400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтыңдара тұлғасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының маңдайына біткен дара

тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы


Қазықбаева Жұлдыз


Қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы.

Қазақ халқы қаншалықты кеңпейіл, даласындай дархан, жазындай жайдары, қонағын құдайындай құрметтеген, салт-дәстүрін ұлықтаған, кең далада еркін өскен ұлы халық.

Басынан сан қилы замандарды өткерсе де, тектілігін жоғалтпаған халық. Сол тектілікті ұл-қыздарына қаны мен жаны арқылы бере білген. Міне, осындай халықтан ұлықты ұлдар мен текті қыздар дүниеге келген. Олар халық, ел, тілі үшін құрбан болған қазақ халқының саңлақтары. Өз ұрандарымен, іс-әрекетімен осыны дәлелдей білді және дәлелдеді де.

Қазақ халқынан қай заманында болсын елімдер тұлғалар дүниеге келді. Олардың әрқайсысының орны ерек.

Мен осындай бір қазақ халқының жанашыр ұлы - Ахмет Байтұрсынұлы жайлы сөз қозғалады.

Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен ақ адамның сағын сындырар Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол - қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы.

Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет Байтұрсынұлы, орыстың белгілі жазушыларының еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахмет Байтұрсынұлының қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі-бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.

Қазақтың ұлттығы мен егемендігін бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзі танып, мойындап отырған тұста ғасырдан ғасырға жеткен мəдени мол мұраларымыз ел игілігіне айналуда. XX ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, ұлттық білім берудің негізгі ұстанымдары мен тұжырымдарын əлемдік контексте қарастырған əрі ғылыми тұрғыда негіздеген өміршең мақалаларын қалдырды.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ көсемсөзінің атасы. Өзінің көсемсөздерінде қазақ тағдырына байланысты сан алуан көкейкесті мəселелерді қозғап, халқына жеткізуге, көкірек көзін ашуға ұмтылған заманның озық ойлы азаматы еді. ел есінде өзінің өнеге болар өмірімен, шығармаларымен қалды. Ол кісі данышпандығы мен ұлылығын өз кезінде-ақ мойындатқан. Ахмет Байтұрсынұлы сөздерінің жаңғырығы бүгінгі ұрпақтарын да бейтарап қалдырмады. Ұлттық тəуелсіздік, ұлттық армия, ұлттың өзін-өзі басқару туралы концепцияларды Ахмет Байтұрсынұлы мүше болған «Алаш» партиясы іске асыра алмай арманда кетсе, бүгінгі ұрпақтары сол идеяларды жүзеге асыру үшін күресуде. Сондықтан да халқының Ақаңдай адамдары сол халқы барда мəңгі жасайды, тарих көшінде ұмытылып қалмайды.

  Сәкен Сейфуллин баға беріп, Ахмет Байтұрсынұлы туралы былай депті: «...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды. Халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті».

Мұхтар Әуезов былай депті: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахмет Байтұрсынұлының ілімдері - әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі - қазіргі жаңа заманға өте керек.

Міне, Ахмет Байтұрсынұлы салған сара жол жүгінгі күннің негізі. Сол өзі өмір сүрген тұсында жазып қалған құндыда баға жетпес еңбектері бүгінгі күні қолданыста. Бұл Ахмет Байтұрсыновтың даналығы, даралығы деп білемін. Қазақ тілінің, қазақ жазуының бастауы Ахмет Байтұрсыновтан бастау алып, бүгінгі күнде елімізжетіп отырған жетістіктердің алтын көзі. Қазақ халқы өзінің ұланымен әрқашанда мақтан тұнады, әрі бағалап, ардақтамақ.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі