Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ әдебиетінен бөлім бойынша жиынтық бағалау 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек құрал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кабылбекова Адимау Майданқызы Тыңдаушының портфолиосы А және В бөлімі

Павлодар қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»

бойынша курстар


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

3 ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Ұзақтығы: 40 минут

Түсіну және жауап беру – 5 минут

Анализ және интерпретация – 15 минут

Бағалау және салыстыру – 20 минут

Балл саны: 20

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты талап ететін сұрақтар

Толық жауапты талап ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен, 11 тапсырмадан тұрады: Бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екіншісі – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыру дағдыларын тексеруше арналған.





























Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылған мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, минуты

Балл

1-5

5.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау.

Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде бір таңдауы бар жабық сұрақтарға жауап береді.

5

5

6-10

5.2.2.1 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

5.2.1.1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табы.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

Оқушылар оқыған шығармалары негізінде өз ойларын, пікірлерін 3-4 сөйлеммен жазады, салыстырады.

15

10

11

5.3.3.1. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Берілген тақырыпқа 70-80 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.

20

5

Барлығы




40 минут

20

Тапсырмалар және балл қою кестесі

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.

1. Берілген үзіндіден тәкаппар адамның қасиеті берілген жерлерді табыңыз.

А. Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды

В. Бейне бір жалғыз өзін көпке балап

С. Бұл бидай дәнсіз қапты арасында

D. Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап

[1]

2. Халықтың қамын, болашағын ойлайтын тақырып қай шығармада берілген?

А. А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы»

В. А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары»

С. Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

D. М.Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі.

[1]

3. –Ал сен... сен ғана емес-ау, қазіргі осы оқып жүрген балалар, көбің ақымақсың, - деді-Неге дейсің ғой. Ақымақ емей немене, тәртіпті жүр, оқуыңды жақсы оқы, адам бол десе, сендер соның бәрін керісінше істейсіңдер– деген кімнің сөзі?

А. Майқанова

В. Михайлова

С. Оспанов

D. Сәйбек

[1]

4. Мөп-мөлдір мына ғажап дүние... «Ұш! Самға!» деп, қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. Лаула! Лаула жігер оты! Самға қиял құсы! Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым-деген үзінді оқиға желісінің қай жерінен алынған.


А. Қожа мектепке барған кезде

В. Қожа мектептен үйге қайтқан кезде

С. Қожа өзі педсовет өткізгеннен кейін

D. Қожа мектептің педсоветінен шыққан кезде

[1]

5. Манап пен Қалидың арасындағы алғашқы үйлесімсіздік, Қали ағасымен тіл табыса алмауы-деген үзінді шығарманың қай сюжетінен алынған?

А. аяқталуында

В. дамуында

С. шарықтау шегінде

D. шиеленусінде

[1]


6. А.Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» өлеңінде қандай адамдардың мінезі сыналады? Өлеңнен мысал келтіре отырып, пікіріңізді дәлелдеп 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[2]

7. Екі қолын кеңінен сермеп, ара-тұра жұдырығымен үстелді сермеп қояды. Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сөйлейді. Қалай ойлайсыз бұл кім? Бұның не айтып отырғанын Қожа анық біле ме? Сұрақтарға жауап бере отыра, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[2]

8. М.Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесін көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сіздерге қалай әсер еткенін тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

[2]

9. Бой жағынан қарайлас бозбала төніп қалғанда: - Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған екі қолын айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді, Қали: - Здравствуйте, дяденька! Как живете? – деген үзінді арқылы екеуінің мінездерін 3-4 сөйлем арқылы қарама-қарсы салыстырып, сипаттап жазыңыздар.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[2]

10. Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ, құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көтеруге құл халықтың... деген өлең жолындағы ақынның бейнесі қандай? 3-4 сөйлеммен пікіріңізді білдіріңіз.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[2]

11.Мен Майқанованы қас дұшпаным деп санап жүрсем, ол мені «түбінде адам болатын бала» деп директорға мақтап бара жатқаны қалай? Міне, жұмбақ .... Қожа неге таңқалады? Қожаның осы ойлаған ойын талдай отырып, әдеби эссе жазыңыз (80-90 сөз).

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

[5]

Балл қою кестесі


Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

B

1


2

А

1

3

D

1

4

С

1

5

D

1

6

Менмендік, тәкаппарлық.

1

Менмендік, тәкаппарлық сөздері синонимдермен берілсе, оқушылардың дұрыс жауаптары ескеріледі.

3-4 сөйлеммен өз пікірін жазады.

1

7

Педсовет жүргізіп жатқан мектеп директоры Ахметов.

1


Өзіндік ерекше ойлар ескеріледі

Өз ойын 3-4 сөйлеммен жазады.


1

8

Манап пен Қалидің кездесуі.

1



Өзіндік ерекше ойлар ескеріледі

Өз пікірін 3-4 сөйлеммен жазады.

1

9

Манап пен Қалидің мінезін қарама-қарсы салыстырып жазады.

1


Өзіндік ерекше ойлар ескеріледі

3-4 сөйлем арқылы салыстырады.

1

10

Диқан өнімін жақсы білетінін көрсетеді.

1


Өзіндік ерекше ойлар ескеріледі

Пікірін 3-4 сөйлеммен жазады.

1

11

Шығармадағы кейіпкердің ойын анықтайды.

1

Майқанованың сөзі Қожаны таңқалдырып, оған қалай әсер еткені, осы сөзден кейін сотқар бала өзіне талап қойып өзгере бастағаны жөнінде өз ойларын эссе түрінде 80-90 сөзбен жазады.

Кейіпкерді өзіндік құндылық тұрғысынан талдайды.

1

Үзіндідегі ойды тұжырымдайды.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысын 80-90 сөзбен жазады.

1




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.02.2019
9329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12