Материалдар / ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталғаны туралы баяндалған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ


Алдабергенова Гульмира Кыдыралиевна

ОҚО, Түркістан қаласы, «Түркістан медицина колледжі» МКҚК-ның қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы



Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады», деген болатын. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр.

Осы орайда қазақ әдебиеті сабағында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша заманауи білім берудегі Нұрлы Жол бағытындағы жеке тұлғаға бағдарланған инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалануға күш салып келеміз. Сабақ барысында Қазақстан  140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналғандығын тілге тиек етіп, стдуденттерге азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім - біздің басты құндылығымыз екендігін сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болып табылатындығын мақтанышпен жеткіземіз.

Қ.Тоқаев балабақшаларда, мектептерде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді назарда ұстау қажет екеніне бас назар аударды. Өзіне тән тілі, діні, салт-дәстүрі, жазуы және тағы басқа ерекше құндылықтары бар ел ғана тәуелсіз ел бола алады. Осы орайда әрбір оқытушы өз сабағында студенттерді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесуге, ықпал жасауы тиіс. Соның бірі қазақ әдебиеті пәнінде іске асырылып келеді.

Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» -деген тұжырымдамасында жеткіншек жастар мен болашық маманның сауатылығы мен білім, біліктілігіне ерекше мән берілген.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Осы тұрғыда кәсіби-бағдарлы технологиялар негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі. Колледжде қазақ әдебиеті пәнінде жеке тұлғаны адамзат мәдениетінің барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет ететін кәсіби білімді мамандарды даярлауға күш салынады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу материалын модульге бөлу студенттердің жүйелі ойлауына, уақытын ұтымды пайдалануға, студенттердің өз бетінше ізденуіне, коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Осы орайда сабақ барысында өзектілікті шешу немесе студенттің зерттеушілік құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілігі бойынша ақпараттар беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар студенттердің зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделеді. Жалпы алғанда құзыреттілік дегеніміз – студенттің алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде тәжірибе және теориялық мәселелерді шешуге қолдана білу қабілеттілігі. Бүгінгі таңда медициналық колледждерде маңызды мәселелердің бірі – студенттердің коммуникативтік құзіреттіліктерін арттыру болып табылады. Тіл – коммуникация мақсатында қызмет етеді.

Мен өз сабағымда Ж.Қараев сынды ғалымдардың жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары оқу үрдісіне енгізілуде. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының негізінен сөйлесу, қатысымдық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасалынады. Бұл технологиялар арқылы білім сапасы жоғарылауда.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан әрбір оқытушы өз алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын еркін жеткізе алатын, өзгелердің сөздеріне құлақ қойып, тыңдай алатын мәдениетті адамды қалыптастыруға ықпал жасайтын бірден-бір әдіс.

Құзырет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. Құзыретті меңгеру студенттің белсенділігіне тәуелді. Құзыретке ие болу сол жағдаятқа өзінің бар білімі мен тәжірибесін бейімдеу. Білімді білім алушының нақты қоғамдық өмірде білімін қолдану, ол үшін оқыту үдерісінде құзыретті дамыту және қалыптастыру, нақты жағдайлар тудыру қажет.

Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, оның іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай қазақ әдебиетін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану – еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде колледждерде болашақ мамандардың ізденімпаздығын қалыптастыруда, шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіруде, рухани дүниесін дамытуда этнографиялық лексиканы тілдесім әрекеті арқылы оқытудың маңызы ерекше. Болашақ мамандардың кәсіби-танымдық білімінің шеңберін кеңейтетін мәтіндер мен тапсырмалардан тұрады. Сонымен, қазақ әдебиетін медицина саласына байланысты оқыту әдістемесінің жасалуы төмендегідей:

  • Ақын-жазушылар шығармаларындағы анатомиялық атауларды анықтау;

  • Анатомиялық атаулардың қазақ әдебиетінде қолданылу ерекшелігін ажырату;

  • Медицинада жиі кездесетін ауру түрлерін, оның пайда болуы мен адам ағзасына әсерін зерттей отырып, шығармадағы ақын-жазушының суреттеуімен салыстыра талдау;

  • Фразеологизмдердің мағынасын өз бетінше саралау және оны медицина саласымен ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру;

Қорыта келгенде студенттерді өз бетінше ізденуге ықпал ете отырып, өзінің ой - пікірін ашық айтуға ұмтылдыру жас жеткіншектің ойлау қабілетін және тіл байлығын дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда колледжде кәсіптік білім тұрғысынан осы әдістерді пайдаланудың тиімділігі мол.
Қазақ әдебиеті сабағынан жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, мынадай құрылым жүйесін түземін.

  • коммуникативтік  құзыреттілік арқылы студенттер өз ойын еркін айтуға үйренеді;

  • өз мамандығына деген қызығушылығы артып, қазақ әдебиетіне ықыласы молаяды;

  • өз құзіреттілігі аясында ізденіс жасауды меңгереді;

  • кәсіби-бағдарлы интерактивті технология шеңберінде білім беру парадигмасының өзгеруімен байланысты түрлі шараларды іске асыру жұмысы атқарылады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!