Материалдар / Қазақ батырлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ батырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Батырлардың ерліктері ,өмір баяны мағлумат алу,Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2020
3814
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО.Семей қаласы

«Экономикалық лицей» КММ

103 группасының оқушысы

Аканова Жанель

Реферат тақырыбы:Қазақ батырлары

Батыр – елі үшін жаумен соғысқан, ер жүрек, қайтпас қайсар, әділ және тапқыр адам. Сондықтан, қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты адамға «батыр» деген құрметті атақ берілген. «Батыр» атағы ешқашан мұраға қалдырылмаған, оған адам соғыс кезінде өзінің ерекше қасиеттері мен жеке ерліктері арқылы жеткен. Міне, осындай сын сағатта елін жаудан азат етіп, жерін, ар-намысын қорғау барысында азаттық соғыстың алдыңғы шебінде қазақ батырлары ерлікпен шайқасты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары жоңғарлардың толассыз жүргізген соғыстары, бейбіт елді шауып, адамдарын тұтқынға алуы, қырғынға ұшыратуы, қазақ халқын халқын қатты күйзелтті. Осындай ел басына қиын-қыстау күн туған заманда есімі ел арасында кең тараған тұлғалар

Қаракерей Қабанбай Қожаұлы

Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп , 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аянбай шайқасып, ерен ерлік көрсете білген батырлардың бірі Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы болатын. Оның шын есімі Ерасыл. Ол 1691 жылы туып 1769 жылы қайтыс болған қазақтың атақты қолбасшы батыры. Қабанбай батыр жоңғарлармен болған шайқастарда 1724 жылы Түркістанды қорғауға, 1725 жылы Алакөл, 1729-1730 жылдары Аңырақай, Бұланты түбіндегі ұрыстарда қазақ жасақтарын басқарған. Осындай ірі шайқастарда Қабанбай өзін тамаша тапқыр, асқан айлакер ретінде көрсете жүріп, қазақ жасақтарын ұрысқа бастап, жеңіске жетеді. Осыған орай, Абылай хан Қабанбай батырды елден ерекше «Дарабоз» деп ардақ тұтқан. Ер Қабанбайдың даналығы, би болғандығы туралы елде тараған аңыз - әңгімелер көп .


Қанжығалы Бөгенбай

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы 1680 жылы туылған. Ол әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресті аса көрнекті ұйымдастырушы. 1710 жылы жоңғар шапқыншылығына қалай төтеп беру мәселелерін талқылаған Қарақұм маңында жиын болды. Осы сәтте Бөгенбай батыр халқын қалмақтарға шабуыл жасауға ұрандап, оларға ұлттық рух береді. Сөйтіп, олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас, бір ауыздан сөз шығарып туған елі мен жерін қорғауға серт беріседі. Бөгенбай батырға риза болған халық оны бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы деп жариялады. Сондай-ақ, Қытай мен қазақ елдерінің бейбіт қарым-қатынасын орнатуына зор үлес қоса білген Бөгенбай батыр 1778 жылы 81 жасында қайтыс болды.

Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы

Ендігі кезекте ерекше бөліп айтатын батыр тұлғаның бірі – Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Ол 1706 жылы туып, 1781 қайтыс болған атақты батыр, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы ұлы қолбасшы. Наурызбай батыр дене бітімі адамзат баласында сирек кездесетін ерекше жаралған адам болған. Оған қатысты тарихи деректерде: «Мүсіні қолмен құйғандай, жауырыны қақпақтай, бойы биік, денесі тік, белі жіңішке. Өзі ақын, әнші, күйші де болған» деп айтылады. Шынымен де Шапырашты Наурызбай «Төрелер күйі» авторының бірі болған. Ол Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында белгілі қалмақ батырлары Шамал хан мен Қаскелеңді жекпе-жекте жеңіп, батыр атанған. Осылайша, Наурызбай батыр қазақ халқының тәуелсіздігі мен болашағы үшін аянбай күресе білді.

Райымбек Түкеұлы

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте отыз жылдан астам уақыт қанды қырғын арасында жаумен жағаласып, ел қорғаған тарихи тұлғалардың бірі Райымбек батыр. Райымбек Түкеұлы 1705 жылы дүниеге келген. Райымбек жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір көк тайды және оған қоса садақ, айбалта, қылыш және найза мен сауыт даярлап алып келіп: «Мынау жиенімнің жігіт болған кезде киер жорық жарағы», - деп атасы Хангелді батырға тапсырады. Тайды көрген Райымбек оны бірден өзіне меншіктеп, жорық жолына өзімен бірге даярлайды және оған «Көкойнақ» деп ат қояды. Осылайша Райымбек бала кезден-ақ жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Шайқас барысындағы оның негізгі ұстанымы аз шығынмен жеңіске жету болған екен, ал мұны қаруластары бірден байқаған.Райымбек батыр 17 жасында жоңғарлармен шайқасып, батыр атанады. Оның тапқырлық қасиеті Іле өзені бойындағы шайқаста анық көрінген. Бұл кезде Райымбек батыр өз жасағын суы арнасынан тасып жатқан асау Іледен аман алып өтіп, жауын жеңген. Одан кейін Райымбек батыр Торайғыр мен Сөгеті тауының аралығындағы Көкпекті жазығында болған «Ойрантөбе» шайқасында асқан ерліктің үлгісін көрсете білген. Райымбек батырдың бұдан кейінгі үлкен жорығы Орта Жүз еліне көмекке баруы еді. Осы жорық барысында оның қолы жоңғарлардан Сарытау және Үйгентасты азат етуге атсалысып, Іле өзенін бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Осылайша, ел аузында аңызға айналған Райымбек батыр көз жұмар сәтінде ұрпақтарына: «Денемді ақ түйеге өңгеріп бос жіберіңдер. Түйе қай жерге шөксе, мені сол жерге жерлеңдер», - деп өсиет айтады. Сөйтіп, Райымбек бабамыздың денесі артылған ақ түйе Алматыдағы қазіргі қабірінің орнына келіп шөгіпті. Міне, Райымбек бабамыздың денесі осылайша қазіргі Райымбек даңғылының бойына жерленген екен.

Қарасай батыр

Қазақ елінің бостандығы үшін аянбай тер төккен келесі бір тарихи тұлға – Қарасай батыр болып табылады. Ол 1598 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Кейбір деректерге қарағанда, ол жыл бойы ат үстінен түспей, екі жүздей ұрыстарға қатысып, қырық тоғыз ірі шайқастарды басқарған және он тоғыз рет жекпе-жек шайқаста жеңіске жеткен қолбасшы. Іле Алатауының маңындағы бір шайқаста «Қарасай» деп ұрандаған қазақ жасақтары жауды ойсырата жеңді. Суықтөбе шоқысына Қарасай елінің туы – бөрілі байрақ тігіледі. Бұл жеңістен соң Қарасай бүкіл шапырашты елінің ұранына айналды. Шайқаста жараланған Қарасай батыр 1671 жылы жетпіс үш жасында қаза болды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!