Ертарғынова А.Е
Қазақ әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінде дағдыға айналып, өміршеңдігін жоя бастаған өнімсіз әдістерді саралап, әлемдік білім беру стандартына сай кейбір әдістерді жаңартып, пәнді оқыту барысында тақырыптың ерекшелігіне орай инновациялық технологияларды ұтымды қолдану жолдарын іздестіру әрі күнделікті әдіскерлік шеберлікті шыңдап отыру – ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі.
Білім беру саласында қол жеткен бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды. Қазіргі таңдағы заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана меңгеріп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында болмақ. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған құзыреттерді анықтау және оны іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталмыш жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда танытулары тиіс. ЭЫДҰ стандарттары жастардың құзыреттерін бағалаудағы Ұйымның ұзақ мерзімді жасалған стратегиясын белгілеуге көмектесіп, оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаны (PISA) жетілдіруге ықпалын тигізді.
Ал әдебиетті оқыту әдістемесі – бұл ғылыми пән. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады. Әдебиет сабағында оқушыға көркем шығарманы меңгерту арқылы әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырамыз. Сондай-ақ, сөз өнері ретіндегі маңыздылығын басшылыққа аламыз. Осы орайда теоретик ғалым Қ.Жұмалиев: «Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» - деген пікір білдіреді[1,57б.]. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. «Білім беру технологиялары», «педагогикалық технология»терминімен қатар «оқыту технологиялары» термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, яғни, үйренушінің, тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар [2,16б.].
Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Ал социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, оның ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. Сонда ғана екіжақты үрдістің үздіксіз іске асатыны сөзсіз.
Әдебиетті оқыту әдістемесі- педагогиканың дидактика саласы аясында, ішкі мазмұнында педагогикалық зерттеулер мен жаңа ізденістер легімен толығып, өсіп және жетіліп отыруы заңды құбылыс.
Әдіскер-ғалым А.Көшімбаев: «Әдебиет әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады. Ал ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиетті оқыту әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды» [6, 118б], - дей келе, жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген оқыту форматында қазақ әдебиеті пәнін жалпылама пәндік нормативтер негізінде оқытпай, оны өмірлік жағдаяттармен астастырып, әр оқушының өзіндік субъективті пікірімен бекітсе, әрі мұғалімнің ой салып, ойландыруымен аргумент пен факттерге негіздеп дәлелді ой-пікірлерін келтірсе, сабақтың өнімділігі артатыны сөзсіз.
Қорыта келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді. Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы / Қ. Жұмалиев. - Алматы : Жазушы, 1969. - 267 бет.
-
Әбенбаев С. Дәстүрлі емес сабақ турасында / С. Әбенбаев, Г. Ахметова, И. Әбенбаева //Мектептегі шетел тілі. - 2003. - №2. - 48 бет.
-
МАН, Бірінші озық деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.-230 бет.
-
Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы / Қ. Бітібаева. - Алматы : Мектеп, 2003. - 333 бет.
-
Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі / Қ. Бітібаева. - Алматы, 1999. - 282 бет.
-
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары: мұғалімдерге арналған құрал / Қ. Бітібаева. - Алматы : Рауан, 1990. - 200 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ әдебиетін оқытудың өзіндік ерекшеліктері мақала

шағым қалдыра аласыз