Материалдар / Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын жағдайында допты басқару техникасы кезінде денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2022
625
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім 
Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.

Мектеп: «Алматы облысы Білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нугманов Руслан Оразғалиұлы

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы.

Оқу мақсаттары

9.3.4.4 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу.

Сабақ мақсаттары

Ойын жағдайында допты басқару техникасы кезінде денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

  • ойын жағдайында допты басқару кезінде техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді, денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді біледі;

  • допты игеру кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді, денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді сипаттай алады;

  • ойын жағдайында допты басқару техникасын көрсете алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл: финт, соққы, ену, жалтару, алдау

  • қорғау: дербес қорғау

  • пас, беру, доппен және допсыз қозғалу, ұстап қалу.

  • тактика және стратегия

  • команданың ұйымшылдығы, командалық ойын

  • қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар, орталық

  • кеңістікті пайдалану

  • рөлдер: көшбасшы / капитан, талдаушы, орындаушы.

Құндылықтарды дарыту




-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік



Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім



Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған командалық ойыныңдарында тәжирібесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


















«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы командалық қызметте әлеуметтік дағдыларды жетілдіру бойынша қауіпсіздік ережелері туралы мәселелер нақтыланады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар командалық қызметте әлеуметтік дағдыларды жетілдіру бойынша жұмыс істейді.

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды. Командалық ойындарда жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттерді орындайды және көрсетеді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, фишкалар, ысқырық.




Сабақтың ортасы

25 минут






























































1 тапсырма

(С, ҚБ) Қауіпсіздік ережесі. Дене шынықтыру сабақтары кезінде оқушылардың көңіл-күйін бақылай білу. Қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау: Жабдықтар мен ресурстарды қозғалыс кезінде қауіпсіз пайдалану және арнайы жаттығуларды сапалы орындау.

Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып командалық іс-әрекеттерде негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Оқушылар үштікте ақылдаса отырып командалық іс-әрекеттерді орындайды қауіпсіздік ережелерін, денсаулыққа пайдалы дене жаттығуларын ойластырып орындауға тырысады. Жаттығуларды көрсету барысында бас, иық, қол, бел, аяқ, секіру секілді негізгі қозғалыс жаттығулары арқылы дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.

Мұғалім әрекеті:

- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;

- сыныпты бірнеше шағын топтарға бөледі;

- оқушыларға жеке топ ретінде өзіндік дене жаттығуларын жасақтап көрсетуді ұсынады;

- жаттығудың аты мен рөлдерін нақтылауды талап етеді;

- тапсырманы түсіндіреді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;

- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;

- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;

Оқушы әрекеті:

Оқушылар үш адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.

1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.

2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.

3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.

Дескриптор:

- қауіпсіздік ережелерін біледі, түсіндіреді;

- шағын топта тиімді әрекет етеді, жаттығуды көрсетеді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.



2 тапсырма

(С, Ж, ЖЖ, К) Допты алып жүру және допты бір-біріне беру. Оқушылар алаңның ұзындығымен допты жайбарақат алып жүреді және конустарды қиғаштап айналып өтеді.





Дескриптор:

- қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;

- алаң бойынша емін-еркін қозғалу;

- допты алысқа жібермей қозғалу.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық.


Қозғалыс мәнмәтінінде жабдықтар мен ресурстарды қауіпсіз пайдалануға сілтеме.

https://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/.../tekhnika-bezopasnosti-futbol































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!