400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиет шығармаларын комикс жанрында оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Комикс жанры, ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
Жалпы білім беретін «Немере» жекеменшік
мектебі

Ы. Алтынсариннің
«бай баласы мен жарлы
баласы» шығармасын
комикс жанрында
сипаттау
Бағыты: гуманитарлық бағыт, қазақ әдебиеті
Орындаған: 9«Ә» сынып оқушысы Үсенбай Әсем
Жетекшісі: Мейрбекова К. Т. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі

Комикс жанры және
балалар әдебиеті

Мақсаты:
Балалар әдебиетіне қызықты жанр болып
есептелетін комикс жанры бойынша көркем
шығарманы оқуды насихаттау.

Міндеттері:
1.Балаларды комикс жанры арқылы көркем
шығармаларды оқуға насихаттау
2. Қазақ әдебиеті пәні бойынша
шығармаларды жеңіл түрде оқуды балаларға
үйрету

Ғылыми болжам:

Әлем әдебиетінде казақ тілі деңгейін
көтеру мақсатында комикс жанры
арқылы Ы. Алтынсарин
шығармаларын таныту мүмкіндігі
бар

Зерттеу әдісі:
Басқа елдердің тілінде жазылатын
комикс жанрында өз туындыларын
шығарып жүрген әлемдік комикс
жазушыларының тәжірибесіне
сүйендік

Жаңалығы:
Тәлім тәрбие беруде
комикс жанрын
пайдаланудың тиімділігі

Жұмыстың нәтижесі: Комикс жанрында шығарманы тез ұғыну

Комикс
Комикс (ағылш. cоmіс күлкілі) — суретті
әңгімелер, комикс әдебиет пен бейнелеу
өнері секілді өнер түрлері сипаты.
Комикстың көптеген анықтамалары бар.
Олардың барлығы ақыр соңында оның
белгілі бір әңгіме туралы сөз шертетін
суреттердің тізіміне сай келеді. Комикс
бұл хикая мен визуалды іс-әрекеттің
бірлігі. «Комикстің мәні» (ағылш.
Understanding comics) атты кітабында
Скотт МакКлауд «бірізді кескіндер» іспетті
қысқаша және «мағыналық бірізділікте
көршілес суреттердің және басқа да
кескіндердің» анықтама береді.

Комикс суретпен салынған хикая. Әдебиет
және сурет өнерін ұштастырады. Бұл өнердің
сан түрлі тармағы бар. Бірі графикалық роман
тәрізді болса, енді бірі тіпті қысқа болады,
оларды стрип деп атайды. Кей мемлекетте
сурет салынған шығармалардың өзіндік атауы
бар. Француз тілді елдер комиксті bande
dessinée, яғни суретпен салынған лента десе,
жапониялық комикс манга деп аталады.
Суретпен өрілген әңгімелер XVI-XVII ғасырда
Валенсия және Барселонадан бастау алған. ХІХ
ғасырда Эпиналда халық бұл өнерді өндіріс
көзі етіп алады. Пеллерен фабрикасында 16
ұсақ суреттермен құрасытырлаған 600-ге жуық
хикаялар басылып шыққан. Осыдан кейін
жекелеген адамдар да өз бетімен суретті
хикаяттар жазып, таратқан.

Қазіргі біздің қатарымыздағы
барлық балалар қандай
шығармаларды оқиды?
Әрине, талғам көп. Барлығының жауаптарынан шетелдік әдибиеттерді
оқитынын байқадық. Барлық оқушылар Хәрри Поттерді оқиды екен.
«Балалар неге қазақстандық жазушыларды оқымайды?» деп
қынжылғандай боласың. Сұраққа жауап іздеп, елде балаларға арналған
шығармалар жазатын, қазіргі біздің дүниетанымызға, түйсігімізге сәйкес
шығарма жазатын жазушылар жоқ па деген ойға келесің. 2000жылдардың ортасында «Менің атым Қожадан» басқа жасөспірімдер
оқитын кітап болмады. Бірақ «Менің атым Қожа» да қазіргі альфа
ұрпақтың дүниетанымына, зердесіне сай келетін шығарма емес. Мұғалім
тарапынан талап етілгендіктен оқылатын шығармалар қатарында
саналады.

Енді қайтеміз?
Сонда балаларымыз не ертегіні, не заманауи әдебиетті білмей ме?
Олардан ертең қандай азамат өсіп шығады? Балаларды туған
жерін сүюге қалай тәрбиелейміз?» деп ойландым. Патриотизм,
отанды сүю деген - жауыр болған тақырып. Бірақ жас ұрпақты
патриотизмге тәрбиелеуіміз керек. Отансүйгіштік пропаганда,
ақыл айту сияқты ескі әдістермен емес, жастарға қызық тілде
берілуі тиіс. Бұл - қиын, бірақ маңызды жұмыс. Қазір балаларға
арналған көптеген шығармалар, анимациялық фильмдер,
комикстер жарық көріп жатыр.

Қазіргі таңда оқушылардың қолынан кітап емес, смартфон түспейтінін бәріміз
көріп жүрміз. Телефоннан пайдалы дүние көрмейтініміз де рас. Керісінше, миға
қисынсыз ойындар ойнап жүреміз. Сол себепті кейбір шығармаларды комикс
түрінде оқуға ұсынсақ, барлық балалар үшін тиімді болар деп ойлаймын. Себебі,
Жапон елінің манга жанрындағы шығармаларын барлық балалар сүйсіне оқиды,
кейіпкерлеріне еліктейді. Неге өз әдебиетіміздің құнды, тәрбиелік мәні зор
шығармаларын оқымасқа деген ой келеді. Мен комикстерді жақсы көремін.
Өкінішке орай, қазақ тіліндегі комикстер өте аз. Олардың кейбірінде біздің
танымымызға жат жаргон сөздер мен көше тілі орын алуда. Сондықтан қазақ
әдебиетіндегі көркем туындыларды насихаттайтын қазақ тіліндегі комикстердің
болғанын қалаймын. Сол себепті, балалар әдебиетінің атасы саналатын Ыбырай
атамыздың «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасын комикс жанрында
сипаттап, балаларға ұсынғым келді.

Практикалық бөлімде «Бай баласы мен жарлы баласы»
шығармасын комикс жанрында сипаттаудың 2 тәсілін
ұсынамыз. Бірінші тәсіл, қолдан суреттер салу арқылы
шығарма эпизодтарын суреттедік. Сурет салу бойынша
сыныптасым Ерсеріқызы Бөрте көмек көрсетті. Екінші тәсіл,
компьютерлік технология арқылы шығарманың сюжетін
сипаттап шықтық. Компьютерлік технологиямен сурет салу
үшін сыныптасым Абилхай Аяулым қол ұшын берді.

Өзімнің жоба жұмысының қорытындысын
SWOT кестесі арқылы талдап өттім. Комикс
жанрының тиімділігі:
1. Кез келген оқушының кітап оқуға деген құштарлығын оятады.
2. Комикс жанры альфа ұрпақтың цифрлық сауаттылығына сәйкес келеді.
Яғни, кез келген уақытта ғаламтор арқылы оқуға мүмкіндіктері бар.
3. Комикс жанры арқылы ұлттық болмысымызға тән құндылықтарымызды
сақтауға септігін тигізеді.
4. Оқушылардың көру сезімі арқылы есте сақтау қабілетін арттыруға
болады.
5. Оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуына, креативтілігіне көп
септігін тигізеді.
6. Оқушы шығарманың сюжетін көз алдына елестету арқылы шығарманың
мазмұнын толық түсіне алады.

1. Аниме секілді қатты беріліп кетуі, сол образдың фанатына
айналуы

1. Ы.Алтынсарин шығармаларын әлемдік деңгейде өз оқырманын
табады деген сенімдемін.
2. Балалар әдебиетін шетел әдебиетінің озық үлгілері қатарынан
көре
аламыз.
1. Комикс жанрындағы кітаптарды баспадан шығару көп қаражатты
талап етеді. Бұл кітап оқырмандар үшін қымбатқа түсуі мүмкін.

Назарларыңызға рахмет!
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
311 ұстаз жүктеп алған
03.05.2024
1390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі