ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ НОРМАЛАРЫН МЕҢГЕРТУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Оразбаева Э.Б. ф.ғ.к., Т.Шырынхан 2 курс магистранты
Қазақ әдеби тілінің қалыптасу мен даму тарихы туралы көптеген пікірлер бар. Қ.Жұмалиев пен М.Балақаев бастаған ғалымдар тобы қазақ әдеби тілінің тарихы жазба әдебиеттің пайда болуымен байланысты XVIII ғасырдан басталады деп есептесе, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов бастаған ғалымдар XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, ұлы ақын Абай Құнанбаев пен ағартушы Ыбырай Алтынсарин шығармаларының баспадан шығарылуымен байланыстырады, ал Р.Сыздықова көне әдеби тіл мен жаңа жазба әдеби тіл деп екіге бөліп қарастырады да, қазақ әдеби тілінің тарихы XV ғасырдан басталады деп тұжырымдайды. Сонымен бірге қазақ әдеби тілінің тарихын ауыз әдебиеті үлгілерімен байланыстыра қараған ғалым-зерттеушілер де бар. Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың пікірінше қазақ әдеби тілі, біріншіден сұрыпталған, нормаланған тіл болуы керек; екіншіден, жалпыхалыққа тегіс танылған болу керек; үшіншіден, функциональды стильдері болуы керек; төртіншіден қоғамның барлық саласында қолданылуы керек.
Қазақ әдеби тілінің стильдері, әдеби тіл, әдеби тіл нормалары, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениеті, жазу мәдениеті мен жазу сауаттылығын зерттеу мәселелері қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады.
Профессор Рабиға Сыздықова қазақ тілі біліміндегі қазақ әдеби тілі туралы ғалым-зерттеушілердің пікірлеріне талдау жасай келе, әдеби тіл болу үшін жазба тіл болу керектігін алға тартады да, қазақ әдеби тілінің тарихын Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин есімдерімен байланыстырады. Әдеби тіл сол халықтың әлеуметтік тұрмысын көрсетеді деп санайды және оған негіз ретінде М.Балақаевтың «Әдеби тіл дегеніміз жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды» деген пікіріне сүйенеді.
Р.Сыздықова қазақ әдеби тілінің тарихы туралы жазған еңбегінде былай деп жазады: «Әдеби тіл ұғымын түсіну үшін, ең алдымен «әдеби» сөзінің мағынасына мән беру керек. Өйткені қазақ тіліне әдебиет сөзі араб тілінен ауысып «асыл сөз» деген мағынаны білдірсе, орыс тіліне латын тілінен ауысып «жазу» деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты әдеби тіл стильдері немесе кітаби стильдер, тіл және сөз мәдениеті, әдеби норма, тіл нормасы деген ұғымдар тілімізге орыс тілі арқылы енген. Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің барлық түрі жататындықтан, жазба тіл нормаларының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді» [1].
Әдеби тіл нормасы дегеніміз – тілдегі бірізділікті сақтау, тілдік бірліктерді белгілі бір тәртіп пен қағидаға, заңдылыққа сай жазу мен айту, қолдану. Тілдік норма – қоғамдық қатынастармен жүйеленген, қалыпқа түскен амалдар мен тәсілдердің жиынтығы мен ережесі. Тілдің нормасы тұрақты болады, алайда қоғам мүшелеренің өзгеріп отыруына, тілді қолдануына байланысты дамып, өзгеріске түсуі де мүмкін. Тіл нормасы сөйлеу мен жазу арқылы қалыптасатын болғандықтан, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Профессор С.Аманжолов қазақ тілінің синтаксисіне арналған еңбегінде ойлаудың да, сөйлеудің де даму жолы бар. Сөйлеу кезінде айтатын ойымызды таразылап, жоспармен, тәртіппен сөйлемдердің тізбегі арқылы жеткіземіз. Ойды жеткізудің тәртібі бар деген пікір айтады [2].
Белгілі көрнекті ғалым М.Балақаевтың тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, әдеби тіл туралы жазған еңбектерінің маңызы зор. М.Балақаев қазақ әдеби тілі туралы жазған зерттеуінде қазақ әдеби тілінің қоғам мүшелерінің өмірінде алатын орны мен оның түрлі салаларын қарастырады. Тіл мәдениетін зерттеуді қолға алып, тілдік бірліктерді дұрыс қолдану дағдысын қалыптастырудың жолдарын қарастырады. М.Балақаев қазақ тіл біліміне тіл нормасы деген ұғымды ендірді [3].
Жалпы халықтың тіл мәдениеті оның рухани мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланысты, халқымыздың тіл байлығы – мақал-мәтелдерде, шешендік сөздерде, өлең-жырларда сақталған.
Академик Р.Сыздықованың қазақ әдеби тіліне арналған еңбектері көп және құнды болып табылады. Сондай еңбектерінің бірі тілдік норма мен оның қалыптануына арналған. Бұл еңбегінде ғалым ең алдымен тіл нормасына қатысты терминдерге назар аудару керектігін алға тартады. Норма деп тілді қолданудың тәртібін, ал нормалану деп оның қалыпқа түсуін, адамдардың тілдік бірліктерді сұрыптап қолдануын айтады. Тіл мәдениетінің негізгі нысаны – тілдік нормалар. Ал норма тіл жүйесі мен тілдің құрылымымен байланысты. Тіл жүйесі – тілдік қолданыстардың белгілі бір тәртіппен, үлгімен келуі, ал тілдік құрылым – жүйе бойынша іске асқан материалдар [4].
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы сөзді дұрыс қолданудың қажеттілігіне назар аударып, сөздің дұрыстығы деп – әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс жұмсалуын айтамыз деп жазады. Ол үшін алдымен сөз мағынасын, сөздің тұлғасын өзгертетін қосымшаларды дұрыс пайдалану керек, сөйлем ішінде сөздерді дұрыс септеп, көптеп, дұрыс орналастыру керек және сөйлемдерді бір-бірімен дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластандыру керек деп тұжырымдайды [5].
Қазақ әдеби тілінің нормасын ғылыми негіздеп, оның жеке зерттеу бағыты мен ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына жол салған А.Байтұрсынұлының еңбегін жалғастырған қазақ тіл білімін зерттеуші-ғалымдар Қ.Жұбанов, М.Балақаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Т.Қордабаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, С.Исаев т.б. еңбектерінің маңызы жоғары және құнды болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Р.Сыздықова. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы, 1993. –320б.
-
Аманжолов С. Қазіргі қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.
–Алматы, 1994. – 350 б.
-
.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және нормалары. –Алматы, 1984.
-
Сыздықова Р. Тілдік норма және қалыптануы. – Алматы, 2014. – 292 б.
-
Байтұрсынұлы А. Тіл танытқыш. –Алматы, 1992. –448 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ әдеби тіл нормаларын меңгертудің ғылыми негіздері

шағым қалдыра аласыз