Қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ "Жетінші қарасөзі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ "Жетінші қарасөзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетініші қарасөзі ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: Өлең – сөздің патшасы

Мектеп:

Сынып: 6

Мұғалімі

Күні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жетінші қарасөзі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

6.2.2.1. эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: Абайдың «Жетінші қарасөзінің» идеясын анықтау;

Көпшілігі: қарасөздегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

Кейбір оқушылар: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


3 мин









7 мин










10 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу


Оқушымыздың арнау өлеңін тыңдау, көрнекі құралдармен таныстыру

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды, - 
деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. «Мен бастаймын, сен жалғастыр» әдісі

«Пазл» әдісі

https://learningapps.org/display?v=pd6scb7yc23

ҚБ


Абайдың қарасөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады:

Жетінші сөзі – Абайдың құмарлық деген ұғым және оның түрлеріне барлау жасап, оны бүге-шүгесіне дейін талдап, кесімді пікір айта білген қара сөзі.

Қашан жазылды?

Адамның рухани-адамгершілік кемелденуін, сана, таным, парасат танымының жаңаруын, жетілуін әңгімелеп, тән құмарлығы мен жан құмарлығын дұрыс пайымдай білген Абай бұл қара сөзін Абай 1891 жылы жазған.

Қайда жарияланды?

Қара сөзді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген.Алғаш рет 1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан шыққан Абай шығармаларының толық жинағында жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі.

Қара сөз не жайында?

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар Абайдың «Жетінші қарасөзімен» танысады.

https://www.youtube.com/watch?v=mgtd7b_iJ6I

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.




Оқушылар әр топтан бір оқушыдан Абайдың бірінші қара сөзін айта бастайды, тоқтаған соң, келесі оқушыға кезек береді







Оқушыларға қарасөздердің тақырып жағынан топтарға бөлінетінін кесте арқылы танысады.













Оқушылар тыңдаған аудио бойынша не ұғынғанын, өз пікірлерін ортаға салады


Қалыптастырушы бағалаулар



Топты бағалау.



Дескриптор. Жалпы - 2 балл

  • Шығармадағы тірек сөздерді сәйкестендіреді.


Оқушылар өздерін бағалау үшін қолданылады















6-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы













https://learningapps.org/display?v =pd6scb7yc23







6-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы













Смарттақта, слайд








Сабақтың ортасы

18 мин

Мағынаны тану.

1-тапсырма. «Додокаедр» әдісі арқылы «Жетінші қарасөз» мазмұнына байланысты талдау жүргізеді.

  • Абай «Жетінші сөзінде» адам анадан қандай мінезбен туады дейді?

  • Абай жанның құмарына нелерді жатқызады?

  • Ақын тән құмарлығына нелерді жатқызады?

  • Қарасөзде айтылған басты мәселе қандай?

  • Абай неліктен: «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?» – дейді?

  • Қарасөзде қандай құндылықтар туралы айтылған? Олар не себепті құндылықтар болып табылады?

Ескерту. Жауаптарыңды мәтіннен үзінділер ала отырып дәлелдеңдер.

ҚБ

2-тапсырма. Қарасөздің тақырыбын, идеясын, автор бейнесін анықтайды.


Қара сөздің тақырыбы Адамның жан және тән құмарлығы

Идеясы – адамның жан құмарлығына көп назар аудару

Автор бейнесі –өзін ғана ойламай, елдің қамын жейтін даралықты, ойшылдық, даналықты көрсетіп отыр.

ҚБ


3-тапсырма.

«Әдеби талқылау» Әр топқа тапырма беріледі. Қарасөзді оқи отырып, топтаса жұмыс жасайды.

  • 1-топ. «Абай -дана» тобы. Венн диаграммасы арқылы тән құмарлығы мен жан құмарлығын салыстыра сипаттау.


2-топ. «Абай- ойшыл» тобы. Қарасөзде көтерілген мәселеге байланысты Абай адам бойында не болғанын қалады? Жан құмарлығы. Ендеше адам бойынша жан құмары болу үшін нелер қажет екен? Жан құмарлығын арттыру пирамидасын жазасыңдар Абай армандаған, Абай мақсат еткен жан құмарлығын қандай екен?


3-топ. «Абай - ғұлама» тобы. «Төрт сөйлем» әдісі бойынша қара сөздегі көтерілген мәселе бойынша өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазасыздар.

1. Пікір. Ақын көзқарасы туралы пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады

ҚБ


ЖЖ

Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған ақын Абай Құнанбаевтың сөздерін жалғастырады.

  1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық..... (аздырар адам баласын)

  2. Талап, еңбек, терең ой (қанағат, рақым, ойлап қой).

  3. Еңбек етсең ерінбей (тояды қарның тіленбей)

  4. Ұстаздық еткен жалықпас, (үйретуден балаға)

  5. Сен де- бір кірпіш, дүниеге, (кетігін тап та, бар қалан!)

  6. Білімдіден шыққан сөз, (талаптыға болсын кез)

ҚБ


Оқушылар «Додокаэр» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы «Жетінші қара сөз» мазмұнына байланысты талдау жүргізеді.

Мәтіннен үзінділер ала отырып дайындайды.







«Жетінші қарасөзіндегі» автор бейнесін, идеясын анықтайды.









Оқушылар жан мен тән құмарлығын салыстырадды.










Жан құмарлығы пирамидасын жазады.






Қарасөзде көтерілген мәселелер бойынша өз пікірін білдіреді.








ҚБ



Дескриптор: Жалпы – 2 балл

  • сұрақтарға жауап береді.

  • өз ойын білдіреді.




Дескриптор: Жалпы – 2 балл

  • шығарманың тақырыбын, идеясын, автор бейнесін анықтайды;

  • өмірмен байланыстырады;

  • өз пікірін білдіреді.




Дескриптор: Жалпы – 3 балл

  • Тән құмарлығы мен жан құмарлығын салыстыра сипаттайды.

  • Ақынның жан, тән құмарына  жататын қасиеттерді атап, салыстыра сипаттай алады;

  • Жан құмарлығы пирамидасын жазады.

  • Шығармада көтерілген мәселеге өз пікірлерін білдіреді.

  • Қарасөзде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.



Дескриптор: Жалпы 1 балл

  • Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерін жалғастырады.




6-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы






«Жетінші қарасөзі»








6-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы













А3 парақ, маркерлер













6-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы

















Смарттақта, слайд




Сабақтың соңы

5 мин

2 мин

Рефлексия

Кері байланыс:

Бүгінгі тақырыпты түсіндің бе? Сабақты меңгеру бойынша жетістіктің қай баспалдағында екеніңді көрсет. Сонымен бірге, әр топтан сабақ туралы өз ойларын ортаға салады.



Бағалау.

Үйге тапсырма. «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы» тақырыбында эссе жазу. Ойыңызды нақты дәлелдер келтіріңіз. Эссенің сөз саны 120 сөз.


Оқушылар сабақты қалай меңгергенін және түсінгенін жетістік баспалдағынан көрсетеді. Сабақ туралы өз ойларын ортаға салады.

смарттақта, стикерлер



































  1. Қарасөз дегеніміз не?

Қарасөз дегеніміз-ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек.

  1. Ғақлия дегеніміз не?

Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді.

  1. Ақынның қарасөздерінің саны қанша?

Абайдың 45 қара сөзі бар, соңғы сөз «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» тақырыбында мақала үлгісінде 1899 жылы жазған.

  1. Абайдың қара сөздері қай жылдар аралығында жазылған?

Бұл қарасөздер 1890-1899 жылдар арасында жазылған.

  1. Қара сөздер алғаш рет баспасөзге қашан жарияланды?

1948 жылы Семей қаласында «Абай» журналында жарық көрді.

  1. Абайдың жатқа білетін бір өлеңін оқып бер.





Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.

Осы себептен де Абай"... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...

Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.





























1891

Абайдың құмарлық деген ұғым және оның түрлеріне барлау жасап, оны бүге-шүгесіне дейін талдап, кесімді пікір айта білген қара сөзі.

Қашан жазылды?

Адамның рухани-адамгершілік кемелденуін, сана, таным, парасат танымының жаңаруын, жетілуін әңгімелеп, тән құмарлығы мен жан құмарлығын дұрыс пайымдай білген Абай бұл қара сөзін Абай 1891 жылы жазған.

Қайда жарияланды?

Қара сөзді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген.Алғаш рет 1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан шыққан Абай шығармаларының толық жинағында жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі.

Қара сөз не жайында?

Абай қара сөзінде адам бойындағы тән құмарлығы мен жан құмарлығы мінезіне тоқталып, адамдық асыл қасиеттер, рухани толысу хақында ой өрбітеді. Жан құмарлығының тежеліп, тән құмарлығының басым жатуының түп тамырына үңіледі, залалын бағамдайды. Есейе келе жанымыздың тәніміздің құлы болуымен жалқы басымыздағы қасіреттің жалпылық сипат алуына сарабдал санамен ой жүгіртеді. Ұлтын шыңдауды, ширықтыруды көздеп, адам атаулының жеке басын күйттеуінің хайуан малдан еш артықтығы жоқтығын айтады. Дүниенің көрінген және көрінбеген тылсым сырын жетік білуге деген табиғи талпыныссыз, құлшыныссыз тіршілікте адамдықтың орны жоқ дейді. Оны білмеген адамның жаны хайуан жанымен тең деп таниды. Түп өзегін бала кездегі жан құмарының есейе келе тән құмарына тәуелді болуымен, түбегейлі шырмалып қалуымен түсіндіреді.

Жаратушы ес, сана беріп ірі жаратқан жанның ер жетіп ақыл кіргенінде ізденіп, табиғаттың адамға дарытқан құмарлық қасиетін кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екенбіз деген сауал қояды. Сол арқылы халқының ғылым, оқу сынды адамзат баласын өрге сүйрейтін ортақ игіліктерден мақұрым қалуына ойландырады, теңелуіне қажетті шарттарды анықтайды. Бойдағы барша білмекке құштарлық қасиетпен құмарланып жиған асыл қазынамызды өрістетіп, өрісімізді ұзартсақ керек еді деп жігерімізді жаниды. Оны бұл «жанның тамағы» деп айқындайды. «Жанның тамағы» ұғымына іштегі жан қуатымен жинақталған ғылым, білім қазынасы деген философиялық тереңдік дарытады.

Қай жанрда жазылды?

Абайдың бұл қара сөзі жас бала психологиясын талдау арқылы байыпталып, философиялық талдау жасалатын көркем проза санатына жатады.

Қай тілдерге аударылды?

Қара сөз орыс, ағылшын, француз, неміс, португал, латыш, қытай, корей, поляк, тәжік, түрік, әзербайжан, өзбек, моңғол және өзге де әлем тілдеріне аударылды.

Жетінші сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.

Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің – өзіңе, өз білгенім – өзіме», «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.

Абайдың қара сөздерінің саны 46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген   қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2024
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі