400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ әдебиеті8 сынып әдебиет 2тоқсан ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып әдебиет 2тоқсан ТЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 8-сынып.

Қазақ әдебиетінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қамтылатын тақырып: Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян», «Сарыарқа» өлеңдері.

Ш. Құдайбердіұлы. «Жастарға» өлеңі, «Еңлік­Кебек» дастаны. Ұзақтығы­45минут

І нұсқа

  1. Мұрат Мөңкеұлының өмір сүрген жылдары

А)1845-1904 В) 1802-1871 С) 1843-1906 D) 1818-1881

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қайда дүниеге келген?

А) Атырау облысы, Қызылқоға өңірі В) Түркістан облысы, Қаратау Қарнақ жері С) ШҚО, Аягөз ауданы D) ШҚО, Шыңғыстау бөктері

  1. «Үш қиян» шығармасындағы идеяны анықтаңыз.

А) Шұрайлы қоныстарды тартып алған отарлау саясатының халық тұрмысына әсерін жырлау В) Білімді игермеген елдің өркендемейтінін, қазақ жерін көркейтпейтінін ашып айту

С) Халыққа жайлы жер, шұрайлы қоныс, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман іздеу

D) Өмір мен өлімді, жастық пен кәрілікті жырлау, туған жердің сұлулығын паш ету

4. Үзіндіде автор қандай көркемдеуіш құралды пайдаланған?

Дұшпан – тазы, біз түлкі,

Қашсаң ерікке қоймайды,

Үйге кірсек суырып,

Бір пәлеге жолықтық

Құлғанадай қадалған.

А) метафора, теңеу В) метонимия, теңеу С) метафора, эпитет D) теңеу, эпитет

5. Шәкәрімнің қай шығармасынан алынған үзінді?

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат, байқағаның.

А) «Жастарға» өлеңі В) «Насихат» өлеңі С) «Жастық» D) «Еңлік-Кебек» дастаны

6. Дастанда Кебек қыз әкесіне не жасатып ал дейді?

Кебек сонда шалға айтты: «Ей, ақсақал,
Өзің таңдап түлкінің біреуін ал.
Бағыңызға кез келген бір олжа ғой,
.......................................сандыққа сал!»
А) Жағалы ішік жасап В) Жығыт тымақ істетіп С) Құндыз бөрік істетіп D) Жақалы жаға қып

7.Шәкәрімнің орыс халқының ақыны Пушкиннің қай романын өлеңмен әңгіме ретінде жазып шықты?

А) «Дубровский» В) «Үш сауал» С) «Ассирия патшасы Асарходдон» D) «Боран»

8. Шәкәрімнің ғұмырнамалық өлеңін тап.

А) «Адамдық борышың» В) «Үш-ақ түрлі өмір бар» С) «Мұтылғанның өмірі» D) «Насихат»

9. Ш.Құдайбердіұлы ресми түрде қай жылы ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халыққа оралды?

А) 1989 ж. В) 1988ж. С) 1998ж. D) 1978ж

10. Қай поэма Шәкәрімдікі емес?

А) «Қалқаман-Мамыр» В) «Ләйлә-Мәжнүн» С) «Жүсіп-Зылиха» D) «Еңлік-Кебек» дастаны

11.«Үш қияннан» алынған мына үзінді идеясын қолдана отырып, қайта өңдеп жазыңыз. Креативті жұмыс ұсыныңыз. (5 ұпай)

Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны.

Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.

Ойылды тартып алғаны – Ойдағысы болғаны.

12. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінен 3 шумақ өлең жатқа жаз. (3 ұпай)

13. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанында:

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат, байқағаның.
Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес.
Әншейін әңгіме деп құлақ салма,
Құр ғана қызығы мен қызын алма.

Ғаділ, залым, шафқатлі, мейірімсіз,
Соларды айыра алмай қапы қалма! –
деп автор жастарға не айтпақ болды? Сенің ойыңша, қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? (2 ұпай)

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 8-сынып.

Қазақ әдебиетінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қамтылатын тақырып: Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян», «Сарыарқа» өлеңдері.

Ш. Құдайбердіұлы. «Жастарға» өлеңі, «Еңлік­Кебек» дастаны. Ұзақтығы­45минут

ІІ нұсқа

1. Мұрат Мөңкеұлы қайда дүниеге келген?

А) Атырау облысы, Қызылқоға өңірі В) Түркістан облысы, Қаратау Қарнақ жері С) ШҚО, Аягөз ауданы D) ШҚО, Шыңғыстау бөктері

2. Ш.Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары

А)1845-1904 В) 1802-1871 С) 1843-1906 D) 1858-1931

3. М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» толғауын жазуындағы арқауы не болған?

А) Жұт В) Халық мұңы С) Отарлау кесапаты D) «Сарыарқа» күйінің шығу тарихы.

4. Берілген өлең жолдары Мұрат ақынның қай өлеңінен алынған?

Бұл қоныс – жеті жұрттан қалған қоныс,

Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.

Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,

Біз түгілі осыларды да алған қоныс.

А) Үш қиян В) Сарыарқа С) Әттең, қапы дүние-ай D) Қазтуған

5. Үзіндіде автордың бойындағы қандай сезімін байқауға болады?

Дұшпан – тазы, біз түлкі,

Қашсаң ерікке қоймайды,

Үйге кірсек суырып,

Бір пәлеге жолықтық

Құлғанадай қадалған.

А) Отаршылдық езгісінде қалған халықтың қамын ойлайтын көшбасшының болмауы

В) Айлалы да, әккі жаудың замананы меңгерген залымдығына қарсы келер айла таппай қиналуы

С) Ертеңге деген үміт жалындаған жастардың сенімсіздік туғызуы

D) Қазақтың шұрайлы жерлеріне көз тігуін, діннің бұзылғандығы

6. Үзіндіде қандай көркемдеуіш құрал қолданылған?

Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы,

Тағынан хан тайған соң бақыты қалды.

А) теңеу В) метонимия С) метафора, эпитет D) перифраз

7. Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген кім?

А) А.В.Затаевич В) А.Э.Бимбоэс С) Л.Толстой D) М.Төлебаев

8. Шәкәрімнің шебер аудармашы екенінің дәлелі

А) «Түркі, қазақ һәм хандар шежіресі» В) «Үш анық» С) «Капитан қызы» D) «Крез патша»

9. «Қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе соны істеп, ғылымсыз өстім», - деп Шәкәрім қай еңбегінде айтқан?

А) «Шын сырым» В) «Үш-ақ түрлі өмір бар» С) «Мұтылғанның өмірі» D) «Жастық»

10. Қай шығарма Шәкәрімнің поэмасы емес?

А) «Еңлік-Кебек» В) «Әділ-Мәрия» С) «Қодардың өлімі» D) «Қалқаман-Мамыр»

11. М.Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында «Мен қауіп еткеннен айтамын» дейді. Неден қауіптеніп еді? (5 ұпай)

12. Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңінен 3 шумақ өлең жатқа жаз. (3 ұпай)

13. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанында:

Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат, байқағаның.
Қыз, қызық, батыр жазар кезім емес,
Жастарды қызықтырған сөзім емес.
Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес.
Әншейін әңгіме деп құлақ салма,
Құр ғана қызығы мен қызын алма.

Ғаділ, залым, шафқатлі, мейірімсіз,
Соларды айыра алмай қапы қалма!
–деп автор жастарға не айтпақ болды? Сен автор болсаң шығарманы қалай аяқтар едің? (2 ұпай).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
68
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі