қазақ ертегілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қазақ ертегілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды қазақ ертегілерімен таныстыра отырып, ертегілердегі жағымды кейіпкерлер арқылы балаларды әділдікке, даналыққа, мейірімділікке, жомарттыққа, батырлыққа және батылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақ ертегілері»

























Білім беру саласы: «Қатынас білім беру саласы»

Оқу іс – әрекеті: Мемлекеттік тіл

Тақырыбы: «Қазақ ертегілері арқылы балаларды даналыққа тәрбиелеу»


Мақсаты:Балаларды қазақ ертегілерімен таныстыра отырып, ертегілердегі жағымды кейіпкерлер арқылы балаларды әділдікке, даналыққа, мейірімділікке, жомарттыққа, батырлыққа және батылдыққа тәрбиелеу.


Билингвальды компонент: дана - мудрый, әділ - справедливый, қу – хитрый, хат – письмо, ертегі-сказка.



Іс-әрекет бөлімдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

сезімдерін ояту.

«Балалар мен сендерді қуаныш шеңберіне шақырамын»


Шеңбер құрып алайық,

Күлімдесе қалайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Қолымызды көтеріп,

Күнге – сәлем берейік,

Гүлге - сәлем берейік

Біз бақытты баламыз,

Бақыт үшін жаралған.


Әнұранды топ болып орындайық

Қызығушылық танытады.



Қуаныш шеңберін топ болып орындайды.







Әнұранды топ болып орындайды.

Ізденістер ұйымдастыру

Балалар мен бүгін сендермен қазақтың халық ертегілерімен таныстырғым келеді. Ертегілер бізді дана, әділ, жомарт, батыл, батыр болуға тәрбиелейді. Балалар сендер қандай халық ертегілерін білесіңдер, қанекей, есімізге түсіріп көрейік. Мысалы: «Толағай», «Шыншыл бала» ертегілері бізді неге тәрбиелейді екен. «Толағай», «Шыншыл бала» ертегілері бізді батырлыққа, мейірімділікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.

Қанекей, балалар енді бір қызықты ұлттық ойын ойнап жіберейік.


Ойын: «Теңге алу»

Балалар естимісіңдер, біреу есікті қаққандай болды. Қане, көрейік, бұл кім болды екен. (есік сыртына алдын ала бума болып оралған бір хат жазып іліп қойылады)

Қараңдар, балалар бізге Алдар Көсе хат тастап кетіпті, оқып көрейік, не жазды екен.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар! Меніңатым Алдар Көсе, мен туралы естіген де боларсыңдар. Мен алдамшымын, жо-жоқ жаман ойлап қалмаңдар,мен тек жаман адамдарды ғана алдаймын, ал жақсы адамдарғакерісінше қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Балалар мен сендердің әділ де қайырымды болғандарыңды қалаймын.

Қанекей, балалар, енді Алдардың Жарты байды қалай алдағанын тамашалайық.

Балалар қысқаша көрініс қояды.

Көрініс: «Алдар Көсе және Жарты бай»

Сергіту сәті: Керегені Жазайық,

Шаңырақты құрайық.

Уық болып, иіліп,

Киіз үйдей болайық.


Балалар қанекей енді байқап көрейік, кім қазақ тіліне жүйрік екен. Мына қоржынның ішінде түрлі – түсті асықтар бар және әр асықтың астында әр түрлі сұрақтары бар сандар жабыстырылған. Дайын болсақ қоржыннан асық таңдап алып асық артыңдағы сұрақтарға жауап берейік.

Тамаша, сұрақтарға мүдірмей жақсы жауап бердіңдер.


Балалар қанекей бәріміз Алдар Көсенің кітаптары жинақталған көрмені көріп тамашалайық.

(Алдар Көсенің әр түрлі кітаптар жинағынан көрме ұйымдастыру).

Балалар бар ынталарымен ертегілерді тындайды.



Ертегілерді естеріне түсіреді.



Ертегілердің бізді неге тәрбиелейді деген сұраққа бәрі ат салыса жауап береді.





«Теңге алу» ойынын қызыға ойнайды







Балалар таң қалуын жасыра алмайды













Көріністі қызыға тамашалайды.


Топ болып сергіту сәтін орындайды.





Түрлі түсті асықтарды қоржынның ішінен ала отырып, берілген сұрақтарға жауап береді









Балалар көрмені көріп тамашалайды.




Қорытындылау

Балалар біз бүгін қай ертегі кейіпкерімен таныстық?


Сабағымызыдың соңында Алдар Көсе көрмесінен, сендерге естелікке бір –бір кітап сыйлаймын, қабыл алыңдар.

Біз бүгін Алдар Көсе ертегісіндегі кейіпкер Алдармен таныстық.


Балалар қуанан кітаптарды қабыл алады.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2020
598
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі