Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті пәнінен «Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша тест жинағы» көмекші оқу құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақ облыстық әдістемелік кабинеткекөмекші құрал ретінде жариялануға ұсынылған. .Бұл көмекші оқу құралының құрастырылуының жалпы мақсаты- мектеп бағдарламасындағы 9-11-сынып бойынша "Халық ауыз әдебиеті тарауын" кең түрде ауқымдырақ қарау,дәл,наұты түрде қарастыру..Ұлттық тәлім-тәрбиені , өнегені негіззге ала отырып, жан-жақты, қазақы тәрбиені бойын сіңірген, өз ойын ашық айта алатын білімді тұлға қалыптастыру. Осылардың бәрі де ауыз әдебиетінің салалары екендігін анықтау, фольклор терминін ұңындыру, Сонымен бірге ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық кезінде кездесетін түрлі сұрақтардың жауабын алу, қолданылуы,мағынасы т.б. мәселелр жөнінде кеңірек түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті пәнінен

«Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша тест жинағы» көмекші оқу құралы

Құрастырған: Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы

Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні 1-санатты мүғалімі: Мутиева Куляш Жаксылыковна

Пікір жазғандар:

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты , доцент З.Ж.Мутиев

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, RhD докторы Г.И.Дюсембина







































Түсінік хат

Бұл көмекші оқу құралы 9-11-сынып оқушылары мен жоғаргы оқу орнына түсуге тілек білдірген талапкерлерге қазақ әдебиеті пәнінен халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша өтілген тақырыптарды пысықтап білімін жетілдіретін қосымша құрал, ал мұғалімдерге білім беру сапасын арттыратын және білім деңгейін бақылау мақсатында пайдаланатын әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу құралының мақсаты:

  • Оқушылардың білім деңгейін дамыту, тест жүйесімен нақты жұмыстануға үйрету, мектеп түлектерінің оқу пәндерінен бағдарламаны терең меңгеру, сапалы білім көрсеткішін арттыру,

Міндеттері:

  • Әдебиет пәнін таңдаған талапкерлерді әзірлеу

  • Ақын тілінің қасиетін, көркемдік құдіретін түсіне білуге дағдыландыру;

  • Шығармашылық қабілеті бар оқушылардың талабына жол сілтеу;

  • Оқушылардың талантын ұштау, рухани – мәдени құндылықтарды дарыту

  • Ойлауын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге бағыттау;



Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады.

  2. Халық ауыз әдебиетімен жан – жақты танысады.

  3. Оқушының еліне деген. сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.

  4. Ұлттық құндылықтарымызды бағалай біледі.

  5. Баланың көркем – әдеби тілде сөйлеу мәдениеті жетіледі.

  6. Өз бетімен шығармашылықпен жұмыстануға талпынады


Пәнаралық байланыстар:

1. Тарихпен байланысы: Әр халықтың қалыптасуы, дамуы – үлкен тарих. Өз ұлтының патриоты болуға, салт – дәстүрін, әдебиетін бағалау

2. Тілмен байланысы: Қазақтың сөз мәнісін айқын түсіне, түсіндіре білетін тұлға қалыптастыру.

3. Психологиямен байланысы: Бойына қазақы тәрбие мен сана – сезімді жасынан қалыптастыру үшін ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге, орта қалыптастыруға психологиялық дайындық, пәнге деген қызығушылықты, өзіне деген сенімділікті арттыру.









Кіріспе

Бұл көмекші құралдың құрастырылуының жалпы мақсаты - мектеп бағдарламасындағы

9-11-сынып бойынша «Халық ауыз әдебиеті» тарауын кең түрде ауқымдырақ алып қарау, дәл, нақты түрде қарастыру. Ауыз әдебиеті - ұрпақ үшін тәрбие құралы . Қазақ ауыз әдебиетінің ұстанған негізгі бағыты – ата – бабаларымыздың үлгі – өнегесі, ақыл – кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылысы.. Адамгершілік, парасаттылық, өнегелілік, көргенділік біздің салт – дәстүрімізден, тіліміз бен дінімізден ешқашан ажырамақ емес. ұлттық тәлім – тәрбиені, өнегені негізге ала отырып, жан – жақты, қазақы тәрбиені бойына сіңірген, өз ойын ашық айта алатын білімді тұлға қалыптастыру. Осылардың бәрі де ауыз әдебиетінің салалары екендігін анықтау, фольклор терминін ғылым ретінде ұғындыру, сол арқылы қазақтың ұлттық негіздерін ұғындыру. Сонымен бірге қазақы ұғымдар, тізбектер, өсиеттер, баталар, ұлағат сөздер, ақыл – кеңестер, тәрбие үлгілері екендігін оқушы бойына сіңдіре білу, тіл байлықтарын, сөйлеу мәнерлерін, айшықты сөз қолданыстарын тиімді, орынды қолдана білуге шақыру. ҰБТ – ға, ОЖСБ-ға дайындық кезінде кездесетін түрлі сұрақтардың жауабын алу, қолданылуы, мағынасы т.б. мәселелер жөнінде кеңірек түсінік қалыптастыру.

Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша сұрақтар жиынтығы бірнеше бөлімнен тұрады:

1-бөлім Ауыз әдебиеті туралы

2-бөлім Тұрмыс салт-жырлары

3. бөлім Бата тілектер

4. бөлім Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар

5 .бөлім Аңыз-әңгімелер

6. бөлім Батырлар жыры

7. бөлім Лиро - жпостық жырлар

8. бөлім Шешендік сөздер

9. бөлім Айтыс


1-5-бөлімдерде барлығы – 20-25 сұрақ, оның 15-і сұрақ – жауаптан және 5-10-ы бір немесе бірнеше жауаптан құралған тестіні қамтиды, бұл-оқушыға жаңа тестіле жүйесіне бейімделуге дағдыландырады.

6-9 бөлімдер тек сұрақ - жауаптан құралған, себебі оқушы ойының шашыраңқы болмауына ықпалын тигізеді. 6-бөлімде барлығы – 30 сұрақ, 7-бөлімде 50, 8-бөлімде-70 , 9-бөлімде - 90 сұрақ қамтылған















1-бөлім. Ауыз әдебиеті туралы 

Ауыз әдебиеті халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы болып табылады.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады

1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді.

Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Фольклор терминін ұсынған ағылшын ғалымы: Томсен

2.Ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым: фольклортану

3.Ауызша шығарылып, ауыздан ауызға ауызға таралған туындылыр немесе халық шығармашылығы: Ауыз әдебиеті

4. XX ғасырдағы зерттеу еңбектері шыққан қазақ ғалымдары: М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев т.б.

5.Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы : сан алуан

6.Жазба әдебиетінің бастауы: фольклор/ халық ауыз әдебиеті

7.Фольклордың адамға әсер етуі: сөзбен жасалған образдар арқылы

8.Қазақ ауыз әдебиеті тас дәуірінде пайда болып, бастан кешірген: түркілік тұтастықтықты

9.Түп тарихы ортақ, ата тегі мен діні бір түркілердің бір бірінен алшақтамай, қайта жақындасуларына себеп болатын кез келген мәселеге қатысты мүдделілік: түркілік тұтастық

10.Ұжымдық шығармашылықтың жемісі: фольклор

11.Халық ауыз әдебиетінің бірнеше нұсқада таралуы: фольклордың көпнұсқалылығы

12.Бір оқиғаның үстіне екінші оқиғаның қабатталып отыруы: фольклордың көпқабатты құбылысы

13. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылық саны:6

14. Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинаудың басталған ғасыры : XVIII ғасырдан

15. XX ғасырдың басында фольклорды жинау және жариялау экспедициясын бастаған ғалым: Ә.Диваев


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест

16. XIX , XX ғасырларда батырлар жыры мен діни, ғашықтық дастандар басылып шыққан қалалар:

А/ Уфа

В/ Орынбор

С / Петербург

Д/ Қазан

Е/ Орынбор


17. Ауыз әдебиеті пайда болған дәуір:

А/қола дәуірінде

В/ көне тас дәуірінде

С/ мыс дәуірінде

Д/ темір дәуірінде

Е/ мыс-тас дәуірінде





18. Ауыз әдебиеті үлгілері негізінде қойылған тұңғыш қазақ опералары

А / «Айман-Шолпан»

В/ «Еңлік - Кебек»

С/ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

Д/ «Ләйлі-Мәжнүн»

Е/ «Мұңлық -Зарлық»

F / «Шырын-Фархад»

G/ «Жүсіп -Зылиха»

H/ /«Қыз Жібек»


19. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау

А/ XI ғ.

В/ X ғ

С/ XII ғ

Д/ XVIII ғ

Е/ XVI ғ

F / XIX ғ

G/ XX ғ

H/ XV ғ.


20. «Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және көркемділігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді» деген даналық ойдың авторы

А/ М.Әуезов

В/ М.Ғабдуллин

С/ Ә.Марғұлан

Д/ Е.Ысмайлов

Е/ Қ.Жұмалиев

F / Б.Кенжебаев

G/ В.Радлов

H/ Г.Потанин


21. Қазақ ауыз әдебиетінде кездесетін дағдылы сөздер

А/ қайталаулар

В/ бейнелеулер

С/ риторикалық сұраулар

Д/ тілек сөздер

Е/ тұрақты тіркестер

F / аралас үйқастар

G/ тұрақты ұйқастар

H/ шалыс ұйқастар


22. «Әдебиет - өнер атаулының ең қиыны, күрделісі» және «өнердің ең жоғарға түрі» - деп атаған

А/ Ә.Марғұлан

В/ М.Ғабдуллин

С/ В.Радлов

Д/ Г.Потанин

Е/ М.Әуезов

F / Б.Кенжебаев

G/ О. Бальзак

H/ В.Белинский



23. Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы

А/ ертегілер

В/ романдар

С/ өтірік өлеңдер

Д/ әңгімелер

Е/ шешендік сөздер

F / повестер

G/ новеллалар

H/ тұрмыс-салт жырлары


24. Қазақтың ауыз әдебиетінің ежелгі үлгілері кездеседі

А / қытай жазбаларында

В/ славьян халықтарында

С/ ежелгі үнділерде

Д/ көне түркі жазуларында

Е/ көшпелі түркі халықтарында

F / Орхон ескерткіштерінде

G/ ежелгі тайпаларда

H/ көне дәуірлерде


25. Түркі халықтарына ортақ жырлар

А/ «Алпамыс батыр» жыры

В/ «Қобыланды батыр» жыры

С/ «Қыз Жібек» жыры

Д/ «Ер Тарғын» жыры

Е/ «Қамбар батыр» жыры

F / «Айман –Шолпан» жыры

G/ «Едіге батыр»




2- бөлім. Тұрмыс-салт жырлары

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбек кәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, "Жылқышы”, "Шопан ата”, "Зеңгі баба”, "Ойсыл қара”, "Бозінген”, т.б.

 Түркі халықтарының тұрмыс-салт жылы тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең-жырсыз өтпейді.

 Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс-салт жырлары терминін түрліше қолданған салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама (А.Байтұрсынов), сыншылдық салт өлеңдері (М.Әуезов), салт өлең-жырлары (С.Сейфуллин), тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар (М.Ғабдуллин), әдет-ғұрыппен байланысты өлеңдер (Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың "Қазақтың халық өлеңдері” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан-жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.



Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Қазақ әдет- ғұрпына, тұрмыс-салтына, шаруашылық жағдайына, дүниетанымына байланысты туған өлең-жырлар: Тұрмыс –салт жырлары

2. Тұрмыс –салт жырларының 2-ге бөліну бөліну себебі: тақырыбы мен мақсаты және қолданылуына қарай

2. Тұрмыс –салт жырларытақырыбы мен мақсаты және қолданылуына қарай бөліну түрі: 1.Еңбек пен шаруашылық кәсіпке байланысты 2. әдет- ғұрпына, тұрмыс-салтына

3. Еңбек пен шаруашылық кәсіпке байланысты туған өлең-жырлар: төрт түлікке ,аңшылық туралы, наурыз. жарапазан

4. А.Байтұрсынұлының жазуы бойынша жарапазан сөзінің шығуы: рамазан

5. Жарапазанның басты қызметі мен мәні: Шаңыраққа ырыс пен құт тілеу, жамандық пен қырсықты қуып аластау

6. Бесік жыры үлгілерін алғаш хатқа түсіріп жариялаған ғалым: Ә.Диваев 1905 жылы

7. Бесік жырлары мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай бөлінуі: Дәстүрлі бесік жырлары және суырып салма бесік жырлары

8.Баланы атқа мінгізу дәстүрінің аталуы: Ашамай тойы

9.Бөбектің жасқа толып, қадамы құтты болып, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт: Тұсау кесу жыры

10. Үйленуге байланысты айтылытын жырлар:Тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу

11. Қыз-жігіт болып айтыса айтылатын жырдың түрі: Жар-жар

12.Ұзатылып бара жатқан қыздың елін , жерін,туған-туысын,ауыл аймағын, ата-ана, дос-жаран, бауырларын қимай айтатын өлеңі: Сыңсу

13.М.Әуезовтің жүйелеуі бойынша қоштасу жырларының бөлінуі: 1.Жермен, елмен қоштасу

2.Сарыарқамен қоштасу

3.Өмірдің өткен шағымен қоштасу,

4. Өтіп бара жатқан заманмен қоштасу, көңіл айту

14. Естіртудің үлгілері: «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту», «Жиреншеге Қарашатың өлімін естірту»

15.Естірту, көңіл айту жырлары:Адамның қайтыс болуына байланысты туған өлең-жырлар


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест

16. Өсиет-насихатқа құрылған жыр атауы:

А/Беташар жыры

В/ Тойбастар

С/ жар-жар

Д/ қоштасу

Е/ сыңсу


17. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілері бойынша 1926 жылы А.Байтұрсынов кітап болып бастырып шыққан:

А/«23 жоқтау»

В/ «Әдебиет танытқыш»

С/ «Боздағым»

Д/ «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері,»

Е/ «Батырлар жыры»

F / «Маса»

G/ «Қырық мысал»

H/ «Халық ауыз әдебиеті»



18.Тілші-ғалым Т.Арынов жоқтау жырларын жинап бастырып шыққан кітап атауы:

А/«23 жоқтау»

В/ «Әдебиет танытқыш»

С/ «Боздағым»

Д/ «Маса»

Е/ «Қырық мысал»

F / «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері»

G/ «Батырлар жыры»

H/ «Халық ауыз әдебиеті»



19.Жоқтауға алғаш ғылыми баға беріп, бірнеше үлгісін жазып алған ғалым:

А/ А.Байтұрсынов

В/ С.Сейфуллин

С/ Ә.Диваев

Д/ Ш.Уалиханов

Е/ М.Ғабдуллин

F/ М.Әуезов

G/ Т.Арынов


20.Көңіл айтудың мәні:

А/ жоқтау

В/ естірту

С/ қоштасу

Е/ мұңды адамды жұбату

F/ сергіту

G/ қайрат беру


21. « Үміт, сенім, тілек бар,

Қуантып, қуат алдырар.

Жылау деген азап бар,

Қуартып отқа жандырар .

Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ, қайратыңды қозғағалы келдім»-деген өлең-жыр түрі

А/ «Байдалы бидің Айғаным ханымға көңіл айтуы»

В/ «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту»

С/ «Шоқай бидің көңіл айтуы»

Д/ «Бөлтірік шешеннің қырғыз билеушісінің баласына көңіл айтуы»

Е/ «Таз Шоқай бидің көңіл айтуы»

F / «Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін естірту»

G/ «Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырдың Абылайханға естіртуі»

H/ «Жиреншеге Қарашаш сұлудың өлімін естіртуі»


22. Түркі әдебиетіндегі ең көне жоқтау

А/ «Алып Ер тоңғаны жоқтау»

В/ «Дерсеханның жалғызұлы Бұқашты жоқтауы»

С/ «Бұхардың Абылай ханды жоқтауы»

Д/ «Қаз  Дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы»

Е/ «Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты »

F / «Мұсаға» арналған Мәшһүр Жүсіптің 345 жолдан тұратын жоқтауы»

G/ «Төлебайдың қазасына оның он екі жасар қызының айтқан жоқтауы»

H/ Жамбылдың «Алғадайды жоқтауы»


23. Бесік жырларының мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай бөлінуі

А/ әдет-ғұрыпқа байланысты

В/ еңбекке байланысты

С/дәстүрлі

Д/ суырыпсалма

Е/ шаруашылыққа байланысты

F / көпнұсқалылық

G/ лирикалық

H/ тарихи


24. «Шөк» дегенде «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген,

Ойсыл қара баласы –деген өлең-жыр арнаған төрт түлік

А/ Ешкі

В/ Қой

С/түйе

Д/ бота

Е/ жылқы

F / сиыр

G/ тана

H/ нар


25.Жылқы малының егесі мен иесі

А/ Зеңгі баба

В/ Ойсыл қара

С/ Шопан ата

Д/ Сексек ата

Е/ Жылқышы ата

F / Пір ата

G/ Мама бие

H/ Атан түйе



3-бөлім Бата - тілектер


Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір – қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санымызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастау бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті – ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже – қағидасы іспеттес.

Бүгінгі таңда біз бата сөздердің мән-мағынасын жете түсініп, қасиетін пайымдап, ұлттық тәрбиеміздің ажырамас бір бөлігі, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың озық үлгісі ретінде қабылдап отырмыз. Соңдықтан, өскелең ұрпақты бата сөздерге мен берумен бірге бата алуға тырысуға үйретуіміз, баулуымыз қажет. Бата алу бақыт пен жақсылыққа жетудің ең ізгі жолы екеніне көздерін жеткізуіміз керек http://www.tarbie.kz


Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз үлгісі: Ақ бата

2.Батаның негізгі түрлері: 1.Ақ бата 2.Теріс бата 3. Серттесу батасы

3.Қарғыстың қатты, жазаның ең ауыр түрі: Теріс бата

4. Негізінен намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға: Бата

5. Ақ батаның негізгі мақсаты: Ағайыннның бір-біріне деген мейірім - шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру

6. Ұрпақтан ұрпаққа қара таңба болып келетін батаның түрі: Теріс бата

7. Қарғыспен тең нәрсе: Батаны бүзу

8. Бата берілген кезде орындалатын рәсім: Қол жайып, «әумин» деп айту

9. Мерекеге байланысты берілетін батаның түрі: Наурыз бата

10. Батаны беретін адамдарға тән қасиеттер: құрметті , үлгілі, сыйлы ақсақалдар, аузы дуалы билер, жолы үлкен кішілер

11.Жәнібек батырға бата берген абыз: Соқыр Абыз

12. Өз балаларына бата берген батыр: Қарасай

13.Келіндеріне бата берген әнші, айыскер: Кенен

14.Төле би бата берген батыр: Қойгелді

15. «... Қазақ қауымы арасында өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады деген сенім бар...»-деген алаш зиялысы: Х.Досмұхамбетов


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест

16.Қазақша батаның негізгі құрылымы

А/ баяндау

В/ өлең түрінде

С/ эпикалық

Д/ жыр түрінде

Е/ дастан


17. Баталасудың қасиетті белгілері

А/ шарттасу

В/азаматтық

С/ сыйластық

Д/ жалбарыну

Е/ тектілік

F / рұқсат сұрау

G/ кешірім ету

H/ елдік


18. Батаның түрлері

А/ уәделесу

В/ өтіну

С/ кешірім ету

Д/ рұқсат сұрау

Е/ ақ бата

F / серттесу

G/ теріс бата

H/ шарттасу


19. « ...Алдымен еліңнің жеріңнің қамын ойлаңдар,

Сөзіме терең бойлаңдар

...Биік төбеге шықсаң - көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң - көңілің ашылады.-деп ұл-қыздарына бата берген

А/ Райымбек

В/ Жәнібек

С/ Бөгенбай

Д/ Наурызбай

Е/ Бауыржан

F / Жиембет

G/ Төле би

H/ Әйтеке

20. «Халқымыздың игі салт-дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз» -деген дана сөздің авторы

А/ С.Мұқанов

В/ М.Әуезов

С/ М.Ғабдуллин

Д/ Б. Момышұлы

Е/ Ш. Уәлиханов

F / Қ. Жұмалиев

G/ А.Байтұрсынов

H/ Ә.Диваев



4-бөлім. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпащтар

Қазақ халқы, басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс-тіршілтнің әр алуан жақтарын суреттеген; қогамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, таптық күресін, арман-мүддесін, т.б. бейнелеп көрсеткен. Осы негізде туған және ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мәтел, жұмбақтарын атаймыз.

 Мақал-мәтел, жұмбақтар бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған, ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан, бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған.

 Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының ел арасынан жиналуы, хатқа түсуі, баспа бетіне шығуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұлардың кейбір үлгілерін ертеректе ел арасынан жинап жазып алғандар Ш. Уәлиханов, В. Радлов болғанын білеміз. Бұлардан кейін, революцияғадейінқазақтъіңмақал-мәтелдерін,жұмбақтарын жинап, баспа жүзіне шығаруда айтарлықтай еңбек еткендер: Ш. Ибрагимов, А. В. Васильев, П. М. Мелиоранский, Ф.Плотников, В. В. Катаринский, ә. Диваев, Сабыржан Садықов, Мейрам Ысқақов, т.б. болды. Аталған адамдар қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының кейбір үлгілерін жинап жазып алды да, сол кезде орталықта және Омбы, Орынбор қалаларында шығатын газет-журналдарға бастырды, жеке кітапша етіп шығарды. Мәселен, Ш. Ибрагамов қазақтың мақал-мәтелдерін 1874 жылы Орынборда, А. Васильев 1892 жылы Орынборда, В. Катаринский 1899 жылы Орынбсрда, Ф. Плотников Омбыда бастырды. П.Ме-лиоранский жинаган мақал-мәтелдер археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде (1893 ж.) жарияланды. М.Ис-каков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы қазан қаласында өз алдына кітапша болып шықты. С. Садықовтың “Жүмбақ” деген жинағы 1902 жылы қазан қаласында басыдды. ә.Ди-ваев жинаған мақал-мәтелдер “Туркестанские ведомства” дейтін газетте жиі жарияланып тұрды. referattar.kazaksha.info

 

Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Терең ой, кең мазмұн бір ауыз сөзбен тұжырымдалып, даналық қорытынды айтылатын сөз өрнегі :Мақал-мәтелдер

2. Ой тиянақты айтылып, екі бөлімді болып келеді: Мақалдар

3. Ой тұспалдып, ишаралап айтылады, қорытынды жасалмайды: Мәтелдер

4. Мақал - мәтелдерде көп қолданылатын көркемдегіш тәсілдер: шендестіру, әсірелеу, теңеу

5. Белгілі бер затты , нәрсені, табиғи құбылысты, адам болмысын, психологиялық ерекшеліктерін шешемін табуға ыңғайлап, басқа нәрсені қасиет сипаты немесе ірекет қимылы арқылы тұспалдап айтуы: Жұмбақтың негізгі ерекшелігі

6.Жаңылтпаштардың пайда болуы: Көңіл көтеру, балалардың тілін ұстарту

7. Қазақ жаңылтпаштарын ең алғаш хатқа түсіргендер: Ә.Диваев пен М.Ф.Гаврилов

8.Жаңылтпаштың маңыздылығына назар аударған ғалым: С.Сейфуллин

9. С.Сейфуллиннің жаңылтпаш туралы пікірі жазылған зерттеу еңбегі: «Қазақ әдебиеті»

10.Тұспалдау сөзінің мағынасы: Жорамалдау,болжау

11.Жаылтпашқа ең алғаш ғылыми анықтама берген ғалым: А.Байтұрсынов

12.Жаңылтпаштың ең басты міндеті: Бала тілін жаттықтыру

13.Жұмбақта қолданылатын көркемдік тәсілдер: теңеу, метафора

14.Ойнақы сөзінің мағынасы: Қалжыңбас, қуақы

15. Мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті: көлемінің шағындығы, тілдің өткірлігі,мағынасының тереңдігі



Бір немесе бірнеше жауабы бар тест

16.Шендестіру тәсілінде қолданған мақал

А/ «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

В/ «Тарыдан тау, тамшыдан көл құралады»

С/ «Талапты бала талпынған құстай»

Д/ «Еңбек етсең емерсің»

Е/ «Ит ашуын тырнадан алады»


17. «... Олардың қайсысында болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім,саз, интонация- барлығы бар»-деп айтқан ғалым

А/ С.Мұқанов

В/ М.Әуезов

С/ М.Ғабдуллин

Д/ Б. Момышұлы

Е/ Ш. Уәлиханов

F / Қ. Жұмалиев

G/ А.Байтұрсынов

H/ Ә.Диваев


18. «Талапты бала талпынған құстай» мақал-мәтелінде кездесетін көркемдік тәсіл

А/ шендестіру

В/ әсірелеу

С/ теңеу

Д/ антитеза

Е/ метафора

F / эпитет

G/ кейіптеу

H/ аллегория


19. «Тарыдан тау, тамшыдан көл құралады» мақал-мәтелінде кездесетін көркемдік тәсіл

А/ шендестіру

В/ әсірелеу

С/ теңеу

Д/ антитеза

Е/ метафора

F / эпитет

G/ кейіптеу

H/ аллегория



20. Жаңылтпаштың маңыздылығына назар аударған ғалымдар

А/ С.Мұқанов

В/ М.Әуезов

С/ М.Ғабдуллин

Д/ Б. Момышұлы

Е/ С.Сейфуллин

F / Қ. Жұмалиев

G/ А.Байтұрсынов

H/ Ә.Диваев


21. Мақал-мәтелдерде ерекше орын алған тілдік заңдылық

А/ буын үндестігі

В/ дыбыс үндестігі

С/ тұспалдау

Д/ жинақылық

Е/ мазмұндылық

F / тұжырым

G/ шарттылық

H/ үйлесімділік


22. «Қамыс құлақ, Тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті - дәрі, еті – тамақ» –жұмбағының шешуі

А/ Ешкі

В/ Қой

С/түйе

Д/ бота

Е/ жылқы

F / сиыр

G/ тана

H/ нар


23. Мәтелге ғана тән белгілер

А/ буын үндестігі

В/ қорытынды

С/ тұспалдау

Д/ жинақылық

Е/ мазмұндылық

F / тұжырым

G/ түйін

H/ үйлесімділік


24. Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі,

Қимылдар сол кісіден елдің тісі,

Талқандап беті, жүзін тырнасаң да

Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі-жұмбағының шешуі

А/ аспан

В/ су

С/ карта

Д/ жер

Е/жер сілкіну

F / дауыл соғу

G/ жел

H/ құйын



25. Аспаннан күбі түсті, күбінің түбі түсті - жұмбағының шешуі

А/ күннің күркіреуі

В/ жаңбыр жауу

С/ от жағу

Д/ аспан тарсылдау

Е/ жер сілкіну

F / дауыл соғу

G/ жел

H/ құйын



5-бөлім Аңыз-әңгімелер

Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы, не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы шындыққа негізделген, алайда уақыт өте келе көркем шығармаға айналған ауыз әдебиетінің бір саласы: Аңыз-әңгімелер

2.Аңыз әңгіменің тарихи жырлардан айырмашылығы: қара сөзбен айтылуы

3. «Дала данышпаны» атанған аңыз кейіпкері: Асан қайғы

4.Түркі халықтарының ортақ әдеби, әрі аңыздағы күлкілі кейіпкері: Қожанасыр

5.Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген ділмәр шешен, әділ , шыншыл образ: Жиренше шешен

6.Қазақ аңыздарының ішіндегі халыққа кең тараған, қиянатқа , зорлық - зомбылыққа қарсы күресуші, айлакер, қу кейіпкер: Алдар көсе

7. Қазақ аңыздарының үлкен бір тобы, Зарина ханшайм, Айша бибі, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалар: Ғашықтардың махаббат хикаялары

8. 18.Күй аңыздарына жатпайтын шығармалар тобы: «Алдар менАлаша хан»

«Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»

9.Қазақ күйінің атасы, аңызды күйлердің шебері: Құрманғазы

10.Қазақ фольклорындағы ерекше жанрлық түр: Күй аңызы

11. Алдар көсе туралы аңыздардың кейіпкері: Шық бермес Шығайбай

12. Әрі күйші, әрі бақсы, әрі сәуегей, әрі жырау: Қорқыт ата

13. Өзбек әдебиетінің классигі Әлішер Науаидің шығармасында кездесетін бейне:Қорқыт ата

14.Нақты бір мекенмен, тау-тас, өзен-көлмен байлныстыратын аңыздар:

Топонимикаалық аңыздар

15.Түркімендер Қорқыт атаға табыну себебі: «Жаңбыр иесі» деп жалбарынған


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест

16. Батырлар жайындағы аңыздарға жататын әңгімелер:

А/ Томирис /Тұмар/

В/ Бақташы Шырақ

С/ Алдар көсе

Д/ Жиренше шешен

Е/ Асан қайғы


17.М.Әуезов ерекше назар аударған және қазақ әдебиеттану ғылымында тұңғыш жаңа термин ретінде қалыптастырған аңыздар тобы:

А/ батырлар туралы аңыздар

В/ оқиғалы аңыздар

С/ күлкілі кейіпкерлер туралы аңыздар

Д/ жер тарихы туралы аңыздар

Е/ ғашықтық туралы аңыздар

F /ертегі аңыздар

G/ күй аңыздары

H/ жыр аңыздары




18.Күй аңыздарына жатпайтын шығармалар тобы:

А/ «Ақсақ құлан»,

В/«Нар идірген»,

С/ «Балбырауын»,

Д/ «Қара жорға»,

Е/ «Бозінген»,

F/ «Алшағырдың ащы күйі»

G/ «Алдар менАлаша хан»

H/ «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай»


19. Құрманғазының күйі

А/ «Ақсақ құлан»,

В/ «Нар идірген»,

С/ «Балбырауын»,

Д/ «Қара жорға»,

Е/ «Бозінген»,

F/ «Алшағырдың ащы күйі»

G/ «Азамат қожа»

H/ «Бозторғай»


20.Ғашықтар аңызы кейіпкерлері

А/ Қыз Жібек

В/ Бізбике

С/ Қарашаш сүлу

Д/ Зарина

Е/ Айша

F/ Томирис

G/ Баян сұлу

H/ Балқаш қыз


6-бөлім Батырлар жыры

Батырлық жырлар, батырлар жыры - ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей МарғұланӘуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. РадловӘ. ДиваевАхмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, АттиллаЕр Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанатыОғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.). https://kk.wikipedia.org/wiki


Сұрақ-жауап түріндегі тест

1. Ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қоғау тақырыбындағы ауыз әдебиетінің күрделі де мол саласы: Батырлар жыры немесе батырлыр эпосы

2.Батырдың ажырамас серігі және эпостық жырдың батырмен қоса дәріпттелетін , ерекше қасиеттері бар есті жануар -Батырдың аты

3.Алты жасқа келгенде Арыстан туған , қазынадан қамқа киген,тобылғы меңді тор ат мінген батыр: Қобыланды

4.Қобыланды батыр ай астына ілінген теңгені атып түсірген, Қызыл ерді жеңген, сосын жары қылып алған қыз: Құртқа

5.Ақылы көркіне сай, қыз іздеген Алпамыс батыр қалмақтарды жеңіп алған жары: Гүлбаршын

6.Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жаьқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі- деп суреттелген батырдың жүйрік аты: Қобыланды батырдың Тайбурылы

7.От орнындай тұяқтым,

Омыртқаң бар отаудай,

Жаурының қарасам,

Сыпыра шапқан тақтадвй...

Тұрпатыңа болайын:

Тұлпардан туған жорғадай - деп жырланған батыр тұлпары: Ер Тарғынның Тарланы

8. Батырлар жырының құрылысы жағынан өзіне тән ерекшеліктері: «құдайдан тілеп алған жалғыз», кішкентайынан асқан күштің иесі, ел қамын, жұрт пайдасын ойлау

9.Батырлар жырында кең қолданылатын көркемдік тәсілдер: эпитет, теңеу, әсірелеу, дамыту,

10.1939 жазылған зерттеу еңбегінің авторы және атауы: Е.Ысмайылов «Батырлар жыры туралы»

11. «Қазақ эпостары туралы» еңбектің авторы : Қ. Жұмалиев

12. Е.Ысмайылов «Батырлар жыры туралы» еңбегінде батырлар жырын бірнеше топқа жіктеп бөледі: 1. XIV ғасырға дейінгі қаңлы-қыпшақ заманындағы батырлар жыры

2. XIV – XVI ғасырлардағы ноғайлы заманындағы батырлар жыры

3.XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ – қалмақ арасындағы қарым-қатынасқа байланысты туған батырлар жыры

4. XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысына байланысты туған батырлар жыры

13. XIV ғасырға дейінгі қаңлы-қыпшақ заманындағы батырлар жыры: «Құламерген», «Ер Төстік», «Алпамыс», «Көрұғлы»

14. XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ – қалмақ арасындағы қарым-қатынасқа байланысты туған батырлар жыры: «Бөгембай», «Қабанбай», «Арқалық», «Есімхан»

15. XIV – XVI ғасырлардағы ноғайлы заманындағы батырлар жыры: «Едіге», «Қобыланды», «Орақ Мамай», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Қамбар батыр»

16. XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысына байланысты туған батырлар жыры: «Сырым», «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Сұраншы», «Ағыбай»

17..Батырлар жырының ішіндегі ең көп таралған, он тоғыз нұсқасы бар ең ескі түрінің бірі: «Қамбар батыр» жыры

18. «Қамбар батыр» жырына арқау болған тақырып: жер мен ел намысын қоғау, бай мен кедей арасындағы тартыс

19.Осы уақытта ноғайда

Әзімбай деген бай болған,

Төрт түлігі сай болған –деп жырға қосқан байдың перзенті: Назым

20. «Қамбар батыр» жырындағы оқиғаның басталуы: Әзімбайдың байлығы мен Назымның сұлулығы

21.. «Атлас көйлек үстінде, Көк арбаға сүйеніп, шыбықтай белі бұралып» тұрған қыз: Назым

22. Қыз Назымның ағалары: Алшыораз, Қораз, Дараз, Қарымсақ / 6 ағасы бар/

23. Назымға сөз салмақшы болған көршілес қалмақ ханның ұлы-Келмембет

24. Келмембеттің мұрнын, құлағын кесіп еліне қайтарған Назымның ақылды ағасы: Алшыораз

25. Қамбармен жекпе - жекте өлген қалмақ батыры: Қараман

26. Жырдағы Қамбардың батырлығы суреттелген оқиға: Қараманмен жекпе - жекте

27.Мойның алтын таяқтай,

Қамыстай екі құлағың,

Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе тұяғың –деп суреттелген Қамбардың тұлпары: Қарақасқа ат

28. «Қамбар батыр» жырының поэтикалық тіл жағынан өзіне тән ерекшелігі: Символ

29. Жырдағы Келмембет пен Қараман бейнесін көрсеткен символы: Қарақұс, төбет ит

30.Үйрек, қаз, қызыл түлкі бейнесінде суреттелген «Қамбар батыр» жырындағы кейіпкер: Назым





7- бөлім Лиро - жпостық жырлар


Егер, батырлар жырының басты тақырыбы, күрделі әңгімесі — ел қорғау жайы болса, лиро-эпостық жырлардың одан біраз айырмашылығы бар. Ең алдымен, бұл жырлардың оқиғасы халықтың ертедегі жалпы әдет-ғұрпына, үйлену салтына байланысты туған. Онда көбінесе бір-біріне ғашық болған жұбайлар жайы, олардың қуанышы мен арман-мұңы, қайғы-шері суреттеледі. Және де өткен заманда жастардың бас еркі болмағандығы, олардың арман-мүдделеріне жетуі, сүйгендеріне қосылуы жолында көпте-ген бөгеттердің кездескендігі, ол бөгеттерді жеңе алмай ауыр аза, зор қасіретке ұшырағандары жырға қосылады. Бұл ретте халықтық негізде туған лиро-эпос жырлары өткен заманның жастарға жасаған озбырлық әдет-ғұрпын сынға алады.

 

Батырлар жыры сияқты лиро-эпос жырлары да бірнеше дәуірдің жемісі . Бұл да талай гасырмен бірге жасасып, әртүрлі жағдайларды, таптық, қоғамдық тілектердің ыңғайына қарай өзгеріп отырған. Ұрпақтан ұрпаққа ауызша айтылу түрінде, көптеген өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Халықтық ортада туған және халықтың көзқарасын, тілегін білдіреді referattar.kazaksha.info



Сұрақ-жауап түріндегі тест

1. Адамның көңіл - күйін, сезімдерін білдіретін жанр: Лирика

2. «Баяндау» дегенді білдіретін халық ауыз әдебиетінің жанры-Эпос

3. Лирика мен эпикалық тектер элементтерін бірдей қамтитын шығарма : Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар

4. Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлардың басты тақырыбы: екі жас арасындағы ғашықтық, сүйіспеншілік, махаббат, қайғысы мен мұңы

5. Қазақ халқының лиро эпостық жырының бөлінуі: 1. Қазақ халқының төл туындылары

2. Шығыс әдебиеті негізінде нәзира дәстүрінде жазылған қиссалар

6. Қазақ халқының төл туындыларына жататын ғашықтық жырлары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан», «Мақпал қыз»

7. Шығыс әдебиеті негізінде нәзира дәстүрінде жазылған қиссалар: «Мұңлық-Зарлық», «Таһир -Зухра», «Сейфілмәлік», «Жүсіп - Зылиха»

8. Қазан төңкерісіне дейін лиро-эпостық жырларды жинап жариялауда еңбек сіңірген орыс ғалымдары: В.В.Радлов, И.Н.Березин, Г.Потанин

9. Лиро-эпостық жырлардың ішіндегі 15 нұсқадан тұратын көне мұралардың бірі, ең көркемі: «Қыз Жібек» жыры

10. ЮНЕСКО шешімі бойынша «Қыз Жібек» жырының 500 жылдығы аталып өткен жыл: 2007 жылы

11.«Қыз Жібек» жырының алғаш қағаз бетіне түсіп, жарияланған уақыты: XIX ғасыр 1894 жыл

12. «Қыз Жібек» жырының шыққан уақыты: XIV – XVI ғасырларда

13.Жырда келтірілген жер мен су аттары бойынша жырдың «туған жері». Батыс Қазақстан өңірі

14.1934 жылы жазылған қазақ операсы: «Қыз Жібек» операсы

15. 1970 жылы түсірілген , әлемнің 43 елінде көрсетілген «Қыз Жібек» фильмінің режиссері: Сұлтан Қожықов

16. «Қыз Жібек» жырында 16 көріністен тұратын кейіпкер бейнесі: «Қыз Жібек»

17.Жырдың идеялық мазмұны: әке мен бала арасындағы тартыс, бірін бірі сүйген екі жастың трагедиясы

18.2003 жылы .«Қыз Жібек» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырлары енгізілген топтама атауы: «Еуразия халықтарының эпостары»

19.Тұңғыш рет .«Қыз Жібек» жырын мазмүнын орысшаға аударған орыс зерттеушісі: Е.А. Александров

20. Орыс зерттеушісі Е.А. Александров 1880 жылы «Қыз Жібек» жырын жазып алған ақын: Мұсабай ақын

21. 1894 жылы Зайсан өңірінен .«Қыз Жібек» жырын жинап Қазан қаласында бастырған татар мұғалімі: Ф.Тухватуллин

22. Жағалбайлы елінде өмір сүрген бай, Төлегеннің әкесі: Базарбай

23. Базарбайдың тоғыз ұлының бірдей өлуінің себебі: елге оба ауруының жайлауы

24.Төлегеннің өзіне лайықты қалыңдық іздеген кездегі жасы: 12 жаста

25.Төлегенге саудагердің оған лайықты қыз бар деп айтқан елі: Ақжайықта, Алты шекті елінде

26.Төлегенге Жібекті көрсетуге уәде берген Сырлыбай ханның уәзірі: Қаршыға

27. Төлеген Қыз Жібекті көруі үшін өткен көштің саны: 13 көш

28. Төлеген Шекті еліне бару үшін жылқыдан алған жорға мен жүк пен азық артқан түйе саны: 250 жорға мен қырық нар түйе

29. Төлеген Шекті еліне қай мезгілде аттанады: Наурызда

30.Төлегеннің қайта оралуға Жібекке берген уәделі уақыты: 6 ай

31.Жырда көрініс тапқан бата түрі: Теріс бата

32. Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

... Көзі жайнап жанып тұр,

Белі нәзік талып тұр. –деп суреттелген сұлу қыз: Қыз Жібек

33. Қыз Жібекті күш көрсетіп алмақ болған хан: Хорен хан

34. «Қыз Жібек» жырында

Атаңа нәлет ...

Арғыннан шыққан қу екен,

Әккі болған сұм екен, - деп суреттелген бейне: Бекежан

35. «Қыз Жібек» жырындағы ақын, шешен Төлегеннің досы Сансызбайдың ақылшы ағасы: Шеге

36.Қыз Жібектің Сансызбайды зарыға күтуінің үш себебі: 1. Төлегеннің өсиеті

2. Әмеңгерлік

3.Сансызбайдың Төлегеннен аумай қалуы

37.Төлегеннің Жібекке өсиеті: « Өліп кетсем, артымда еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар»

38. Жібек Төлегенді күтумен өткен жылы: 8 жыл

39. Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

Білегінің мүсіні

Айбалтаның сабындай -

Осы жыр жолдарындағы көркемдік тәсіл: теңеу

40. Беті нәзік талып тұр

Тартқан сымнан жіңішке,

Үзіліп кетпей нағып тұр - деген жыл жолдарындағы қолданған тәсіл: шендестіру арқылы жасалған әсірелеу

41. «Қыз Жібек» жырындағы 11 қыздың сипаттамасын бірінен бірі асыра суреттеу тәсілі: градация немес дамыту

42. «Қыз Жібек» жырында кездесетін арнаудың немесе риторикалық айшықтаудың түрлері: Сұрай арнау, зарлай арнау

43. Қартайса да ілгері,

Әлгі қыздың мүшесі.

Асылдай болып есіліп,

Нұрдай болып шешіліп,

Көшті тартып барады- деп сипатталған көштің иесі: Қыз Жібектің шешесі

44. Бекежанның қастандығынан кейін қансырап жатқан Төлеген қоштасқан тірі жан иелері: Алты қаз бен тұлпар аты

45. Мен кеткен соң, дариға

Көкешім деп, Сансызбай

Еркелеп кімге қылар наз?

Сіздер тірі мен өлі

Жатырсың негып демейсің?

Тілсіз мақұлық жануар

Бірге келген жолдасым

Қасыма неге келмейсің? –деп алты қаз және тұлпарымен қоштасқан кейіпкер: Төлеген

46. Әуелі бас қосқаным -Жағалбайлы

Жылқысын көптігінен баға алмайды.

Өлгені Төлегеннің рас болса,

Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды ? – деген жыр жолдарында қолданылған арнау түрі:

Зарлай арнау

47. 1972 жылы түсірілген «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазған халқ жазушысы: Ғ.Мүсірепов

48. «Қыз Жібек» фильмін көріп. «...XII ғасырда мәдениеті осындай болған елдің қазіргі мәдениетін айтпасақ та түсінікті» - деп таңғалған халықтардың бірі: Француз халқы

49. «Қыз Жібек» жырының құндылығы: Қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрпын кең көлесде суреттеуі,

50. Қазақ халқын күллі әлемге танытқан лиро-эпостық жыр: «Қыз Жібек» жыры


8-бөлім Шешендік сөздер

Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. Шешендік сөздер түсінік пен түйінді сөздерден құралады.. Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде кездеседі. kk.wikipedia.org/wiki/


Сұрақ-жауап түріндегі тест

1.Белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған үлгілі ойлар, тұжырымдар: Шешендік сөздер

2. Ерте замандағы Афины шешені: Демосфен

3.Парламент мүшесі, адвокат болған Рим шешені: Цицерон

4. XIX- XX ғасырлардағы заң қызметкерлері болған орыс шешендері: А.И. Урусов,

А.Ф. Кони, Ф.Н.Плевако

5. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет» -деп сөз құдіреті туралы толғаған шешен: Бөлтірік шешен

6. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі» : Шешендер

7. Көш бастау қиын емес,-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,-

Шабатын жерде жол бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын-

Шешімін таппас дау бар- деп шешендік өнердің қиындығы туралы айтқан ақын: Бұқар жырау

8. Сөзге жүйрік, билік айтатын шешен адамдардың тобы: Билер

9..Қазақтың шешендік өнері дамып, жанданған кезі: Тәуке ханның тұсында

10.Қазақтың атақты үш биі, қазақ тарихындағы сұңқар үнді текті тұлғалар туралы айтылған тағылымды сөздер: «Төле тауып айтады», «Қазыбек қазып айтады», «Әйтеке жарып айтады»

11. Қазақ шешендік өнерінің бастауы: Майқы би

12.Қазақтың дістүрлі шешендік сөздерінің шартты түрде 3-ке бөлінуі: Шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау

13. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты шешу: Шешендік арнау

14. Халықтың философиялық көзқарасы: көрсететін шешендік сөздер: Шешендік толғау

15.Қазақ қауымыныңзаттық және рухани даулы мәселелерін реттейтін ежелгі әдет заңын шешу: Шешендік дау

16. Шешендік сөздердің түрлері: кеңесу, билік, салтанатты сөз

17. Шешендік сөздердің құрылысы: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

18. Қазақ шешендік сөздерді жинап,халық шешендігін бағалаған белгілі ғалым: В.В.Радлов

19. Өзінің «Хрестоматисына» қазақ шешендік сөздерді енгізген, балаларға оқуға ұсынған ғалым, ағартушы : Ы.Алтынсарин

20. Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғаш зерттеушілердің бірі, жазушы: М.Әуезов

21. Шешендік өнерді зерттеп, оқулық жазған , шешендікті 5-ке бөлген ғалым: Г.З.Апресян

22. Г.З.Апресянның шешендікті мазмұнына қарай 5-ке бөлуі:

1.Әлеуметтік – саяси мазмұнды шешендік

2.Академиялық шешендік

3.Сотта айтылатын шешендік

4.Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік

5.Діни қызметте қолданылатын шешендік

23. Әлеуметтік – саяси баяндамалар, дипломаттық сөздер жататын шешендік түрі:

Әлеуметтік – саяси мазмұнды шешендік

24. Ғылыми шолу мен бяндамалар,жоғары оқу орнындағы дәрістер: Академиялық шешендік

сөздер

25.Әлеуметтік айыптау сөздер, әлеуметтік қорғану, айыптау сөздер: Сотта қолданылатын шешендік сөздер

26.Мерейтойды айтылатын құттықтаулар,аза сөздер: Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік

27.Діни уағыздар, шіркеуде айтылатын сөздер: Діни қызметте қолданылатын шешендік

28. «Әділ билердің қолындағы билік –қазақтың түрлі дертін жазатын жақсы дәрі» -деген даналық сөздің авторы: А.Байтұрсынов

29. Қазіргі тіл білімінде шешен сөзінің көп мағынада қолданылуы:

1.Шешендік өнермен айналысатын адам

2.Көпшілік алдында сөйлейтін адам

3.Қызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге қабілетті адам

30. «Қазақтар шешен келеді,олар мақамдап сөйлейді,жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады»- деп құнды пікір айтқан ұлы ғалым: В.В.Радлов

31. Әз Тәуке құрған «билер кеңесінің» мүшесі, Ұлы жүздің төбе биі, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, «Жеті жарғы» заңдар жинағын құрастырушы: Төле би Әлібекұлы

32.Төле бидің қазақ хандығының астанасы қылуға күш салған қала: Түркістан

33. Төле бидің Ресеәге қосылу ниетімен Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елші жіберген жылы: 1749 жыл

34. Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сыртқы саясатының нәтижесі: Жоңғар хандығының құлауы

35. 1742 жылы тұтқиылдан жасаған жорыгы кезінде жоңғарлардың қолына түсіп қалған хан: Абылай

36. Тұтқынға түскен Абылай ханды келіссөз жүргізіп, шығарып алған би: Төле би бастаған 90 адам елші

37. Төле бидің азаттық жолында біріге күрес жүргізген батырлар: Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек

39. «Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердіңқұруға асыққаны.Атаға бөлінгендер көмусіз қалады.Хан азса халқын сатады. Халық азса хандыққа таласады» деп артына өсиет қалдырған ұлы би: Төле би

40. «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп жер таянып жоқтаған билердің бірі: Қаз дауысты Қазыбек

41. Бата сұраған Төле биге әкесі ұлының қолына сындыруға берген зат: Бір бума шыбық

12. Үй баласы ма деп едім,

Ел баласы екенсің:

Ай маңдайлы арысым,

Талабың алдан өтелсін,

Ауылыңның таңы бол,

Маңдайындағы бағы бол – деп 15 жасында билік айтып бата алған би, шешен: Төле би

43.Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдар жинағы: «Жеті жарғы»

44.Шынай шешен, тума талант халықхалық өмірі мен әдет-ғұрып, салт – сана дәсүріне мейлінше жетік болуы тиіс деген даналық ойдың авторы: Цицерон

45. «Мен жау келді депоның үясын бұзып, балапандарын шырылдатар жайым жоқ!..» деп жоңғар басқыншыларын кері қайтарған Төле биге жоңғар қоңтайшысының оған берген атауы: Қарлығаш әулие

46. Атақты шешен, орта жүздің төбе биі, Жеті жарғы заңдарын құрастырушылардың бірі:

Қаз дауысты Қазыбек би

47. Қазыбек бидің ел намысын қорғау жолындағы жүргізген сыртқы және ішкі саясаты үшін халық берген лауазымы: Халықаралық дәрежедегі елші-дипломант

48. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспаасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанға басындырмаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» -деп қоңтайшыны састырған би : Қазыбек би

49. Қазыбек бидің өмірден өткен жылы мен жасы: 1764 жылы 97 жасында

50. Қазыбек бидің денесі жерленген қала мен кесене: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

Түркістан қаласы

51. Қазыбек биге арналып ескерткіш қойылған қала атауы: Астана

52. Қазыбек бидің алғаш рет ат қосшы ретінде қалмақ қоңтайшысы Сыбан Рабданға барған кезіндегі жасы: 14 жаста

53. Қазыбек бидің Әбілмәмбет ханға қайтарып берген қала саны: 33 қала

54. Қазыбекке риза болған қалмақ ханы «бұдан былай екі сыбағалы бол» - деп Қазыбекке берген тарихи аты мен жүлдесі: Қаз дауысты Қазыбек, 97 жүлде

55. Өзбекстанда дүниеге келген атақты үш бидің бірі: Әйтеке би Байбекұлы

56. Әйтекені шешндік қасиетінің танылуына ықпалы тиген адам: әкесі Байбек

57. Әйтекені жеті жасынан бастап тәрбиесіне алған аталары: Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр

58. Әйтеке бидің туған жері мен жылы: Қазбибі тауының етегінде 1644 жылы

59. Әйтекенің оқыған медресесі: Самарқандағы Ұлықбек медресесі

60. Әйтекенің оқыған пәндері мен меңгерген тілдері: дін, құқық, аспан әлемі, география, тарих, математика мен араб, парсы, шағатай, өзбек

61.Әйтекенің Бүұара мен Самарқанд төңірегінде бас би болған жұрты: қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұрты

62. Әйтекенің қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртында бас би болған жасы: 21 жасында

63. Әйтекені 26 жасында қай жүзге би етіп сайлайды: Кіші жүз

64. Әйтеке биді

- Қудан ұшқыр, құланнан.

Мүндай шешен болмайды,

Бір сөзін жүз мақалдап,

Сипаттап қандай тіркейді

... Қанша ділмәр дегендер,

Ширегіне келмейді - деп сипаттағанхалық жырауы: Қазанғап Байболұлы

65. - Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып, елге пайдаң тимесе,

Батыр болып, жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін –деп Әйтеке қарсыылық қылған би: Ормамбет би

66. Дана би /Әйтеке / өзінің тілегі бойынша көрмей дүниеден өткен ел басына түскен қасірет: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» /1723жыл/

67. Әйтеке бидің Төле би мен Қазыбекке сәлем ретінде жолдаған толғанысынвн үзінді: «Елінен айрылған ер бақытсыз, жерінен айрылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей!»

68. Әйтекенің қайтыс болған атажұрты: Нұрата тауы

69. «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл-қазақ тілі.Қазақтар өзінің шешендігімен , әсем ауыз әдебиетімен де даңқты»-деп пікір айтқан ғалым: С.М.Малов

70. Композициялық құрылысына қарай екі топқа бөлінеді: Пернелі сөз, термелі сөз




9-бөлім Айтыс

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады... Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан – жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт – дәстүрі басты себеп болды...» Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – тіршілігі -, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы. 
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр – түрлі үдгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады. 
Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерін екіге бөліп, біріншісін – Тұрмыс – салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б) Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, екіншісін – Ақындар айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған. https://sachok.kz/referat/show/


Сұрақ-жауап түріндегі тест

1. Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр ,топ алдынды табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы жыр жарысы: Айтыс

2. «Айтыс-сөз барымтасы» деп айтқан ұлы жазушы ғалым: М.Әуезов

3. Айтыстың бастау бұлағы: тұрмыс – салт жырлары

4.Айтыстың ең ежелгі түрі: Бәдік айтысы

5. Айтыстың түрлері: 1. Бәдік айтысы

2.Жар-жар

3.Жануарлар мен адамның айтысы

4.Өлі мен тірінің айтысы

5.Жұмбақ айтыс

6.Салт айтысы

7.Қыз бен жігіт

8. Ақындар айтысы

9. Осы күнгі айтыстар

6. Айтыста ұшырасатын сипаттар: драмалық, эпикалық, лирикалық

7. Ақындар өлеңінің қасиеті: «Киесі бар, иесі бар»

8.Айтыскер ақындардың жеңілу себептері: Аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан

9. Айтыс жанрына тән сипаттама: Синкреттік өнер

10.Айтыс жанрын арнайы зерттеген ғалымдар тобы: Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамеұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов,М.Ғабдуллин., Қ.Жұмалиев т.б.

11. Ш.Уалиханов зерттеуінде ерекше тоқталған айтыс ақындары: Түбек, Жанақ, Шөже, Орынбай

12.Шоқанның өзі соқыр болса да, ел ішіндегі білгірі, ерекше тұлғасы деп таныған айтыс ақыны: Шөже

13. Қазақ айтыстарының жанрлық сипатта бөлінуі: 1.Түре айтыс 2.Сүре айтыс

14.Екі ақынның кезектесіп бір шумақты өлеңмен жауаптасуы: Түре айтыс

15. Екі ақынның көп әңгімені қамти, дамыта және бірнеше шумақпен ұзағынан жауаптасуы: Сүре айтыс

16. Түре айтысқа жататын айтыстың түрлері: «Жар-жар», «Бәдік»

17. Сүре айтысқа жататын айтыстың түрлері: Айсұлу мен Кемпірбай, Әсет пен Ырысжан, Сүйінбай мен Қатаған

18. Айтыстың мазмұндық сипатына қарай бөлінуі: 1.Әдет- ғұрып айтысы 2.ақындар айтысы

19. Айтыстың тақырыбына қарай бөлінуі: 1.Жұмбақ айтысы 2.Мадақ айтыс

20. «Бәдік» сөзінің мағынасы: Делбе, мал ауруының айналма түрі, бәдік ауруына қарсы сиқыр арбау ұғымынан туған айтыс

21. Бәдік айтысы орындалатын мезгіл: кешкі уақыт

22. Бәдік айтысының шығу тегі: Бәдік ауруына қарсы, сөзбен, өлеңмен сиқырлап арбау нанымынан туған

23. Бәдік айтысы кезінде шумақ соңында міндетті түрде айтылатын сөз: Көш, көш!

24. Айтыстың төрт түлік малмен байланыстыратын түрі: Жануарлар мен адамның айтысы

25. Қасқырмен айтысқан ақын: Шашубай ақын

26. Жұмбақ айтысын жасаған ақындар: Әсет пен Ырысжан, Нұржан мен Сапарғали

27. Жұмбақ айтысының ерекшеліктері: суырыпсалмалық пен шапшаңдық, білімділік

28. Сал айтысының бөлінуі: Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы

29. Көгілдірік ендеше, көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік.

Осындай бірме бірге кез келгенде

Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп- деп келетін айтыстың түрі: Қыз бен жігіт айысы

30. Қыз бен жігіт айысының ақындар айтысынан өзгешелігі: ойын-сауыққа тән қалжың әзілдер

31.Айтыс жанрының ішіндегі ең көлемдісі де күрделі түрі: ақындар айтысы

32. Ақындар айтысының басты ерекшеліктері: 1. Белгісіз тақырыпқа табан астында шығару.

2.тосын сұраққа жауап беру,

3.өмір құбылысын жұмбақ қылып айта білу

4.ел шежіресі мен тарихын білу

5. саз аспабымен сүйемелдеу /домбыра, сырнай т.б./

33.Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерінің жіктелуі: 1. Тұрмыс - салт айтысы / Бәдік, жар-жар, қыз бен жігіт айтысы/

2. Ақындар айтысы /Дін, жұмбақ, жазба/

34. Айтыс өнерінің түйіні: Шындық

35.Жасынан жарапазан айтып, шағын өлеңдер шығарып ұлылық дәрежемсіне жеткен ақын: Жамбыл

36. XIX ғасырдағы қазақ ақындарының айтысы ішінде айрықша орын алып, кеңінен тарағаны, көркемдік дәрежесі жоғарысы: «Біржан мен Сара» айтысы

37. «Біржан – Сара» айтысында қазақ қоғамындағы көтерілген мәселелер: Әлеуметтік теңсіздік, келеңсіз жайттар

38.Жетісу өңіріндегі 13 жасынан домбыра ұстап, сөзден сүрінбеген әрі ақын, әрі әнші қыз: Сара Тастамбекқызы

39. ... Қажы-еке, сізге айтарлық арызым сол,

Қапамын бастан билік алмағанға-деп мұңын шаққан ақын: Сара

40. Жетісу өлкесіне, Сараның ауылына арнайы іздеп келіп айтысқан ақын,әнші, сал-сері, сазгер: Біржан сал Қожағұлұлы

41. ... Қырандай аспандаймын желді күнгі,

Даусымның көтерілер шықса тері.

Болжаған жер шарысын майталманмын,

Жасымнан маған мәлім қыз не дері.

.. Ақ иық мұз балақпын жерге түспес,

Кең қолтық арғымақтың алқымы іспес-деп, өзін мұзбалаққа, жүйрік арғымаққа теңеген ақын: Біржан сал

42. ...Найманда екі жүзді наркескенмін,

Желкеңді ққимақ үшін қойған саптап.

Тозаңың анада –санда бұрқ-бұрқ етер,

Сабасам бейпіл тілді екі жақтап.. – деп қарсыласына айбын таныта жырлаған ақын: Сара Тастанбекқызы

43. Біржанның Сараның әдемілгіне, сұлулығына, ақындығына көңілі толып, жоғары бағалаған жыр шумақтары: ..Жарайды, жаным Сара осы сөзің,

Тастүлек тұрымтайдай екі көзің...

Шіркін- ай, мұндай жүйрік туармысың,

Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін.

44. Тағдыры аянышты ақын Сараның осал тұсы: Күйеуі Жиенқұлға еріксіз қосылуы

45. Адамға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей желпіп ұшқан қызыл гүлім.

Сіздерден қялғаннан жүруші едім,

Есекке қосақтаулы өтті күнім.

... Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім.–деп ақын Сараның қамығуы: Жеңілгенін мойындайлы

46. Әйел теңсіздігі мен әлеуметтік мәселелерді көтерген саяси мәні бар өнер туындысы: «Біржан мен Сара» айтысы

47. «Біржан мен Сара» операсын жазған композитор: М.Төлебаев

48. Біржан салдың дұниеге келген жылы мен туған жері: Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданы, Степняк ауылы , 1834 жылы туған

49. Біржан салды өз ауылында сыйлы қонақ ретінде күтіп, өнеріне жоғары баға берген ұлы ақын: Абай

50. Біржан салдың қазақ аруларының қайталанбас көркем бейнесін сомдаған шығармалары: «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай» өлеңдері

51. Сара Тастанбекқызының туған жері: Алматы облысы, Ақсу ауданы

52. Сара Тастанбекқызының өлеңдері: «Жүрек сыры», «Арсалаң аға алдында», «Қош бол, елім» т.б.

53. ««Біржан мен Сара» айтысы түр жағынан да, мазмұн жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметттік және көркемдік маңызы бар айтыс»- деп бағалаған жазушы, ғалым: С.Мұқанов

54.Кеңес дәуірінде ақындық өнерлерімен танылып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бһленген айтыскер ақындар тобы: М.Көкенов, Н.Лушникова, Қ.Әбілов, Ә.Беркенова, К.Шәкеев

55. Қызылорда өңірінен шыққан айтыскер, қазақтыі халық ақыны, суырыпсалманың шебері: Манап Көкенов

56. М.Көкеновтың жастайынан шығармаларын оқып, көңіліне тоқып өскен ақын-жыраулары: Нартай, Балқы Базар, Құлан, Тұрмағамбет.

57. М.Көкенов туарлы түсірілген деректі фильм: «Манап аға»

58. М.Көкеновтың күйтабаққа жазылған өлеңдері: «Күріш алабында», «Еңбек өрендері», «Ақындарға», «Көктау шахтерлеріне»

59.Ұлты орыс болғанмен жүрегі қазақ деп соққан қазақ халқының айтыскер қызы: Надежда Лушникова

60. Надежда Лушникованың туған жері мен жылы: Алматы облысы,Қарасай ауданы 1940 жыл

61. Надежда Лушникованың айтыстары енген жинақтары: «Жар- шашу», «Мәңгі көктем»

62. «Қазақтың халық ақыны» атағының иесі, халықаралық айтыстың жүлдегері, «Астана» медалімен марапатталған, айтысты жаңа белеске көтерген айтыскер ақын: Қонысбай Әбілов

63. Қонысбай Әбіловтің Балқы Базардың 150 жылдығына орай өткен Халықаралық айтыста жеңімпаз атанған қаласы: Ташкент 1990 жыл

64. Алматы қаласында өткен К.Әзірбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық айтыста бас жүлдені иемденген ақын: Әсия Беркенова

65. 1950 жылы Қостанай облысы, Әулиеата ауданы, Сулыкөлде дүниге келген «Сара Тастанбекқызы» атындағы жүлдесін жеңім алған ақын: Әсия Беркенова

66.Тәуелсіздік алған жылдарындағы аға буын айтыскер ақындар қатары: М.Тазабеков, А.Әлтаев, О.Досбосынов, А.Қалиев, А.Ілеубаева, М.Қосымбаев т.б.

67. Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мүддеге қатысты айтыста көтерілген мәселелер: ана тілінің тағдыры, қазақ жерінің меншікке өтуі, қазақ балаларының шетелге сатылуы, елге оралған қандастардың тағдыры, жер асты байлығы

68. Қазақ жерінің тағдырына байланысты ой жарыстырған ақындық шеберліктің үлгісін көрсеткен ақындар жұбы: Р.Зайтов пен Д.Көпұлы

69. Айтыста шын мәнінде ұлттық мүддеге сай әлеуметтік мәселелерді көтеріп халық ризашылығына бөленген ақындар жұбы: Балғынбек пен Сара, Мұхтар мен Қарлығаш, Әбілхайыр мен Досбосын, Мэлс пен Айбек

70. Қазіргі заман айтысы туралы: «... XXI ғасырдағы ақпарат қарқынымен үйлесіп,ұрымтал да жедел мәлімет беретін жанр болғандықтан маңызы күн санап артып, адам құқығы мен сөз бостандығын қорғау талабынмен үндесіп, тәуелсіздік кезеңде қызықты да думанды телешоу ретінде жаңа сапаға көтеріліп дамып отыр..» -деп пікір айтқан ғалым: А.Тойшанұлы

71. Қазіргі заман айтысының мақсаттары мен міндеттері:1.Айтыс өнерін мәдениетіміздің асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау

2.Болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, сапалық деңгеәін жақсарту маұсатында дәстүрлі іс –шара өткізу

3.Шебер сөз құрау мен жоғарғы деңгейлі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейту

4.Талантты , дарынды жас ақындардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау

5.Халықтар достығын,береке-бірлікті дәріптеу

72.Көне түркі дәуірінде айтыс түрлері кездесетін шығармалар:М.Қашқари «Диуани лұғат ат түрік» , Йасауидің «Диуани хикмет»

73. М.Қашқари «Диуани лұғат ат түрік» еңбегінде кездесетін айтыс түрі:

«Жаз бен Қыстың айтысы»

74. Йасауидің «Диуани хикмет» еңбегінде кездесетін айтыс түрі: «Жұмақ пен Дозақтың айтысы»

75. Обалың Есімбек пен Тұрысбекке ,

Күйеуің жаман екен, ей, бейшара-деп ақын Сараға аяушылық білдірген сал ақын: Біржан сал

76. Сараның Біржан салдан жеңілгенін мойындаған өлең жолдары:

Адамға жол бермеген есіл тілім,

Күн өтпей желпіп ұшқан қызыл гүлім.

Сідерден ұялғаннан жүрушу едім,

Есекке қосақталған өтті күнім.

... Сіздерге сенетұғын сорлы басым,

Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім

77. Біржан сал үш бірдей өнер иесі: 1.Асқақ үнді ақын. 2.әнші. 3.сазгер.

78. Ақын Сара Тастанбекқызының дастаны: «Тұзақ»

79. Айтысқа түсер ақынға ең керегі: Шабыт

80. Айтыскер ақын Надежа Лушниковаға берілген мемлекеттік атақ:

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері»

81. Қазақ айтыс өнерінің басты өзегі: Ұлт тағдыры

82. Бабаларымызша күңіренсем,

Қос көзімнен қан ағар.

Көмекейіснен зар ағар,

Аңдамасаң ағайын,

Жеріңді сатып алған соң,

Қойныңа кірген сұм жылан,

Уыты бойға таралар-деп жер мәселесіне сай қарсыласына жауап берген айтыс ақыны:

Ринат Зайытов

83.»Саңлақ» сөзінің мағынасы: 1.үшқыр, жүйрік 2. Елден ерек, озат, шебер

84.Айтыс сөзінің парсыша қолданылуы: Мүшәйра

85. Айтыс сөзінің арабша қолданылуы: Мұғәллакәт

86. Арабтардың үнемі өлеңмен сөйлескен тайпа атауы: Көшпенді бәдәуилер

87. Қазіргі кездегі сахна саңлақтары, ақындар легі: А.Түрсынбаева, М.Ниязов, Ж.Бұлғақов, Ж. Мусина, С.Дүйсенғазы т.б.

88. «Ауызша әдебиет ішінде айтыстан көп кездесетін өлең жоқ...»- деп айтыстың болашағы зор өнер түрі екендігін айтқан ірі жазушы , ғалым: М.Әуезов

89. Импровизащия ұғымының мағынасы: суырыпсалмалық өнер

90. Ақынның еш дайындықсыз ұшқыр ойынан туған ықшамдалған өлеңі латын тілінде аталуы: Экспромт



Пайданылатын әдебиеттер:

  1.  Қазақ ұлттық энциклопедиясы

  2.  Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927

  3. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931

  4.  Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988

  5.  Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993

  6.  Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958

  7. «Беташар»Ж.Дәуренбеков Алматы. «Өнер» баспасы 1991 ж.

  8. Қазақ әдебиеті оқулығы 9-сынып С.Ч.Тұрсынғалиева, Г.Р.Бәкенова

  9. Ғаламтор дерекөздері





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2018
8884
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі