2топ тапсырма.

Гимнастикалық орындықта орынадалатын жаттығулар


3топ тапсырма.

Үлкен доппен орындалатын жаттығулар.

Әр топ орындап болғаннан кейін, әр топтың тапсырмасы ауыспалы әдіспен беріледі.Әр топта топ басшысы өз тобын бағалайды.



Дескриптор




-оңға,солға бұрылу жаттығуларын орындайды


-орындықта тапсырманы ережеге сай орындайды



-көшбасшылық қасиеттері мен шығармашылық дағдыларын топта көрсетеді

Соңы

Балаларды сапқа тұрғызу.Тынысты қалыпқа келтіру жаттығулары. 1-2 демді ішке алып, 3-4 демді сыртқа шығару.Үйге тапсырма:Аяқ-сан бұлшық еттеріне арналған жаттығулар жасау.


Қосымша ақпарат



Саралауға оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз. Қабілетті оқушы тапсырмасын қалай түрлендіресіз. Қабілет деңгейіне қарай 3 топқа бөлдім.

1-топ «Үлкен доп » қабілет деңгейі жоғары.Тапсырма.

Секіртпемен жүгіріп секіру.

2-топ « Орташа доп» қабілет деңгейі орташа.Тапсырма.Залдың бұрыштарының арасымен жүгіру.

3-топ « Кішкентай доп » қабілет деңгейі төмен.Тапсырма.Залды айнала жүгіру.

БPicture 2 Picture 3 Picture 4 ағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийі


Толықтай түсінсе,сенімді болса,сабақ ұнаса бас бармағын жоғары көтереді



Түсінуге жақын болса,аздап білсе, сабақ орташа ұнаса бас бармағын ортада ұстайды


Егер түсінбесе,сенімсіз болса,сабақ ұнамаса бас бармағын төмен түсіреді

Пәнаралық байланыс – физикадағы инерция күшін пайдалану.

Денсаулық және қауіпсіздік.

Жүгіру кезінде аяқпен қолды дұрыс ала жүгіру.

АКТ – мен байланыс.

Интернет желісі арқылы видеоролик қарау.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).Жүгіру кезіндегі шапшаңдыққа,батылдыққа тәрбиелеу.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақтың мақсаты мен міндеті орындалды. Балалар оңға ,солға бұрылу жаттығуларын,орындықта орындалатын жаттығуларды,доппен орындалатын жаттығуларды үйреніп,меңгерді.Тапсырмаларды орындау кезінде, қабілет деңгейлеріне қарай сараланған тапсырмалар жүзеге асты. Балаларды топқа бөлу арқылы уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма бағалау критерийлерін енгіздім.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )


1: Балалардың тапсырмаларды орындауы.


2:Балалардың қабілет деңгейіне қарай топқа бөлуі.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?


1:Сабақтағы тапсырмалардың түрлендіріліп беруі.


2:Белсенді оқу әдістерін қолдана білу.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?


1:Балалардың қабілеттілігіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру.


2:Сабақ барысында бейне материалдарды пайдалану.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2018
1085
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі