400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ баласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауындағы көтеріп отырған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі берері мол деп ойлаймын. Халықта ертеден келе жатқан өте мағналы,астарында тәрбиелік мағнасы жатқан ұлы сөз «өлі риза болмай-тірі байымайды» деген сөзі тек айтылмаған.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Катюшаны» тізгіндеген жас қазақ баласы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауындағы көтеріп отырған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының жас ұрпақ тәрбиелеудегі берері мол деп ойлаймын. Халықта ертеден келе жатқан өте мағналы,астарында тәрбиелік мағнасы жатқан ұлы сөз «өлі риза болмай-тірі байымайды» деген сөзі тек айтылмаған.

Міне осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы еңбек және соғыс ардагері ұрпаққа үлгі болатын соңында көптеген із қалдырған атам жайлы жазып отырмын.

Торғай жерінің тумасы атам Камалов Мұратқали туралы өмір дерек.

Сонау сұрапыл соғыс еліміздің әр отбасын айналып өтпегені бүкіл жұртқа мәлім.Сол соғысқа менің әкем 1942жылы не бары 18жасында өз еркімен сұранып майданға аттанған.Шешесінің наразылығына қарамастан.Себебі 1941 жылы екі ағасын майданға алып кеткен.Сол себепті анасы соғысқа барғанына қарсы болыпты. Қандай ана болмасын балаларының амандығы үшін уайымдайтыны сөзсіз.Дегенмен Отанға қауіп төнген жағдайда өз борышым деп, небары 17 жасында атам, соғысқа аттанып кеткен.

1942 жылы Чебоксар қаласында 2 айлық кіші командирлер дайындайтын орталықта дайындықтан өтіп. Велики Лук түбіндегі шайқасқа кіріп кетеді.Көп ұзамай немістің «Мистр Шмит» самолетінің шабулының астында қалып роталары қырылып қалады.Сол шабулдан жеңіл жарақат алып бас аяғы 5-6 солдат аман қалған. Содан атамды қасындағы қалған солдаттарды, вагонға тиеп Мәскеуге әкеледі. Бұл жерде ГМЧ (гвардейский минометный часть) әкеліп ары қарай оқытады. Бұл М-31, яғни «Катюшаны» оқыту еді.

1943 жылдың желтоқсан айында Эшалонда үстін пологпен жапқан «Катюшаны» қабылдап алған. Әрине бұл жолғы қару алғашқыдан ерекшелеу екен,себебі М-31 қаруы америкалық «Стодобекер», «Форд», «Шевроле» автокөліктеріне орнатылған.Қазіргі кездегі «Урал» автокөліктеріне құсайды. Қабылдап алып 3-ші Беларус майданына аттанып кетіп.

Брянск орманы арқылы Рессейдің 17 қаласын, Беларуссияның Орша, Витебск қалаларын азат етіп. Литва жеріне барып Вильнюс ,Каунас қалаларынан Фашистерді қуып шығып. Шығыс Пруссияда Кинигсберг қаласынан фашистерді қуғаннан Польша т.б. батыс елдерін азат етіп. Берлинге 35 шақырым қалғанда Жеңіс тойын сол жерде қарсы алған.

Одан кейін атамның дивизиясын кері қарай қайтарып. Қытай елін Жапон милитаристерінен азат етуге аттанып.Монгол елі арқылы Қытай жеріне тамыз айында кіріп қазан айының аяғында толық азат еткен. «Сондағы Жапон жанкештілерінің іс-әрекеттеріне әрі күнге дейін қайран қалам» -деп айтатын еді атам.

Соғыс аяқталды енді елге қайтам деп қуанып жүргенде.Енді екі жыл әскери борышыңды өтейсің деп тағы қалдырып, Чита қаласында 1947 жылдың тамыз айына дейін Отан алдындағы борышын өтейді.

Атамның соғыс даласындағы оқиғаларын жаза берсем бір кітап жазуға болады.

Атамның Отанға деген және командирлеріне деген құрмет 92 жасқа келіп дүниеден өткенше өте бір құрметпен айтып отыратын.Командирлерінің аты-жөнін соңғы күнге дейін ұмытпай айтып отыратын.Сталин мен Жуковка деген құрметі тіпті ерекше еді.Өзі жататын жердің төрінде сол екі қолбасшының портреті ілулі тұратын.Сол дәстүр әрі күнге дейін сақталған.

Сол көсемдердің данышпандығының арқасында Отанды қорғап қалдық деп айтып отыратын.

Атам 3 ұл,3қыз тәрбиелеп, олардан 18 немере 28шөбере сүйді. Шешеміз екеуі 62 жыл бірге өмір сүрді.

Мен, осындай атам болғанына мақтанамын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі