Материалдар / Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Авторы:
21 Желтоқсан 2017
804
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, слайдтар, суреттер, интерактивті тақта бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, топтау стратегиясы, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ - жауап, қызығушылықты ояту стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, география, әдеп, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Топтастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері».
Кіріспе сөз:
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым - қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
1. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет - ғұрыптары
2. Әдептілік пен сыпайылық әдет - ғұрпы
3. Жасы үлкендерге құрмет көрсету
4. Тамырлық және қоныс таңдау әдет - ғұрпы
5. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер
6. Бата беру
7. Бала тәрбиесі
І. Ой қозғау. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?

Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.
ІІ. Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Әр топқа мәтін таратылады
Әр топқа тарауларды таратып беріп әр топқа тапсырма беру
1 топ. Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет - ғұрыптары
2 топ. Әдептілік пен сыпайылық, үлкендерге құрмет әдет - ғұрпы
3 топ. Тамырлық және қоныс таңдау әдет - ғұрпы
4топ. Отбасы және неке саласындағы әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлер. Бата беру. Бала тәрбиесі.
ІІ Көрініс көрсету. 1 - топ «Амандық саулық білісу»
2 - топ «Сарқыт беру»
3 - топ «Байғазы»
4 - топ «Бата беру»
(Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністей-ақ көз жеткізген боларсыздар)
ІV Класстер

Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары
VІ. Қорытынды жабық тест
1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той атауы -.... (шілдехана)
2. Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс қалай аталады? Кіндік кесер(салт).
3. Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетін салт қалай аталады? Бесікке салу(салт).
4. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? Қырқынан шығару(салт).
5. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып
Тұсау кесер(салт)..
6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған ғұрып қалай аталады? Ат қою(ғұрып)
7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады? Айдар(ғұрып).
8. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? Кекіл (ғұрып).
1. Бағалау:
Рефлексия. Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын басқа халықтардың әдет - ғұрыптарымен салыстырып, қосымша материалдар жинақтау



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі