Материалдар / Қазақ әдебиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2021
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Талап Сұлтанбековтің «Көшпелі алтын» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы орындай алады: кейіпкерлерге ортақ мінез-құлықтарды

анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: басты кейіпкердің ерекшелігін

сипаттайтын мінез-құлықты анықтайды, шығармадан мысал келтіреді;

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлерге ортақ мінез-құлықтарды анықтайды, басты кейіпкердің ерекшелігін сипаттайтын мінез-құлықтарын шығармадан мысал келтіре алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Диалог құруға, шығарма жазуға арналғаг пайдалы тіркестер:

«Менің ойымша,.. Менің байқағаным.... Мен ойлаймын...»

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Фантастика (көне грекше: φανταστική – көзге елестету өнері)

Көрнекі құралдары: видеобейне, презентация, аудиотыңдалым.


Сабақ барысы:

    1. Фантастикалық әңгімелердің жазылу ерекшелігі

    2. Оқиға желісі қалай басталады?

    3. Психологиялық параллелизмнің әңгімеде көрініс табуы

«Көш­пе­лі­ал­тын» ­ғылыми-фантастикалық­әңгімесі

Алтын көрсе, періштежолдантаяр. (Мақал)

Фан­тас­ти­ка­лық­әң­гі­ме­лер­дің­жа­зы­лу­ерекшелі­гі­қан­дай?

ТалапСұлтанбековтың «Көшпелі алтын» аттышығармасығылыми фантастика жанрындажазылған. Бұлтуындыүшбөлімнентұрады – «Таудағы от», «Шайтантауғасапар», «Үңгірдегі сыр». Әрбөліматауынасәйкесәңгімесюжеті де бағытынөзгертіпотырады. Негізгікейіпкерқарапайыммектепоқушысы – Сәмен. Та­би­ғат­тың­ тылсым­ құ­бы­лыс­та­ры­на ­бай­ла­ныс­ты ­қан­дай­ аңыз­ бі­ле­сің? Әңгімедегі оқиға желісі Сәменнің тау бөктерінен «көшпелі алтын» атты ғажайыпты жолықтырғанынан бастау алады. Қоскөл ауылының тұрғындарына ертеден таныс алтын туралы аңыз басты кейіпкердің ойына оралғанымен, қапелімде не істерін білмей, аңтарылып қалады. «Сәмен Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде кенет астындағы торы осқырынып жалт берді. Аяқ астынан үріккен аттың жалын құшып қалған ол әнтек құламай қалды. Тізгінді күшпен тартып, торыны әзер тоқтатып, артына бұрылғанда тұла бойы түршігіп, шошып кетті. Қараса, сайды құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. Үлкендігі аттың басындай. Балқыған қызғылт-сары. Жер бетінен бір метрдей биікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді. Жол жөнекей ұшқын ұшып түсіп жатыр. Бұл не деген керемет! Сәмен аузын ашып аңқиып тұр. Қозғалуға дәрмен жоқ. Сәменнің ойына бір кезде атасынан естіген ескі аңыз түсті. Көшпелі алтын! Бұлкөшпелі алтын ғой! Ол ой түкпірін қазбалап, есіне аңызды түсіре берді. ...Бір кедей жігіт болғанекен. Ол түнде ұйықтап жатса, үйіне көшпелі алтын кіріпті. Ол жалма-жан орнынан тұрып, алтынды қумақ болады. Сөйтсе, алтын «аяғын» сытыр-сытыр «басып», кірген есігінен қайта шығып кетіпті. Жігіт артынан қуа шығады. Алтын жайлап жүріп отырып, үй артына кетеді. Жігіт жан қалтасынан кездігін алады да, шынашығын тіліп жіберіп, кетіп бара жатқан алтынныңүстіне бір тамшы қан тамызады. Сөйтсе, алтын сатыр-сатұр етіп жарылыпты да, жерге сіңіп кетіпті. Жігіт үйден күрек әкеліп, жалма-жан жаңағы жерді қаза бастайды. Белуардан қазғаннан кейін бір қоңыр тас қапаналаған ат басындай алтынды көріпті. Соншама мол қазынаға кенелген жігіт содан кейін байып кеткен екен» дейді аңызда.

Оқиғаның қызықты өрбуіне арқау болған осы бір сюжет желісіәрі қарай жас оқушының қиялын жетелеп, құпия сырды ашуға ынтықтырады. «Не істеу керек? Аңыздағы сияқты қуайын ба, әлдеқайда барар екен, бақылайын ба?». Осы екі сұрақ Сәменді әрі-бері жібермей, арпалыстырып тұр. Бірақ ғажап көрініс оны күтпеді. Алтын сайды құлдилап келді де, суға еңкейе құлап тұрған жақпартасты айнала беріп, ғайып болды. Сәмен көп аялдамады, алтын қонған жерді белгіледі де, қызыларайланып келе жатқан таңды бетке алып, ауылына тарта жөнелді».

Психологиялық параллелизм арқылы жазушы табиғат көрінісінің әдемі суретін адам жанының сол кездегі құбылысына, кейіпкер ойының ашылуына қарай көркемдеп отырады. Мәселен, «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал. Етегі қып-қызыл қорымтас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды...». Осы үзіндіде берілгендей ерекше жер-су аттары да оқырманды ерекше қызықтырады.

Сәмен­ қандай­ шешім­ қабылдайды?Ертеден келе жатқан, туған мекені жайындағы аңыз оқушы Сәменді де баурап алады. Дегенмен ғылыми-танымдық әдебиеттерді көп оқитын Сәмен бәрін өзі тексеріп көруді ұйғарады. Досы Қажытаймен бірге «алтын сапарына» аттанады.

Жазушы Шайтантауды сипаттау арқылы оқырмандарын алда болар оқиғаға ынтықтырып қояды: «Шайтантау қойнауы елсіз, күнсіз, иен шатқал, малшылар да қонып көрген емес. Етегі қып-қызыл қорым тас. Ал оның шырқау шыңына бұл уақытқа дейін тірі пенде аяқ басып көрмегенге ұқсайды. Жұрттың айтуынша тек қана байларды конфискациялау тұсында қашқан-пысқан ұрықарылар тығылып жүретін үлкен-үлкен үңгірлер бар дейді тау басында. Елді мекеннен әрі қашық, әрі кісі қызығарлық дәнеңесі жоқ болғанымен, бұл таудың ғажап құпия сыры ел аузында талай аңыздар тудырған. Шайтантау деген ат бұған тегін берілмепті. Мал қарап шыққан талай жылқышылар бұл таудың басынан, етегінен жарқылдаған оттар көрген. Екінші бір ғажабы, тау оншалықты биік болмаса да, бауырына бұлттар шөгіп жатады екен». Осылайша деміңді ішіңе тартып, бір ғажайып оқиғаға дайындаласың.

Соңғы «Үңгірдегі сыр» деп аталатын бөлімде балалар сауалдарында ғылыми түрде нақты жауап алады. Мұнда жұмыс істеп жатқан ғалымдардың бірі Сералы Әйтиев жұмбақтың сырын ашады. «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен кейін-ақ түсінген боларсыңдар, – деді Әйтиев. – Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния» дейді. Біз мына өзіміз отырған биіктаулық лабораторияда жұмбақ сыры көпке дейін белгісіз болып келген осы көшпелі найзағайдың сырын ашу жолындамыз. Алдымен лаборатория ішінде, кейінірек кәдімгі табиғи түрде жасауды игердік. Соның өзінде осындай найзағайдың бірнешелеген түрі бар екен. Электр туралы, оның оң және сол зарядтарының бар екендігін және олардың бірін-бірі тарту, тебу қасиеттері жөнінде өздерің білесіңдер. Найзағай табиғаты атмосфералық электрде жатыр. Өзіміз күнде аяғымызбен басып жүрген жер мен оны қоршаған атмосферада электрдің адам игілігіне жаратылмаған орасан зор қазынасы бар. Мұның өзінде жердің үстіңгі қабатының көпшілік бөлігі сол зарядпен зарядталған. Өздеріңе мәлім, найзағай қарама-қарсы зарядтардың арасында ғана болады. Ол үшін жерден биік оң зарядталған дене болуы қажет қой. Оның рөлін кәдімгі жауын бұлты атқарады. Ауа үйкелісінің әсерінен бойына оң заряд жинаған бұлт онысы шекті мөлшерден асып кетсе, жердегі қарама-қарсы заряды бар бір затқа (қарсы зарядтардың бірін-бірі тарту заңдылығы бойынша) өз бойындағы жиған-тергенін таратып береді екен. Ал ауа өзі тұрған жағдайында электр тогын өткізбейді емес пе? Міне, осы кезде атыс басталады. Бұлт өзінің зарядын шоқтап, алыстан ұшқын атқызып жеткізеді. Мұны бұлттың разрядталуы дейді. Разрядталу кезінде найзағайдың оты көрінеді. Шар найзағай міне, осы разрядталу кезінде электрленген ауада кейбір жағдайларда ғана пайда болады». Дегенмен Әйтиев тауда алтынның болу мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Бірақ аңызда негіз бар. Мәселен, бізден бұрын да басында найзағай ойнап келген Шайтантау, осы бір жақпар тастар темір рудалы кварциттен тұрады екен. Ал алтын кварцитті кендерде болады ғой. Біз зерттеп қарап едік, таудың астынан көп алтын таптық. Бұл алтынды бізге нұсқаған – найзағай. Сонымен бірге аңыздағы жігіттің де алтын табуы мүмкін. Бәлкім ол ішкі магмадан теуіп үстіңгі қабатқа дейін ағып келген магнетитті өзекшеге тап болған шығар. Кейде ондай өзектерде де алтын кездеседі. Магнит өрісінің әсерінен көшпелі найзағай мүмкін сол жерде разрядталған шығар. Жігіт қазып жіберіп, бұрыннан жатқан алтынға тап болған ғой...».

Әңгіме балалардың физика саласында терең мағлұмат алуларымен аяқталады. Олар әлбетте өздері ойлаған көшпелі алтынды кезіктірмейді. Алайда оқушылар алтыннан да қымбат білім алып қайтады. Әңгімеде айтылған табиғат қорын пайдалану жай қиялдың жемісі емес: «Ғылымға беретін бірінші пайдамыз, әрине, адам еркінен тыс табиғатта пайда болып жататын орасан мол электр қуатын кәдеге жарату, екінші – найзағайлы бұлттарға құрық салып, оны адамның дегеніне жүргізу. Үшінші – көшпелі найзағайдың қуатын пайдалану».

Оқушы күнделігі: Фантастика тақырыбында шығарма жазу тапсырылса, сендер қандай тақырыпта жазар едіңіздер? Өздерің жазатын фантастика несімен ерекше болар еді? Фантастика жанрында өз ойларыңды жинақтап, әңгіме жазыңыздар, топта талқылаңыздар.


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

1-тапсырма.«Джигсо» әдісі бойынша мәтінді талдау.Автор-Оқырман - Кейіпкер

Білемін

Білуім керек

Үйрендім




2-тапсырма. «РАФТ» әдісі. Кейіпкер профессор Созақовқа немесе журналист Жоңғаровқа хат жазыңыз.

Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз

ҚБ: Бір сұрақ ,бір тілек

Өзара бағалау:

«Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін ауызша бағалайды.

  • Позитивті комментарий;

  • Сындарлы сын;

  • Келешекке ұсыныс.

Мұғалімнің бағалауы: Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.


ІІ деңгей

Тапсырма №1

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесің « Таудағы оқиға», «Шайтантауға сапар» ,

«Үңгірдегі сыр» бөлімдерінде сипатталған Сәмен

образына талдау жүргізіңіз.

Сәмен бойында кездесетін барлық ер балаларға тән қасиеттер

Сәменге ғана тән қасиеттер





Дескриптор:

- кейіпкер бойындағы жинынтық қасиеттерді анықтайды;

- кейіпкерге тән қасиеттерді табады;

- мысал келтіреді.

3-тапсырма.Төрт сөйлем әдісі арқылы авторлық тәсілдеме туралы айтады.

1. Пікір. Шығармадағы автордың шығармашылық тәсілдемесі туралы өз пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Пікірін шығарманы талдау бойынша бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Ойын автордың жазушылық ерекшелігі туралы бір сөйлеммен қорытындылап айтады.

«Көшпелі алтын» шығармасынан , берілген кестені толтырыңыз.

Үзіндіге тақырып қойыңыз

Оқиғаны сурет арқылы немесе сөзбен суреттеңіз

Кездескен термин сөздер

Шығармадан алған әсеріңіз





Ж/Т «Үңгірдегі сыр» бөліміндегі Сәмен мен Қажытай мінез-құлық ерекшелігін анықтаңыз.




Рефлексия

3-2-1 стратегиясы бойынша

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 жағдай

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

«Қызық,Қиын,Құнды»


Бекіту сұрақтары:

1. Сәмен мен Қажытайды әсершіл балалар деуге бола ма?

2. «Көшпелі алтын» мәселесін өздерің қалай шешер едіңдер ?

3. Көшпелі алтынның сырын анықтаудың басқа да жолдары болуы мүмкін бе ?

4. Әңгімені аяқтау сіздерге тапсырылса, қалай дамытар едіңіздер?

5. Әңгімеде қандай көркемдеуіш құралдар қолданылған?

6. Әңгіменің химия пәнімен сабақтасы қандай?

7. Шығарманы оқи отырып, Сәмен туралы қандай ой түйдіңіз?

8. Жазушының Сәмен мен Қажытайға көзқарасы қандай?


Үй тапсырмасы: Жүніс Сахиевтің «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» атты ғылыми-фантастикалық әңгімелерін «Көшпелі алтын» шығармасымен салыстырып, талдау жүргізіңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!