"Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

ГShape1 еометриялық фигуралар үлестіріледі

Shape2 Shape3

Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.

- Пайдалану ережелерін білмейтін құралдармен жұмыс істеме.Құралдармен жұмыс істер алдында қолдану нұсқауымен танысып, онымен қалай жұмыс істеленетінін үйрен.

- Құралдар мен жабдықтарды мұғалім көрсеткен ретімен орналастыр.

- Жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен баста.

- Жөнделмеген немесе мұқалған аспаптармен жұмыс істеме.

- Құралдар мен аспаптарды тек қана арналған іске пайдалан.

- Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткеніндей ұста.

- Жұмыс кезінде сөйлеме. Мұғалім саған көңіл аударғанда, жұмысынды тоқтат.

- Жұмысты орындаған кезде зейінде бол, басқа жұмысқа көңіл бөлме.

- Жұмыс орнына таза да тәртіпті ұста.

- Құралдар мен жабдықтарды арнайы жерде сақта, бір-біріне үйіп, сапырылыстыра сақтауға болмайды.

Сергіту сәті

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау орындау

Сарамандық жұмыс

1-топ

Әр түрлі құралдарды пайдалану

ережелері.


- Жұмыс кезінде құралды (аспапты) мұғалім көрсеткендегідей ұста.

- Пышақ, қайшы және арамен жұмыс істегенде сол қолды олардың жүзінен алшақ ұста.

- Тақтайды, ағашты жонғанда қолыңды пышақ жүзінен жоғары ұста. Өзіңнен әрі қарай жон.

- Пышақ пен қайшының жүзін жоғары қаратып ұстама.

- Жолдасыңа жабық қайшыны шеңберше жағымен, пышақты сап жағымен ұсын.

- Беті жылтыр қатты заттарды: кепкен жаңғақ қабыршығын, қарағай бүршігін, жаңғақ қабығын бізбен теспе. Ол үшін арнайы жіңішке бұрғышаны қолдан.

- Жұмыс алдында балға сабының нық орнауын қадағала.

- БФ, ПВА желімдерін қолданғанда, бөлме мейлінше желдетілген болсын.

- Инені шашпа және кез келген жерге тастама, матаға немесе киімге шванышпа. Ешқашанда инені ауызға салма.

- Қауіпті жағдайда немесе апат болса, мұғалімді шақырту қажет., содан кейін алғашқы көмек көрсетіп, жарақаттанушыны дәрігерге жеткізу керек.

2-топ

Жұмыс орнын ұйымдастыру.


- Өз жұмысыңды ақырына дейін ойластыр. Жұмыс жоспарын құрып, суреттер мен сызуларды дайындап ал.

- Жұмыс орнын дайында, қажетті құралдарды алдын ала таңдап ал да, жарамдылығын тексер, содан кейін дұрыс орналастыр. Оң қолмен (алатыңды) ұстайтынды оң жаққа қойған жөн.

- Жұмысқа кенректі материалды өзің таңдап ал немесе алдын ала дайында.

- Орындап жатқан жұмыс сапасын бақылап, тексеретін және өлшейтін құралдарды тиімді қолдан.

- Құралдар мен жабдықтарға ұқыпты болып, жұмсалатын бұйымдарды үнемдей біл.

- Жұмыс барысында орынның таза да тәртіпті болуын қадағала.

- Жұмыс сорңында орныңды тазалап, материалдар мен құралдарды тиянақты жиыстыр.


Ой толғаныс

БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс





Рисунок 2333

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мектеп ауласындағы күзгі жұмыс

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, көргенін жасай алуға, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Психологиялық ахуал

Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

Shape4

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?

Shape5

Өткен сабақта саған не әсер етті?


Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау орындау

Сарамандық жұмыс

Мектеп ауласындағы күзгі жұмыс

Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым








Үйге тапсырма

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі