Тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға ғарыш әлемі, қазақ ғарышкерлері жайлы түсінік беру.
-
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
-
Ғарышкерлерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, ғарыш туралы суреттер
I Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мына сөзжұмбағымызды шешкенде шығады.
1. Алды-артына бірдей оқылатын үш әріптен тұратын сөз(аға)
2. Жер серігі (ай)
3. Шұңқыр, жыра (ор)
4. Күн қатты ысып, жердің шаңы шыққанда адамдар нені қалайды?(жаңбыр)
5
.Қарны
ашқан адам (аш)
А Ғ А
А Й
О Р
Ж
А Ң Б Ы
Р
![]()
А Ш
- Ғарыш дегенде ойларыңа не келеді?
-Ғарыш – табиғаттың бір бөлшегі. Жер ғарыштың бір бөлігі. Адам аспанға қарап, жұлдыздарды көреді. Сол жұлдыздар – ғарыш. Бұрын адамдар мұхит арқылы сапар шегетін кезде жұлдыздарға қарап жолының бағытын айқындаған.
Ғарыш - аспан әлемі, космос. Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден бастаған. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Мысалы, олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылап,содан кейін ауа райын дәл айтқан. Ал, кейбіреулері мұхиттарда жүрген кемелерді аспаннан бақылаған.
Ғарышқа ең бірінші иттерді ұшырған. Неге итті таңдады?
Ғалымдар ит болғанда, үлкен төбеттер емес, кішігірім итті таңдаған.Өйткені мұндай ит өте төзімді жануар. Белка мен Стелка бірінші рет орбитаны сәтті айналып, Жерге аман оралды.
Байқоныр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)
- Байқоныр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)
Ғарыш костюмі не?
Ғарыш костюмі – скафандр.Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде өліп қалады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштан қатты суық ортадан қорғайды.
-Ғарышқа ұшқан адамды кім дейді ?(Ғарышкер)
Енді топпен жұмыс жүргіземіз. Әр топ өз таңдаған ғарышкер туралы айтып өтсін.
1.Юрий Алексеевич Гагарин тарихта тұңғыш рет 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыш кемесімен Жерді айнала ұшты. Ол ғарышты алғаш көрген, білген, зерттеген, басқа адамдарға жол ашқан тұңғыш космонавт.
2.Тоқтар Әубәкіров – егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол ғарыш беттерін алғаш рет 1991 жылдың 2 қазанында ашты. Өзінің осы ұшуы арқылы еліміздің тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізгенін әлемге паш етті.
3.Талғат Мұсабаев – Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.
4.Айдын Айымбетов ғарышқа 2015 жылы 2 қыркүйекте аттанды. Ғарышта он күн болды.
Дидактикалық ойын: Ғарышкерлер
Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеріп, қиялын дамыту.
Ойын барысы: Сендер – ғарышкерсіңдер, ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар.Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар.
Міне, ұштық.
Енді өлең жолдарына кезек берейік.
Қ. Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді»
1.Көңілім –дария, ойым –аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді!
2. Күнге күліп, күй шерткен,
Айға әнін тыңдатқан,
Ақын жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
3. Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келеді!
Қорытынды:
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ ғарышкерлері
Қазақ ғарышкерлері
Тақырыбы: Қазақ ғарышкерлері.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға ғарыш әлемі, қазақ ғарышкерлері жайлы түсінік беру.
-
Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, таным деңгейлерін кеңейту.
-
Ғарышкерлерге деген сүйіспеншілік пен қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, ғарыш туралы суреттер
I Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиешінің кіріспе сөзі:
- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мына сөзжұмбағымызды шешкенде шығады.
1. Алды-артына бірдей оқылатын үш әріптен тұратын сөз(аға)
2. Жер серігі (ай)
3. Шұңқыр, жыра (ор)
4. Күн қатты ысып, жердің шаңы шыққанда адамдар нені қалайды?(жаңбыр)
5
.Қарны
ашқан адам (аш)
А Ғ А
А Й
О Р
Ж
А Ң Б Ы
Р
![]()
А Ш
- Ғарыш дегенде ойларыңа не келеді?
-Ғарыш – табиғаттың бір бөлшегі. Жер ғарыштың бір бөлігі. Адам аспанға қарап, жұлдыздарды көреді. Сол жұлдыздар – ғарыш. Бұрын адамдар мұхит арқылы сапар шегетін кезде жұлдыздарға қарап жолының бағытын айқындаған.
Ғарыш - аспан әлемі, космос. Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден бастаған. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Мысалы, олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылап,содан кейін ауа райын дәл айтқан. Ал, кейбіреулері мұхиттарда жүрген кемелерді аспаннан бақылаған.
Ғарышқа ең бірінші иттерді ұшырған. Неге итті таңдады?
Ғалымдар ит болғанда, үлкен төбеттер емес, кішігірім итті таңдаған.Өйткені мұндай ит өте төзімді жануар. Белка мен Стелка бірінші рет орбитаны сәтті айналып, Жерге аман оралды.
Байқоныр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)
- Байқоныр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)
Ғарыш костюмі не?
Ғарыш костюмі – скафандр.Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде өліп қалады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштан қатты суық ортадан қорғайды.
-Ғарышқа ұшқан адамды кім дейді ?(Ғарышкер)
Енді топпен жұмыс жүргіземіз. Әр топ өз таңдаған ғарышкер туралы айтып өтсін.
1.Юрий Алексеевич Гагарин тарихта тұңғыш рет 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» ғарыш кемесімен Жерді айнала ұшты. Ол ғарышты алғаш көрген, білген, зерттеген, басқа адамдарға жол ашқан тұңғыш космонавт.
2.Тоқтар Әубәкіров – егеменді ел тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қазақ ғарышкері. Ол ғарыш беттерін алғаш рет 1991 жылдың 2 қазанында ашты. Өзінің осы ұшуы арқылы еліміздің тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізгенін әлемге паш етті.
3.Талғат Мұсабаев – Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері.
4.Айдын Айымбетов ғарышқа 2015 жылы 2 қыркүйекте аттанды. Ғарышта он күн болды.
Дидактикалық ойын: Ғарышкерлер
Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеріп, қиялын дамыту.
Ойын барысы: Сендер – ғарышкерсіңдер, ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар.Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар.
Міне, ұштық.
Енді өлең жолдарына кезек берейік.
Қ. Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді»
1.Көңілім –дария, ойым –аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді!
2. Күнге күліп, күй шерткен,
Айға әнін тыңдатқан,
Ақын жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!
3. Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келеді!
Қорытынды:
Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз













