Сабақтың ортасы
|
«Галерея» әдісімен жаңа
тақырыпты ашу.
Тақтадағы ілінген суреттер
қай халықтың тағамдары және олар қай тағам түрлеріне жатанынын
анықтап жаңа тақырыпқа
көшу.

Қай халықтың болмасын
дастарқаны, сол халықтың тұрмыс салтына, әдет - ғұрпына, тіршілік
тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс
кешкендіктен болар қазақ халқының тағамдары өзге жұрттан өзгешелеу.
Оның негізгісі: ет, сүт, қымыз, сары май, құрт, ірімшік секілді
өңкей малдан алынатын өнім түрлері Қазақтың ұлттық тағамдары
өзіндік жұмсақтығы мен тіл үйірер дәмімен ерекшеленеді. Қазақ
тағамдарының негізін мал шаруашылығы өнімдері – ет пен сүт,
десерттер, пісірілген нан өнімдері мен сусындар құрайды.
Дайындау әдісі. Қазақтың ұлттық тағамдары десерттерінің бірі
мыналар – жент, талқан, балқаймақ және т.
б. І. Жұптық
жұмыс: құрт, ірімшік, майсөк,
құрт-май тосабы, жент, қаймақ, бөртпе туралы мәлімет
беру.
Жасау технологиясы
|
Пайдасы
|
|
|
Оқушылар кестеге өздеріне
берілген тапсырма бойынша толтырады. Ұялы телефоннан интернет
желісін қолданып мәліметті жазып, оны
қорғайды.
ІІ. Сарамандық жұмыс: «
Талқан» жасау

Алдымен женттің жасау жолын
анықтап, оған керекті азық-түліктерді жазып
аламыз.
Қажетті азық-түлік: 0,5 кг
талқан, 100г қант,100г сары май,
мейіз.
Құрал-саймандар: Үлкен табақ,
кіші тәрелке, қасық, кесе, майлық
ІІІ.
Қорытындылау:
Aртық болмас білгенің
Ақлақ – қой сүтінен жасалған, ірімшікке сары май қосылған жеңсік
тағам. Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге салып түйіп жасаған
тағам. Балқаймақ – қайнатылған қаймақ. Бөртпе — талқанға сүт, қант, май қосып пісірілген
тағам. Ежігей — қой сүтінен жасалатын, бал қосылған құртқа ұқсас дәмді
тағам. Келісөк – жаңа піскен тары сөгін келіге түйіп, сүт, қаймақ,қант
қосып жасайтын тәтті тағам. Күлше – табада пісірілетін тәтті қамырдан дайындалатын
нан. Торта – сары майды қайнатқаннан кейін оның түбінде қоймалжың
тұнба бөлініп қалады. Оны торта деп
атайды. Тортаға бал қосып, нанға жағып жейді. Бұл торт бетіне
жағатын бүгінгінің майлы кремі іспетті. Бүгінгі сабақты
қорыта отырып біз қойылған мақсатымызға
жеттікпе?
-
Қазақ халқының қандай десерттік тағамдар түрлерін
білесіңдер?
-
Десерттік тағамдардың ағзаға қандай пайдасы мен зияны бар
екен?
-
Ұннан жасалатын тағамдар түрлерін
атаңдар?
-
Дәнді-дақылдардан жасалатын тағам түрлерін
атаңдар?
Үйге тапсырма:
«Балқаймақ» десерттік тағамының дайындау технологиясымен пайдасын
жазып келу.
|
Десерттік тағамдардың
суреттері
Ұялы
телефондар
Кесте
Азық
–түліктер.
Ыдыс-аяқтар
|