Қазақ елі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ елі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ елі-менің Отаным

Мақсаты:қазақ елінің қалыптасуын халықымыздың басынан өткен «тар жол,тайғақ кешулерді» әңгімелей отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін ету,елін,жерін мақтан ететін ұрпақ тәрбиелеу.Оқушылар бойында патриоттық сезім тудыру.

Сабақтың көрнекілігі: жазылған нақыл сөздер,ел тарихы, Астана қаласы туралы слайдтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар,бүгін біз «Қазақ елі-менің Отаным» атты тәрбие сағатымыз эстафеталық ойын түрінде өтеді.

І кезең. Уәждемелік. Бастапқы қызығушылық тудыру.Қазір бәріміз шеңбер құрып тұрып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй тілейік. Енді менің қолымдағы қобдишадан суреттерді алып,мағыналас суреттер бойынша топтарға бөлінеміз.1-топ-Мемлекеттік рәміздер. 2-топ-Астана суреттері.Екі топ анықталды.Енді орындарыңа жайғасыңдар.Эстафетамызды бастаймыз.

1-тапсырма.Әр топ өздерінің аттарын таңдайды және соған сәйкес мәліметтер береді.

2-топ «Рәміз» Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері жайлы айтып береді.Сәйкес слайд көрсетіледі.

2-топ «Бәйтерек» Астана қаласына сырттай саяхат жасалады.

1.Ақорда.Ресми атауы Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.Құрылысы 2000 жылы басталып,2004 жылдың 4-желтоқсанында ашылу рәсімі болды.

2.Бәйтерек монументі.2002 жылы Елбасының идеясымен Астана-Бәйтерек бой көтерді.Оның биіктігі 97 метр. Ол Астананың елорда болып жарияланған жылмен сәйкес келеді.Мұнда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің оң қолының алақаны түскен «Аялы алақан» композициясы бар.

3.Қазақ елі –сурет-мүсін кешені.Бұл кешен тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірінің лайықты бейнесі.Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі 91 метр.Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алған 1991 жылдың белгісі.Монумент еліміздің өткен тарихының өнегесін,бүгінгінің парасатын бойына жиған кемел болашақтың жарқын символы.

4.Нұр-Астана мешіті-Ислам мәдени орталығы.1999 жылы бой көтерген..Залының сыйымдылығы 5 мың адам,бас күмбезінің биіктігі 43 метр, одан басқа 25 кіші күмбезі бар.

5.Астана қаласының ерекше көзге түсетін, көпшіліктің сүйікті демалыс орнына айналған жері- «Думан» ойын-сауық орталығы.Басқа да ғажайып ғимараттар «Астана-Арена», «Астана-Мега»,Бейбітшілік пен Келісім сарайы- балалардың сүйікті орны.

6.Туған елдің көркі неткен ғажайып?!

Дала күйін шертейік біз,қала жырын жазайық.

Жерұйығы Сарыарқаның даласы,

Арман қусаң Астанаға қарашы.

ІІ кезең.Сөзжұмбақ шешейік.

Топтар әрқайсысы өз нұсқаларымен жұмыс істейді.Нәтижесінде жасырылған сөз табылады.

ІІІ кезең. Тапсырма таңда.Әр топ тапсырма жазылған парақтары бар конверт таңдайды. Конверттегі тапсырманы оқып, орындайды. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

ІV кезең

Ұжымдық шығармашылық іс.

Әр топ қазақ елінің қалыптасуы,қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау кезеңдері жайлы көрініс, әдеби-музыкалық қойылым көрсетеді.

1-топ.

Қазақ халқының қалыптасуы ұзаққа созылды.Қазақ халқы үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ,найман,дулат,арғын,оғыз тағы басқа та тайпалар негіэінде құрылды. Олардың территориясы ортақ, шаруашылығы мен даму дәрежесі өзара жақын болды және бір тілде сөйледі.

Мен қазақпын,мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.


Мен қазақпын қаныммен,сүйегіммен,

Сән-салтанат,салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам басында моланың да,

Мұрагермін оған да ,иемін мен.


Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

Көрініс.Сахнада атасы мен немересі.

-Ата,биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болыпты. Қазақтың өткен тарихы, басынан кешкен қиыншылығы дайында әңгімелеп беріңізші.

-Иә,қазақ халқының басынан небір қиын заман өткені рас.Байтақ даламызға жан-жақтан көз тігіп,ойран салуға дайын шапқыншылар көп болды.Аса бір ауыр кезеңі 1723 жылы болған ел тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен әйгілі жоңғар шапқыншылығы болды.

-Ата, мен ол туралы оқығанмын,Елімізді қорғаған қаракерей Қабанбай,қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай батырлар жайлы да оқыдық.

-Оның дұрыс,балам.Ел тарихын, өткенін білгенің жөн,қарағым.

2-топ.

Қазақстан Республикасы-тәуелсіз,егеменді ел.Биыл егемендік алғанымызға 24 жыл болады. Ал қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

Жәнібек,Керей ханнан бастау алған,

Ақ туын желбіреткен Абылай хан.

Шаш ал десе бас алып,аңғалдықтан,

Махамбеттен айырылған қайран бабам.


«Ақтабан шұбырындыны» бастан кештің,

Ашаршылық індеттен елден көштің.

Туған жерден айырылып,босқын болып,

«Оралман» деп еліңе бүгін жеттің.


Қазағым,ынтымығың бөлінбесін,

Бөлініп абыройың төгілмесін.

Сан ғасырлар арман болған тәуелсіздік,

Мінекей,төредей боп төрімдесің.

Қорытынды «Әріптер сөйлейді» тәсілімен қорытынды жасау.

Біздің Отанымыз Қазақстан қандай ел екенін саралап шығайықшы.

Қасиетті

Азат

Зайырлы

Азаматтық

Қадірлі

Сүйікті

Тәуелсіз

Ардақты

Ынтымықты

Мекенім


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі