Қауіпсіздік ойын жоспары жұмысы

Тақырып бойынша 21 материал табылды

Қауіпсіздік ойын жоспары жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ойын жоспары жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директ



білім алушылардың арасында құмар ойындар мен коипьютерлік ойындарға тәуелділіктен сақтандыру профилактикасы бойынша жылдық жұмыс жоспары

2024-2025 оқу жылы

Іс-шара атауы

Аяқталу нысаны

Мерзімі

Жауапты

1

Жарнаманың әсерлеріне бейімделу, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?


анықтама

Жыл бойы

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


2

Білім алушының құмар ойынға бейімділігінің белгісі бойынша ішкі есепке алу, жеке жұмыстар жүргізу

Зерттеу, анықтама

Жыл бойы

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


3

«Қазіргі әлемдегі цифрлық

сауаттылық» үгіт-насихат акциясы. 1-11 сынып

Анықтама

қыркүйек

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


4

Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы (#лудомания,менқұмаройындарғақарсымын) хештегтермен материалдар орналастыру.

Фотоесеп, әлеуметтік желіде жариялау

қыркүйек

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


5

Ойынға салауатты көзқарас (лудомания туралы бейне фильм көру) 8-11-сынып

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


Сынып сағаттары

қазан

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


6

1-11 сынып оқушылары

«Компьютерлік ойындардың зияндылығы» бірыңғай сынып сағаттары


Сынып сағаты

қазан

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


7

Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша тест сауалнама ұйымдастыру


Сауалнама

желтоқсан

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


8

«Лудомания және компьютерлік ойындарға тәуелділік» сынып сағаттары

Сын.сағ.

қаңтар

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


9

Ойынға салауатты көзқарас

Дөңгелек үстел

Ақпан

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


10

«Қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы» профилактикалық шаралар кешені

Проф.шара

Наурыз

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


11

«Балалардың ойынқұмарлығының алдын алу» тренинг

тренинг

Сәуір

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер


12


Лудомания: Басы — қызық, арты — өкініш ..



Жиналыс

Мамыр

ДТІЖО

Психологтар

Тәлімгер

Ұйымдастырушы педагог

Сынып жетекшілер




















































«Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?»



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ


Мектебіміздің педагог-психологы А.Сукурлукова «Жарнаманың жағымсыз әсерлеріне бейімделу,тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалай алуға болады?» тақырыбында психологиялық сағат өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты жарнаманың жасөспірімдердің психикасына әсер ету ерекшеліктері мен агрессивті жарнамадан қорғау болды. Іс-шара барысында «Жарнаманың жасөспірімге әсері», «Жарнаманың адамға әсер ету жолдары» туралы және қазіргі таңда көп жарнамаланатын зиянды тағамдар туралы, вейп пен электронды темекінің зияны туралы айтылды.

Оқушыларға жарнаманың адамдарға, оның ішінде жасөспірімдерге әсерін, психологиялық манипуляция қалай жасалатындығын және оған қалай қарсы тұру керек екендігі туралы талқыланып, сонымен қатар видеороликтер көрсетілді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топ өз өнімін мақтап сату үшін жарнамасын ұйымдастырды.

Жарнама адам санасына әрқалай әсер етеді. Балалардың әр түрлі жарнамаға еліктеуінің алдын алып, кері әсері туралы түсіндіру керек. Еліктіруші жарнамалардан аулақ болған жөн, тәуелділікке қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру алғашқы орында.

Психологиялық сағат барысында өмір қауіпсіздігі, құқық бұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін арттырып, оның алдын алу бойынша, сондай-ақ оқушылар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне тоқталды. Зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық орын алған жағдайда қолданылатын арнайы баптары мен айыппұлдары таныстырылды.



























Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық және қауіпсіз интернет


«Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық және қауіпсіз интернет» тақырыбы аясында 5 "А" сыныбының сынып жетекұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде ақпараттық технологияға қызығушылығын арттыру, интернет желісін пайдалану барысында қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, пайдалану жолдарын түсіндіру.

Цифрлық сауаттылықтың не екеніне тоқтала өтсек -жаңашыл цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз түрде пайдалану. Яғни, сіз пайдаға асыратын көмекші қосымшалар жеке басыңызға қатысты ақпараттарды құпияда ұстап, өзіңізді виртуалды әлемде толықтай қауіпсіздікте сезінуіңіз. Сонымен қатар, бұл саланың қыр-сырымен 5 саусақтай таныс болу және ғаламтор кеңістігінде өзіңізді саналы адам ретінде ұстау.

Сыныптық шарада оқушыларға желі қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік желіде қауіпсіз жұмыс жасай білу,кибербуллинг және одан қорғанудың жолдары ,интернеттегі алаяқтық пен агрессия туралы айтылды. Интернеттегі фишинг,компьютерлік вирустардан қорғану әдістері,желідегі қауіпсіздік тақырыбында оқушылар өз білімдерін таныстырылым арқылы айтып берді.Интербелсенді тақтаның көмегімен түрлі сұрақтарға жауап берді."Қауіпті" және "Қауіпсіз" тапсырмасы бойынша оқушылар өз жобаларын ұсынып сұрақтарға жауап берді.Сыныптық шараны өткізген информатика пәнінің мұғалімі оқушыларға интернет желісіндегі қауіпті ойындар мен алаяқтар арбауына түспес үшін желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендігін түсіндіре отырып,оқушылармен пікір алмасып,ой бөлісті.































Әлеуметтік желілерде құмар ойындардың зияны туралы

"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді.

Сондықтан да қазірден бастап балаларға құмар ойындардың зияны туралы айтып, лудомания дертіне шалдықпауын қадағалауымыз керек.

Осыған орай 8-11 сыныптар аралығында "Лудомания мен құмар ойындарға қарсымын", "Әлеуметтік желіде лудомания және құмар ойындардың зияны" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты: Интернет кеңістігінде оқушылардың қауіпсіздігін зиянды әрекеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету.

Әрбір оқушы білім алумен қатар, бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке тәуелділікті алмастырар еді.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды. Лудомания деген не? Лудоманиядан қалай аулақ болу керек? Оның адам мен қоғамға тигізер зардаптары қандай? Осы жөнінде мектеп психологы А. Қожахметова 7-8 сынып оқушыларына тренинг сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардан сауалнамалар алынып, түрлі ойындар мен жаттығулар жасалды.

Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді





























ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС

Жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың арасында мектеп психолң ұйымдастыруымен «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында әңгіме өтілді.

Әңгіме мақсаты:

құмар ойындардың адам психикасына зиянды әсері туралы түсінігін кеңейту; оқушыларда бар проблеманы саналы түрде түсінуді дамыту;

құмар ойындарға теріс көзқарас қалыптастыру;

салауатты өмір салтына оң көзқарасты тәрбиелеу;

өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

Шара барысында жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Жүрек» тренингін жүргізді. Аяқталмаған жүректі аяқтап салып, ортасына бір заттың суретін салып, әңгімелетті.

«Лудомания қалай емделеді?» тақырбында бейнеролик көрсетіліп, жетелеуші сұрақтармен талқыланды.

Кері байланыс жасау мақсатында «Тілек ұшағы» әдісі жүргізілді. Өзіңе не тілесең, досыңа соны тіле деген ұранмен, ұшақ жасап, қанатына тілектерін жазып, достарына ұшырды.

Құмар ойыннан аулақ болып, өмірге салауатты көзбен қарайық деген қорытынды жасалды.

Оқушылар өзекті мәселелерді талқылауға қатысып, бейнеролик көріп, пікір білдірді



































"Компьютерлік ойындардың зияндылығы" тақырыбында 3 "А" сыныбында ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары болып өтті.

Оқушыларға компьютерлік ойындардың зияны – олардың адамның психикалық және физикалық денсаулығына тигізетін теріс әсерлері бар екеніне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Денсаулыққа әсері мен психикалық және әлеуметтік әсерін оқушыларға толық жеткізу.

Ойын жасаушылар мен ата-аналарды, сондай-ақ қоғамды ойындар мен олардың мазмұнының жауапты пайдалануы жөнінде ойлануға шақыру.

Сабақ барысында оқушыларға бейнеролик көрсетілді.

Сендер компьютерлік ойындарға қанша уақыт жұмсайсыңдар?

Ойын сендердің оқу процесіне қалай әсер етеді?

Лудомания белгілерін білесіздер ме? Оқушылармен пікрталастар болып ,ситуациялық сұрақтарға жауап берді.

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру- біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен.

Демек, кез келген ата-ана балаларына компьютерлік ойындарды ойнатпас бұрын оның зияны туралы да ескертуді ұмытпағаны жөн.



































Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау бойынша тест сауалнама ұйымдастыру

Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 3,16 миллионға жетті, бұл жалпы халық санының 19,8% құрайды. Бұл туралы ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясы анықтаған. Әрине, қуантарлық жағдай. Интернет адамзаттың ойлап тапқан ұлы құбылыстарының бірі деп айтсақ артық болмас. Қазіргі кезде интернет пайдаланушылар саны күн сайын өсіп келеді. Уақыт талабына сай ақпараттық технологияларды пайдаланған өте дұрыс. Ғаламторды өз мақсаттарында қолдануға халыққа ешкім тыйым салмақ емес, керісінше «заманауи адам» болуды барлығымыз-ақ құптаймыз. Бірақ заманыңнан қалыспау ғаламтордың «тұтқыны» болу деген сөз емес.

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусилимов және мектеп психологы А.Сукурлукова 8- 11 сынып оқушылары арасында «Интернетке, компьютерге және ойынға тәуелділікті анықтау» тақырыбында сауалнама алды.

Мақсаты:

Сауалнама нәтижесі бойынша интернеттің пайдасы мен зиянына: пайдалы ақпаратты алу, адамдармен байланыс, кітап оқуға мүмкіндік, ал кейбір оқушылар ешқандай зияны жоқ деп көрсеткен. Виртуалды тәуелділіктен қалай арылуға болады деген сұраққа әр адамның өз хоббиі болуы керек, интернетті өшіру, достармен көбірек араласу, білмеймін деген жауаптар берген.

Сауалнама қорытыныдысы бойынша оқушылардың интернетке тәуелділігі төмен, компьютер ойындарына құмарлығы жоқ екені анықталды.

Тель-Авив университеті медицина факультетінің психиаторы Пинас Даннонның айтуынша ғаламтор пайдаланушыларының 10% -ына нақты «интернет тәуелділер» деп медициналық диагноз қоюға болатынын алға тартады. Ғалымдар интернетке тәуелділерді дәстүрлі психологиялық ауытқуларды қалай топтап зерттесе, дәл солай бөліп қарағанды жөн санайды. Сонымен қоса бұл мәселеге үстіртін қарағанды доғару керек, әсіресе жасөсірімдер мен балалардың құмартуына жол бермеу маңыздылығына тоқталады ғалымдар.

Ел болам десең бесігіңді түзе,халқым! Қауіпті «дерттен» сақтанған абзал. Сананың саулығы тәннің де саулығы!!!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.01.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі