«Қазақ халқының ерлік істері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ халқының ерлік істері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ халқының ерлік істері» тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы



98 орта мектеп






Тақырыбы:


«Қазақ халқының ерлік істері»



8-сынып

Сынып жетекші: Г.Сералиева











2015-2016 оқу жылы




1- қыркүйек, 2015 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қазақ халқының ерлік істері»


Тәрбие сағатының мақсаты – патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу, шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.


Көрнекіліктер: тақырып бойынша кітап көрмесі, сурет көрмесі,

презентация, бейнематериалдар және т.б.


Өтілу барысы:

«Ерге керек төзімділік күш-қайрат,

Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап!»

Ж. Баласағұн



Мұғалім:  Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

1-қыркүйек - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін!



Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.



Шаттық шеңбері: Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Ойланайық, пікірлесейік» атты ойыны арқылы:

  • «Ерлік» деген не?

  • «Қайсарлық» деген не?

  • «Батылдық» деген не? ... сұхбат жүргізіледі.

Бүгінгі тәрбие сағатында не туралы өтетініміз белгілі болған шығар. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері» деп аталады.




Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді.

1-топ: «Қайсарлық» 2-топ: «Батылдық» 3-топ: «Ерлік»



Сергіту сәті.

  • Оқушылар өзімізді бір сергітіп алайық. Ол үшін тапсырма орындайтын боламыз. Ол тапсырма сіздердің сергулеріңізге көп көмек беруі тиіс. Ендеше тапсырмамызды орындауға көшейік.


Мен сендерге жағдаяттарды оқимын. Сіздер сол жағдаяттан не ұғындыңыздар, не түсіндіңіздер сол жайлы өз ойларыңды айтасыңдар.









1.Абзал ерлік, батырлық туралы шығармаларды сүйіп оқиды. Өз ойында әркез «Ер» атанғысы келеді. Осы ойын бейбіт өмірде қалай іске асыруға болатынын ойлап бас қатыратын болды.

  • Абзалдың іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар?

  • Абзалға қандай кеңес берер едіңдер?


2. Ғазиз 8-сынып оқушысы. Ол бала кезінен батыр болуды армандаған. Үй ішінде ғана емес, сыныптада, көшеде де адамдарға көмек көрсетіп жүреді. Бұл ісін ержүректілік, батылдық, батырлық деп есептейді. Бірақ оны кей сыныптастары осы ісі үшін келемеж қылатын. Ғазиз өзімен-өзі қысылып, сыныптастарына ренжіп қалушы еді.


  • Ғазиздің адамдарға көмектесуі батылдыққа жата ма?

  • Ол бұл ісін ерекжүректілікке, батырлыққа санайды. Бұл дұрыс па?

  • Ғазизді келемеждеген сыныптастарының іс-әрекеттерін дұрысқа санайсыңдар ма?


Мұғалім: (Кіріспе сөз) Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды.

Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Тұтқиылдан жасалған фашистік Германияның шабуылы қазақ халқының арасында патриоттық, Отансүйгіштік сезімін оятып, жауға деген өшпенділігін күшейтті. Барлық жұмысты әскери қалыпқа келтіріп, майдан мақсатына бағындырып, тыл мен майданды байланыстырып, біріге, белсенді еңбек ету міндеті қойылды. Отанды бір кісідей қорғап, ерлік көрсетуге жұмылдырған Үндеулер қабылданды. Туған жерді жан аямай қорғауға деген ниеттерін білдірді.




Мәтінмен жұмыс  «Оқып үйренейік» айдарында берілген «Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері» жайында постер қорғалады.


1-топ: «Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі»


2-топ: «Қаһарман партизандардың ерлігі»


3-топ: «Еңбекшілердің тылдағы еңбектері»






«Бүкіл өмір бойғы ерлік» тақырыбында 3 топ өзара бір-біріне сұрақтар қояды.

1.Ерлік деген не? 2.Қайсарлық пен батылдық неліктен егіз ұғым?

3.Ерік-жігер әр адамда болатын қасиет саналады ма?

4. Өмірдегі қиыншылықтарды қалай қабылдайсың?

5. Өмірі ерлікке толы жандардың өмірі сізге сабақ бола ма?

6. Батырларды ерлікке жетелеген қандай күш деп ойлайсыңдар?

7.Қазақстанның майдандағы ерлігі туралы не білеміз?

8.Қазақстанда құрылған әскери құрама деген сөзді қалай түсінесіңдер?

9.Қаһарман партизандар туралы не білеміз?

10.Еңбекшілердің тылдағы ерен еңбегі?



Қорытынды сөз:

Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды.  Ұлы Отан соғысының жеңісі бейбіт күннің әр жылдары сайын ерекше сән-салтанатпен есте қаларлықтай, ұрпаққа өсиетті мұра болардай аталып өтуде. Майданға қатысқан соғыс ардагерлері мен тыл қаһармандарына айтарлықтай құрмет көрсетіліп, олардың ерліктері мен ерен еңбектері паш етіледі. Отан қорғауда қаза болған ерлер есімі еске алынып, «Тағзым» алаңындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылады.

Бүгінгі «Қазақ халқының ерлік істері» атты тәрбие сағатын елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Сын сағатта ерлігіміз де, елдігіміз де бойымыздан табылады» деген сөзімен қорытындылаймыз.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2018
878
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі