Материалдар / Қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани байлығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани байлығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерінт таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құнды екеніне көз жеткізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
1261
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани байлығы.


Мақсаты:

Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерінт таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құнды екеніне көз жеткізу.

Дамытушылығы:

Материалдық мәдениет және рухани байлық туралы түсініктерін кеңейту,мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу,қазақ халқының материалдық мәдениеті мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту,өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

Тәрбиелілігі:

Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктері: Слайдтар, қолдан жасалған бұйымдар, ақын-жазушылардың еңбектері, суреттер.

Өткізілу әдістері: сұрақ-жауап, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыстарын көрсету.

Жүргізілу барысы:

Мұғалім сөзі: Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Керісінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.

Екіншіден, мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.


Үшіншіден, және де бұл ең бастысы, мәдениеттің мазмұны адамды “жасау”, тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады, яғни адамның биологиялық жағынан тұлға болуы (әлеуметтік адам).

Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. . Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады

Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым., құқық, саясат. Дәріс мақсаты; Мәдениеттің түрлері: өнер, дін, мораль, ғылым., құқық, саясат. Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа . Сонымен қатар, мәдениет - адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Оны латын тілінде аударғанда «байлау», екінші «қайта оралу» дегенді білдіреді. Дін қоғамды бүкіл адамзатты жақсылыққа бастаушы. Діндердің ортақ ерекшелігі- халықты тіәртіпке, мәдениеттілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, инабаттылыққа шақырады. Дін мәдениетпен шектелмейді. Ол мемлекетпен, саясатпен, басқада түрлі салалармен тығыз байланысты.






Руханият-адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, санасының жоғарлығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі.

Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді.

Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Мәдениет әр түрлі құндылықтардың бірлігі ретінде адамды рухани бостандыққа жетектейді. Рухани құндылықтар өмірге мағына береді, болашаққа жол ашады. Руханиятты қадірлейтін қоғамның ғана болашағы бар.Рухани мәдениет байлығы адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты, қадірі, адамшылығы, ұяттылығы, тәрбиелігі, зиялылығы, қарапайымдылығы арқылы көрінеді. Адамның адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы- руханилықтың негізі. Ал өнер, әдебиет, ғылым мен білім адамға тәрбиелеу мен еңбектену арқасында келеді.

Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.Тіл- аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі рөлі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.





Қорытындылау

Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін қалай таныстырар едіңдер?

«Мәдениетім-мақтанышым, рухани байлығым!» ( өнерлерін көрсету)






















Қарабұтақ орта мектебі







Қазақстан Тәуелсіздігінің

25 жылдығына арналған шара

Тақырыбы:

«Қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани байлығы»

(5-7 сыныптар )





Дайындаған: 9 сынып жетекшісі: Акмалаева М.Е.



2016-2017 оқу жылы



«Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара»









«Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара»









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!