400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиетінен IT мен цифрлық технологиялардың тиімділігі («Padlet тақтасы» туралы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қазіргі таңда білім алу кеңістігі анағұрлым ұлғайды. Толығырақ айтар болсақ, ақпарат ағыны буырқанған теңіз толқындары сияқты. Сондықтан бүгінгінің адамдарының алдында, теңіз толқынынан кемесін өзіндік айла-тәсілдерімен аударып алмай аман шығу, болмаса ағынның жетегінде кетіп, өз бағдарынан ауытқып қалу, тоқырау, тежелу сияқты дағдарыстар бар. Сол себепті де, жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттер жастарға алдымен, өмір бойы қажетті біліп алу және де қажетті білімін бәсекеге толы заманымызда өзінің, мемлекеттің игілігіне, дамуына жарату міндеті тұрғанынын саналы түрде жақсартқанымыз жөн.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орындаған: ҚТӘ-401,Сақтау Малика


Қазақ әдебиетінен IT мен цифрлық технологиялардың тиімділігі

(«Padlet тақтасы» туралы)


Жалпы қазіргі таңда білім алу кеңістігі анағұрлым ұлғайды.  Толығырақ айтар болсақ, ақпарат ағыны буырқанған теңіз толқындары сияқты. Сондықтан бүгінгінің адамдарының алдында, теңіз толқынынан кемесін өзіндік айла-тәсілдерімен аударып алмай аман шығу, болмаса ағынның жетегінде кетіп, өз бағдарынан ауытқып қалу, тоқырау, тежелу сияқты дағдарыстар бар. Сол себепті де, жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттер жастарға алдымен, өмір бойы қажетті біліп алу және де қажетті білімін бәсекеге толы заманымызда өзінің, мемлекеттің игілігіне, дамуына жарату міндеті тұрғанынын саналы түрде жақсартқанымыз жөн.

Әдебиет тікелей өнермен сабақтас пән. Жаңашылдықты, жаңғыруды, жасампаздықты қажет етеді. Заман ағымын ескерсек, қазіргі оқушыны таңқалдыру, оларды білімнің қажеттігіне сендіру өте күрделі, тіпті қиын десек те болады. Қоғамдағы жағдай, халықтың әлеуметтік тұрмысындағы өзгерістер, рухани құндылықтарға деген көзқарастың төмендеуі орта мектептің оқушысының санасына, дамуына, қай тұрғыдан болса да әсер етері анық. Осы тұста қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері оқушыға  барынша дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын арттыру, талап ете білу, тұлғалық қабілеттерін ашып, дамыту және т.б. ықпал түрлерін іске асыруда хас шеберге айналуы тиіс. Ол үшін алдымен, ескі көзқарастан ажырап, әдебиетті оқытудың, оқыта білудің жаңаша әдістеріне көшкен дұрыс.

Дәл қазіргі сәтте жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнайы «Қазақ әдебиетінен ІТ мен цифрлық технологиялар» атты пән оқытылуда. Бұл сабақта студенттер заманның ағымына қарай түрленіп тұратын сандық технологияларды тиімді, әрі пайдалы етіп пайдалануға арналған түрлі бағдарламаларды қолданып, үйрену үстіндеміз. Соның бірі жаңа білім жүйесінде өте қолайлы «Padlet тақтасын» айтамыз. Осы тақтаны пайдалана отырып, студенттер өздерінің әдеби шығармаларын таңдай отырып, соларды жоа ретінде қорғау барысында.

Біздің топтың осы жобадағы тақырыбы: Әбіш Кекілбаевтың «Құс қанаты» шығармасындағы әйелдер бейнесі. Бұл жобаны өткен заманның қағаз бастылығымен емес, жаңашылдықпен электронды түрде осы «Padlet тақтасын» пайдалана отырып жазып жатырмыз. Бұл бағдарламаның тиімдісі өзге студенттерде кіріп, жұмысты қарап, өз пікірлерін білдіре алады. Біздің осы жобамызға студенттердің көбісі қарап, өздерінің жалпы бұл жоба туралы ойларын айтып өткен. Біршама студенттер «Бұл алған жобаларыңыз нақты, өзекті. Дәл мектеп бағдарламасына сай тақырып»-деп атап өтсе, енді бір студенттер «Басқа шығармалармен салыстырғандарың жақсы шыққан»-деп көрсетіп өткен.

««Padlet тақтасын» қалай пайдалануға болады?»- деген сауалға былай жауап іздестіріп көргенбіз. Кез — келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап — жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. Бізде өз жобамызды «Padlet» қарапайым және сонымен қатар мұғалімнің жұмысында әмбебап құрал болып табылатын виртуальды тақтасының сабақтарда тиімді қолдануға болатыны туралы айтқым келіп отыр.  Бұл виртуалды тақта интернет арқылы жасалып, оқушылардың смартфонды тиімді қолдану негізінде жүзеге асады. Жазбаларға, суреттерге, фотосуреттерге, файлдарға және сыртқы ресурстарға сілтемелерге, мысалы, youtube сайтындағы бейнеге қосуға болады. Жасалған элементтерді өзгерту оңай, алып тастауға да болады. Сіз өзіңіздің фондық суретті өзіңіз таңдап алсаңыз,  өзіңіздің фоныңызды жүктеп алғыңыз келсе, өзгерте аласыз.

Қорытындылай келе, жаңа заманның асқақ белестерін бағындыру үшін, өз білімімізді дамыту қажет. Өскелең ұрпақты саналы шәкірт ету әрбір ұстаздың алдына қойған міндеті. Жаңа заман талабына сай білім беру саласына күн санап еніп жатырған жаңа технология элементтерін  өз сабақтарымызға оңтайлы пайдаланып, саналы ұрпаққа сапалы білім беріп, еліміздің    үздік елдері  қатарынан  табылуына сіз бен біз болып атсалысайық!

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
615
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі