жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің тарихи оқу-танымдық құзіреттілігін дамыту жолдары
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің тарихи оқу-танымдық құзіреттілігін дамыту жолдары
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы
Мукашева А.Т.
Қазақ әдебиеті сабағында студенттердің тарихи оқу-танымдық құзіреттілігін дамыту жолдары
Мақсаты: қазақ әдебиеті сабағында студенттердің сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, дұрыс әрі сауатты сөйлеуге үйрету, тарихи оқу-танымдық бағытта жұмыс жүргізу арқылы студенттердің шығармашылық, кәсіби, қоғам-танымдық, заманауи құзіреттілігін арттыру.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2050» жолдауында «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» -деген болатын.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу” делінген.
Оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. «Технология – tehno – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң, бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Әдебиет пәні-тарихымыздағы ұлы оқиғалардың көркем шежіресі. Әдебиет –адам баласымен бірге жасап, оларға рухани күш беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.
Орта мектептер мен жоғары оқу орындарында өтілетін қазақ әдебиеті сабақтарының мақсаты –оқушылар мен студенттердің сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дұрыс әрі сауатты сөйлеуге үйрету, өз елінің тарихымен көркем шындық арқылы таныстыру. Ал, тарихи оқу-танымдық бағытта жұмыс жүргізу арқылы студенттердің шығармашылық, кәсіби, қоғам-танымдық, заманауи құзіреттілігін дамыту. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытудың сан алуан жаңа технологияларымен таныстырмайынша олардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкін емес. Оқытудың жаңа технологияларының өсіп келе жатқан жас ұрпақтың танымдық әрекетін қалыптастыруға мүмкіндігі зор. Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін дамыту мәселесі бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нысанасына айналған.
Жеке тұлға тәрбиесінде таным әрекетінің маңызы туралы ой-пікірдің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ халқының ағартушы-ғалымдарының қосқан үлесі әлі күнге дейін үлкен маңызын жойған емес.
Белгілі философ Д.Кішібеков: “Таным дегеніміз – сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеялды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі”, - деп таным ұғымын жан-жақты қарастырған. Яғни, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады.
Ақпараттық технологияның негізгі талабы –жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнаралық байланыс: тарих, кино өнері, бейнелеу, театрландырылған көрініс, ән-күй, философия, психология, қоғам, т.б.
Сондай тарихи оқу-танымдық бағытта оқытудың бір жолы С. Мұқановтың «Ботагөз» романын оқыту. Романды оқыту арқылы Асқардың өмірдегі прототипі Сәкен Сейфуллиннің өмірдегі шынайы бейнесін танытуда тарихи шындыққа бойлаймыз. «Ботагөз» романы желісімен түсірілген бейнефильмінен үзінді көрсете отырып, оқулық пен кино өнері арасындағы айырмашылықты, алшақтықты көрсетіп, пікірталас туғызуға болады. Бейнефильмдегі жағдаяттарды оқулықпен салыстыру арқылы студент бойында өзіндік ой-пікір қалыптастырудың маңызы зор.
Шығармашылық кезең:
-
байланысты орнату (тарихи шындық пен көркем шындық)
-
жағдайға бағдар жасау
-
сұрақтарды талқылау (оқытушы тарапынан немесе студенттер тарапынан сұрақтар қойылады)
-
шешімді қабылдау (студент шығарманы қалай аяқтар еді, өз көзқарасын білдіреді)
Ал, кейіпкерлер жүйесіне мінездеме жаздыру немесе ауызша айтқызу әдебиет сабағында, шығарма талдауда қолданылуы тиіс әдістердің бірден бірі. Өйткені, мұнда студенттің сөздік қоры, тіл байлығы көрініс табады. Шығарманы оқытуда басты назарға алынатыны –уақыт, тарихи және қоғамдық-әлеуметтік жағдай.
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясындағы» әңгіме-новеллалары, өлеңдері, аудармаларындағы шығарма өзегін, тәрбиелік мәнін ұғындыру әдебиет сабағында оқушының танымдық деңгейін биікке көтереді. Студенттер бойында сол тәрбие ұшқынын қалдыру мақсатында театрлық көрініс ойнатып, сабаққа, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Мысалы: «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Бай баласы мен жарлы баласы» т.б. әңгімелері адамның дүниетанымын кеңейтеді. Сонымен қатар, Ы. Алтынсариннің алғашқы ұстаз екенін, қазақ жерінде мектеп ашып, оның ішінде қыздарға мектеп ашу ісі қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі бар екенін студенттерге ерекше атап айтқан жөн. Яғни, таным туралы ғалымдардың түрлі пікірлерін саралай келе: таным адамның рухани баюы деген қорытынды жасауға болады.
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Оқытушы шеберлігі арқылы оқушының білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал, ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Мысалы, оқытушы белгілі бір шығарманы мазмұндау барысында ең қызық жерінен немесе ситуациялық жағдайларға келгенде бірден тоқтағанда, оқушы бұл шығарманың қалай аяқталарына қызығушылық танытады. Сондықтан, үйден оқып келуге тырысады. Заман талабына сай қазіргі мектеп оқушылары, студенттер, жастар арасында газет, журнал, кітап оқу азайып бара жатқаны белгілі. Мұндай әдіс оқушыны кітап оқуға, көркем әдебиетті оқуға, онымен тереңірек танысуға жетелейді.
Қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасаған сал-серілер поэзиясын оқытуда әдебиет сабағын ән-күй сабағымен кіріктіруде орынды. Біріншіден, халқымыздың музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына хабардар болса, екіншіден, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттырамыз. Оларды сұлулыққа, нәзіктікке, тазалыққа, адалдыққа, имандылыққа, шыншылдыққа, батылдық пен жігерлілікке, қайсарлыққа тәрбиелейміз. Мысалы: Ақан Серінің «Қараторғай», Біржан Салдың «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жанбота», Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әндерін сыныптағы өнерге жақын, қабілетті, қызығушылығы бар студенттерге айтқызу арқылы шығарманы өз деңгейінде жеткізе аламыз.
Абайдың қара сөздерін оқытуда аудиоклиптен үзінділер тыңдатқан жөн. Абай қара сөздерінің қайсысы болса да сол дәуірдегі күрделі мәселелерді сөз етуге арналады. Қара сөздерді талдау арқылы тарихи кезең, қоғамдық орта, әлеуметтік жағдайға баса назар аударылады. Оқырман қара сөздерді аудиоклиптен тыңдау барысында ондағы әрбір сөздің, әрбір ойдың салмағын түсінеді.
Студенттерді шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Л.С. Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті» атаған. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді. Қысқа көлемдегі шығармалардың немесе әңгімелердің аяқталуына назар аудара отырып, сол уақыт тұрғысынан студент шығарма шешімін өзгертуі тиіс.
Педагогика және психология ғылымдарында “педагогикалық технология”, “білім беру технологиясы”, “оқыту технологиясы”, “тұлғаны дамыту технологиясы” және т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту оның оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру міндетттерін шешуге септігін тигізеді. Кез-келген педагогикалық технология оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағыттылуы тиіс.
Бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру әрбір ұстаздың басты мақсаты болу керек. Себебі елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді азаматтар қажет.
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту оқушы бойында білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарас болса, ал оқытудың жаңа технологиялары арқылы бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеріп, оқу-танымдық құзіреттілігін арттыруға, мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге жетелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Саметова.
10-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті - Алматы: Мектеп, 2006ж.
-
Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым
11-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті - Алматы: Мектеп, 2007ж.
-
М. И. Махмутов. Мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру. Алматы: Мектеп, 1981, 247-б.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті, 2012/6
-
Қазақ тілі мен әдебиеті, 2012/7
-
Б.А. Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиясы. Алматы: 1996 ж.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген