Қазақ
әліпбиінің латын графикасына
көшуі –заман
талабы
Еліміз әлемдік қауымдастықта
өзінің орны бар жас мемлекеттің бірі ретінде жан-жақты даму
үстінде, сондықтан әлемдік коммуникациялық кеңістікке барынша ене
отырып, басқа елдер мен қоғамдық өмірдің барлық саласы жағынан
байланыста болу аса қажет. Бірақ соның ішінде тілдік
қарым-қатынастың, әліпбидің орны ерекше екені
сөзсіз.
2017 жылы ҚР Президенті "Қазақ
тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру
туралы" Жарлыққа қол
қойды.
Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз.
Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды,
ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын.
Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі –
заман талабы.
Бұл мәселені көтеру –
Президентіміздің көрегендігін көрсетеді.
Тәуелсіз мемлекетіміз
жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы
дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып,
бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын
тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын
жастардың саны күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас
болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы
кеңейе түсетініне сенімдімін.
Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен
компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың
осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады
деген де әңгімелер айтылып жүр.
Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр
түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың
80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз
болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен
жақындаса түсеміз.
Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада
қолданылатаны байқалады. Мен ешқандай шет тілін оқымағанмын, маған
таныс ертеден осы латын тілі. Бала кезден барлық дәрі-дәрмек
атаулары, математика, физика атаулары, мен өзі химия пәні мұғалімі
болғандықтан химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға
қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін
байқап өстім. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен
басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша
жазылады.
Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек
ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді
іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан
айналып өте
алмайды.
Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы
ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі
деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру,
оны жазу да бір-біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып
отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді.
Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға
әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете
түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да
зор.
Бас кезінде меңгеру жағынан
қиындық болады деген пікірде едім. Бірақ ол пікірімнен айныдым,
себеп, биылғы жылы облысымыздың тілдерді дамыту жөніндегі
басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығының» бөлім меңгерушісі
, п.ғ.м Жұпар Рысқұлқызы Жақанованың химия пәні мұғалімдеріне арнап
өткізген «Латын негізді графика бойынша пән сөздері мен терминдер
қалай игеріледі ? »атты вебинарға қатыстым. Өте тартымды
өтті. Менің естіген басты жаңалығым
шетелдік сөздердің жазылуына байланысты жаңалық. Қазақ сөздері
жетпіс жылдан астам орыс орфографиясымен таңбаланып, орыс
орфоэпиясымен айтылып келді.
Жаңа емеледе шеттелдік сөздер
« сындырылып» қолданылатын болады.Әліпби ауыстырғанда ұтатынымыз,
шетелдік сөздер қазақ тілінің айтылымы нормасына сәйкес бейімделіп
қолданылатын болады.
Менің тілге деген құмарлығым
артты, меңгеру қиын деген қорқыныштан
арылдым.
Менің пікірімше, ынтасы бар
адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары
білімді немесе шет тілін білетін адамдарға тіптен оңай. Алысқа
бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде
отырады. Сонда отырып- ақ,
өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда
көбісінің аты- жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары
да солай.
Латын жазуы, әлдеқашан
санамызға сіңіп кеткен, сондықтан латын графикасын меңгеруде еш
қиындық туындамайды деген
ойдамын.
Сондықтан да латын әліпбиіне
көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп
ойлаймын.
Болашағынан зор үміт
күтемін.
Балтабекова Назигүл
Секербайқызы
Қарағанды қаласы №73 негізгі
орта мектебінің
химия пәнінің
мұғалімі